Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4168. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35  қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауындағы және 1-тармақтағы "қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу" деген сөздер "қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесінде:
      атауындағы "қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу" деген сөздер "қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - қаржы ұйымы) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, сондай-ақ келісім алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.
 

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді (бұдан әрі - келісу). Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.";

      2-тармақ алынып тасталсын; 

      4-тармақта:
      1) тармақшада:
      "Төрағасы", "Төрағаны", "төрағасы" деген сөздер тиісінше "бірінші басшысы", "бірінші басшыны", "бірінші басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "құрылтайшылардың (қатысушылардың)" деген сөздердің алдынан "қаржы ұйымы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін" деген сөздердің алдынан "жаңадан құрылатын қаржы ұйымы үшін не" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      "2) Басқарманың бірінші басшысы (сақтандыру брокерінің бірінші басшысы) лауазымына кандидатты, Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымына кандидатты, бас бухгалтерді қоспағанда, кандидаттың лауазымдық нұсқаулығының көшірмесін;";

      3) тармақшадағы "немесе шешімінен үзіндіні" деген сөздер алынып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар үшін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін құқықтық статистиканы қалыптастыру мен арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген анықтама нысанындағы сотталмағандығын немесе сотталғандығын жоюды растайтын құжатты (көрсетілген құжаттың берілген күні өтінішті беру күнінің алдындағы 3 (үш) айдан астам болмауы тиіс). Шетел азаматтары олардың азаматтығы бар елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар олар тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген дәл осындай мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады;";

      4-1-тармақ алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда не ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қаржы ұйымы жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды қарамай қаржы ұйымына қайтарады.";

      6-тармақтағы"Біліктілік" деген сөз алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Хаттамамен рәсімделген Комиссияның ұсынымы бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім уәкілеті органның бірінші басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген негіздер бойынша шақырылып алынуы мүмкін.";

      12-тармақта:
      1) тармақшадағы "атқарушы органның бірінші басшысын" деген сөздер "Басқарманың бірінші басшысын және сақтандыру брокерінің бірінші басшысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы"атқарушы органның бірінші басшысы" деген сөздер "Басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері лауазымына кандидаттар;";

      4) тармақшада:
      "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, -" деген сөздер алынып тасталсын;
      "қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы" деген сөздер "Басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:
      "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      "қаржы ұйымының бас бухгалтері және оның орынбасары, атқарушы органының бірінші басшысының орынбасары, Басқарма мүшелері;" деген сөздер "қаржы ұйымының Басқарма мүшелері, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшада:
      "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;

      8) тармақша алынып тасталсын;

      13-тармақтың екінші абзацындағы "Комиссия төрағасы" деген сөздер "уәкілетті органның бірінші басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      "23-1. Қаржы ұйымының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім мынадай себептермен берілмеуі мүмкін:
      1) басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі.";

      25-тармақта"ұсынылған құжаттардағы өзгерістер" деген сөздерден кейін", сондай-ақ басшы қызметкерлерін басқа лауазымға аударуды және жұмыстан шығаруды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгерістер" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшада:
      "2. Кәсіби деректер" деген кестеде:
      бірінші бағанның, реттік нөмірі үш, жолында "Қаржылық қызмет көрсету" деген сөздерден кейінжәне (немесе) реттеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бағанның, реттік нөмірі төрт, жолында"Басшылық лауазымдағы" деген сөздердің алдынан "Қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Еңбек қызметі туралы мәліметтер:" деген кестеде:
      екінші бағанда "Жұмыс кезеңі" деген сөздерден кейін "(айы/жылы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "3. Басқа мәліметтер:" деген кестеде:
      бірінші бағанның, реттік нөмірі бір, жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар үшін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе жойылмаған соттылығының болуы";

      реттік нөмірі екі, жолы алынып тасталсын;

      2-қосымшада:
      "Біліктілік жөніндегі комиссияның", "Біліктілік жөніндегі комиссиясының" деген сөздер тиісінше "Комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады