Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4708 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген), Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 жылғы маусым, 111-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы кандидаттың тиісті немесе жоғары лауазымды қызметке тағайындалуына уәкілетті органмен осының алдында келісілген жағдайда қаржы ұйымының уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге қайта тағайындалған (қайта сайланған) қаржы ұйымының басшы қызметкерін уәкілетті органмен келісу тиісті емес.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қаржы ұйымы кандидатын уәкілетті органға келісу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес ұсынылған мәліметтер жайлы көрсетіп, еркін нысанда жасалған өтінішке қаржы ұйымы құжаттамалық жағынан тексеруі және қол қоюы тиіс:
      қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысын - директорлар кеңесінің мүшелерін, бірінші басшысын және қаржы ұйымының басқарма мүшелерін тағайындау (сайлау) кезінде;
      қаржы ұйымы басқармасының бірінші басшысын (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысын не оның орынбасарын - директорлар кеңесінің бірінші басшысын, қаржы ұйымының бас бухгалтерін және өзге басшы қызметкерлерін тағайындау (сайлау) кезінде;
      осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымының құрылтайшыларының (қатысушыларының) бірі (жаңадан құрылған қаржы ұйымы не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін) - қаржы ұйымының бірінші басшысын және директорлар кеңесінің мүшелерін, сақтандыру брокерінің бірінші басшысын, тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау (сайлау) кезінде;
      2) басқарма мүшесі, қаржы ұйымы құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды және банк операциялары, сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет, бағалы қағаздар рыногында мәмілелерді жүзеге асыратын қаржы ұйымының өзге басшысы қызметіне кандидаттың қызметтік нұсқаулығының көшірмесін;
      3) қаржы ұйымының уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) туралы шешімінің көшірмесін;
      4) осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес электронды және қағаз жеткізушідегі кандидат туралы мәліметтер;
      5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      6) кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растайтын құжаттар:
      осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған ұсыным хаттар (осы Ереженің 4-2-тармағында көрсетілгендей екі адамнан кем емес);
      уәкілетті мемлекеттік орган құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізетін анықтамалар нысанында берген экономикалық қызмет саласындағы немесе орта дәрежелі, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растаушы құжатты (аталған құжатты беру күні өтінішті беру күнінің алдындағы үш айдан артық болмауы тиіс). Шетелдік азаматтар өз елінің азаматтығымен, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінің тиісті мемлекеттік органы берген соған ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсыным жасаушы тұлғадан қосымша мәліметтер сұратады.";

      мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-2. Ұсыным жасаушы тұлғалар мыналар болуы мүмкін:
      1) "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі";
      2) оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, қаржы ұйымдарының бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) және басқарма мүшелері;
      3) қаржы ұйымдарының басшылары - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірі берген BB+-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еместері - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қаржы ұйымдарының басшы лауазымды қызметкерлерінің кандидаттарын келісу кезінде.
      Басшы қызметкер, акционер, кандидатты келісу туралы өтініш жасайтын қаржы ұйымының құрылтайшысы, кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) - ұсыным жасаушы бола алмайтын тұлғалар болып табылады.
      4-3. Осы Ереженің 4-тармағында аты аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының мөр бедерімен расталады.";

      12-тармақта:
      1), 2) тармақшалардағы "Басқарманың бірінші басшысын" деген сөздерден кейін "(тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы "Басқарманың бірінші басшысын" деген сөздерден кейін "(тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5), 6) тармақшалардағы "әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшадағы "қаржылық қызмет көрсетуге" деген сөздерден кейін "немесе әкімшілік, ақпараттық-технологиялық функцияларды, сондай-ақ қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      23-1-тармақта:
      2) тармақшада:
      "не дәлелді себепсіз тестілеуге келмей қалу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын кезең мерзімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімі бойынша аяқталуы бойынша құжаттарды ұсыну.";
      1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 1-1, 1-2 қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасарлары Е.Л.Бахмутоваға және Ғ.Н.Өзбековке олардың функционалдық міндеттеріне сай жүктелсін.

       Төраға

                                Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                қадағалау агенттігі Басқармасының
                                2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120
                                қаулысына 1-қосымшасы

                                "Қаржы ұйымдарының басшы
                                 қызметкерлерін тағайындауға
                                (сайлауға) келісім беру ережесінің
                                1-қосымшасы

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидат
                      туралы қысқаша деректер

_________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6.   Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi,
балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының)
ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәліметтер:

N

Фамилиясы, аты,
әкесінің аты
(бар болса)

Туған жылы

Туысқандық
қатынастары

Жұмыс орны және
қызметі

1. 





