Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
Әуе кемелерінің экипаждары үшін метеорологиялық ақпаратты ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2673 тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерін ұшуға дайындау ережесінiң 360-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«"360. Метеорологиялық құжаттың уақытында дайындалуын және экипаждарға оны жеткізілуін бақылау әуеайлақ метеорологиялық органға жүктеледі. Метеорологиялық құжаттар әуе кемесінің экипажына міндетті белгілеумен әуеайлақ метеорологиялық органның кеңсесінде беріледі.";
мынадай мазмұндағы 373-тармақпен толықтырылсын:
"373. Экипаждардың дайындығын ұйымдастыратын авиакомпанияның әміршіл-ұшу құрамы, әуе кемесін пайдаланушыларының инспекторлық органдары әуе кемелерінің экипаждарында ұшу алдындағы ақпараттың толық пакеті болуына тексерісті жүзеге асырады".
2. Әкімшілік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (Қ.Ш. Малдыбаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеумен қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары С.Н. Қожаметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі
2007 жылғы 16 мамыр