        7. Кандидаттың заңды тұлғаның жарғы капиталына немесе акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның
атауы және
тұратын орны

Заңды тұлға қызметінің
жарғылық түрлері

Жарғы
капиталындағы
қатысу үлесі
немесе кандидатқа,
заңды тұлғаның
дауыс беруші
акцияларының жалпы
санына тиесілі
акциялар санының
ара қатынасы
(пайызбен)

1. 




        Осы ақпаратты мен тексергенімді және оның шынайы және толық екендігін растаймын.
      Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________
                                              (баспа әріптерімен)
      Күні ________________________________
      Қолы ________________________________"
 

                                  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                қадағалау агенттігі Басқармасының
                                2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120
                                қаулысына 2-қосымшасы

                                "Қаржы ұйымдарының басшы
                                қызметкерлерін тағайындауға
                                (сайлауға) келісім беру ережесінің
                                1-1-қосымшасы

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың
               мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

1. Білімі

Оқу орнының
атауы

Келіп
түскен
күні -
аяқталған
күні

Маман-
дығы

Білімі туралы
дипломның
деректеме-
лері,
біліктілігі

Оқу орнының
орналасқан орны






        2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер      

Ұйымның атауы

Өткізу күні және
орны

Сертификат деректемелері




        3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс
кезеңі

Жұмыс
орны

Қызметі

Тәртіптік
шара
қолданудың
болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен
босану себептері






   

           4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктер:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
        5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы
орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер

Күні

Сот
органы-
ның
атауы

Соттың
тұратын
орны

Жазаның
түрі

1997 жылғы 16
шілдедегі
Қазақстан
Республикасы-
ның Қылмыстық
Кодексінің
бабы

Соттың
процессуалды
шешімді
қабылдаған күні







        6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
     (аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету)
      7. Осының алдында банкрот болып табылған не лицензиясынан айыру, еріксіз тарату, консервация, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болды ма:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауын, қызметін, жұмыс кезеңін көрсету)
      8. Кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісу туралы ұсынып отырған қаржы ұйымымен аффилиирлігінің болуы (болмауы):
________________________________________________________________________________________________________________________________________
                 (иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)
      9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
   (иә/жоқ, күнін және ықпал ету шарасын кім қолданғанын көрсету)
      10. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(иә/жоқ, соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші - қаржы
         ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
 
        11. Ұсыным жасаушы тұлғаларды көрсеткен ұсыным хаттарының болуы: ___________________________________________________________________  ___________________________________________________________________
      12. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып табылатындығын растаймын.
      Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
                                                (баспа әріптермен)
      Күні ________________________________
      Қолы _______________________________

                              Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін
                              тағайындауға (сайлауға) келісім беру
                              ережесінің 1-2-қосымшасы

                            Ұсыным хат

__________________________________________________________________
(қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған кандидаттың
           фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
 
  Мен___________________________________________________қызметіне
         фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметінің атауын көрсету)
____________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған
кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________ ұсынамын.
 
  1. Кандидаттың сипаттамасы__________________________________________
____________________________________________________________________
2. Кәсіби жарамдылық бағасы_________________________________________
____________________________________________________________________
3. Кәсіби қызметтегі жетістіктер____________________________________
____________________________________________________________________
4. Жеке сипаттамалар________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кандидаттың мықты және осал тұстары______________________________
____________________________________________________________________
6. Жүктелген міндеттерді орындай білу қабілеттігі___________________
____________________________________________________________________
7. Потенциал және мүмкіндіктер______________________________________
____________________________________________________________________
8. Қабылданатын шешімдердің тиімділігі______________________________
____________________________________________________________________
9. Жалпы жұмыс нәтижесіне қосылған жеке үлес________________________
____________________________________________________________________
10. Адамдармен өзара қарым-қатынасы_________________________________
____________________________________________________________________
11. Кандидатқа баға беру үшін пайдалы болуы мүмкін өзге ақпарат___________
____________________________________________________________________

      Осы ұсынымды беруші тұлға қызметі
     _______________________________________________________________
      Ұсыным берушінің жұмыс орны
     _______________________________________________________________
      Байланыс телефоны ____________________________________________
      Ұсыным берушінің қолы______________________
      Күні ___________________"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады