Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 118 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4709 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 232 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 Қаулысымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. ...
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4709 тіркелген).
      4. Осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ............

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен тіркелген брокерлердің және (немесе) дилерлердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. Агенттік Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4419 тіркелген,»"Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 10 қарашада N 197 (1177) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесінде:
 

      1-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      11) тармақша алынып тасталсын;
      14) тармақшада»"." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) өтініш иесінің оны құру мақсаттарын ашатын бизнес-жоспары, қызметінің негізгі бағыттарын және оған өтініш иесі бағдар жасаған рынок сегменті, қызмет көрсету түрлері, маркетинг жоспары, өтініш иесінің кәсіптік қызметімен байланысты тәуекелдер және оларды азайтудың тәсілдері, қаржылық перспективалар (есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың есептері), еңбек ресурстарын тарту жоспары;
      16) осы Ереженің 1-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.";
 

      2, 3-тармақтар алынып тасталсын;
 

      9-тармақта "және 11)" деген сөз және цифр алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Қаржы орталығының қатысушысы өтініш негізінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтаруды қызметтің осы түрі бойынша барлық міндеттемелерді Қаржы орталығының қатысушысы орындағаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
      Лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты Қаржы орталығының қатысушысы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында оны уәкілетті органға қайтарған күнге дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялайды. Қаржы орталығының қатысушысы уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтару барысында өтінішпен бір уақытта осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың орындалғанын растау жайлы хат ұсынылады.";
 

      11-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мінсіз іскерлік беделі болмаса;";
      4) тармақшадағы "қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу" деген сөздер "қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) кандидатты келісілу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 3, 3-1 қосымшаларына сәйкес ұсынылған мәліметтер көрсетіле отырып, еркін нысанда құрастырылған өтінішті өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) құжаттамалық тексерді және қол қойған:
      өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) директорлар кеңесінің мүшелерін, басқарманың бірінші басшысын және мүшелерін  тағайындау (сайлау) барысында - өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) директорлар кеңесінің бірінші басшысы;
      өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) директорлар кеңесінің бірінші басшысын, бас бухгалтерін және өзге басшы қызметкерлерін тағайындау (сайлау) барысында - өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) басқармасының бірінші басшысы;
      директорлар кеңесінің бірінші басшысын және мүшелерін тағайындау (сайлау) барысында - (қайта құрылатын өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) үшін не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) үшін) осы құжатқа қол қоюға уәкілетті өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) құрылтайшыларының (қатысушыларының) бірі;
      2) кандидаттың лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі, директорлар кеңесінің бірінші басшысының және мүшелерінің, бас бухгалтердің лауазымына кандидатты қоспағанда;
      3) кандидатты сайлауға (тағайындауға) уәкілетті өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) органы шешімінің көшірмесі;
      4) осы Ереженің 3, 3-1 қосымшаларына сәйкес электронды және қағаз жеткізушілердегі кандидат туралы мәліметтер;
      5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      6) кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растайтын құжаттар:
      осы Ереженің 3-2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыным хаттар (кемінде осы Ереженің 15-1-тармағында көрсетілген екі тұлғадан);
      уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу (аталған құжатты берген күн өтінішті беру күнінің алдындағы үш айдан артық болуы тиіс емес) жөніндегі анықтама нысанында берілген экономикалық қызмет саласындағы  қылмыстары немесе ауырлығы орташа қылмыстары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын құжат; Шетелдік азаматтар қосымша олар азаматы болып саналатын елдің тиісті мемлекеттік органы берген осыған ұқсас мазмұндағы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олар тұрақты тұратын елдің құжатын береді.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың сенімділігін тексеру қажеттілігі жағдайында тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсыныс жасаған тұлғадан қосымша мәліметтер сұрайды.";
 

      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "15-1. Ұсыныс беретін тұлғалар болуы мүмкін:
      1) "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігі;
      2) директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, уәкілетті органнан оларды тағайындауға (сайлауға) келісім алған қаржы ұйымдарының бірінші басшысы (тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органы функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және басқарма мүшелері;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісілу барысында - тізбесі уәкілетті органмен белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірімен берілген ВВ+ кем емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасы резидент емес қаржы ұйымдарының басшылары.
      Ұсыныс жасайтын тұлғалар өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) басшы қызметкері, акционері, кандидатты келісілу туралы өтініш жасаушы құрылтайшысы, кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, әпкесі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, ағасы, әпкесі, балалары) бола алмайды.
      15-2. Осы Ереженің 15-тармағында санамаланған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының екінші жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш иесінің мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысы) лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш иесі (Қаржы орталығының қатысушысы) мөрінің бедерімен куәландырылады.";
 

      22-тармақтың:
      бірінші абзацта "жатқызылуы мүмкін" деген сөздерді "жатқызылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшадағы:
      "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын;
      ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
 

      33-тармақта "құжаттарды қарамай, қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш иесіне (Қаржы орталығы қатысушысына) қайтарып береді" деген сөздерді "ескертулерді көрсете отырып, өтініш иесіне (Қаржы орталығы қатысушысына) жазбаша жауап береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      34-тармақтың 3) тармақшасын "не дәлелді себептерсіз тестілеуге келмеу" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      39-тармақта "уақытша тоқтатылған, кері қайтарып алынған" деген сөздер "қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған, қолданысы тоқтатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      40-тармақта:
      "кері қайтарып алу" деген сөздер "қайта ресімдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жаңарту" деген сөздің алдынан "қолданылуын" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-қосымша:
      Акционер (қатысушы) туралы мәліметтерде (жеке тұлға үшін):
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Өтініш иесінің (өтініш иесінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) акцияларын төлеуге ақша салу алдындағы өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) меншікті қаражатының мөлшері және өтініш иесінің (өтініш иесінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) акцияларын төлеуге салынған ақша
_______________________________________________________________
_________________________________________________________________";
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда 1-1 қосымшамен толықтырылсын;
      3-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 3-1, 3-2 қосымшалармен толықтырылсын.
 

      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап, қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, тоғызыншы, он сегізінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
 

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігінің Төрағасы
___________________
8 мамыр 2007 жылғы

                                Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                   және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                  қадағалау агенттігі Басқармасының
                                      2007 жылғы 30 сәуірдегі
                                         N 118 қаулысының
                                           1-қосымшасы

                                   "Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                 орталығының қызметін реттеу жөнінде
                                уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                    заңды тұлғаларға брокерлік және
                                   (немесе) дилерлік қызметті жүзеге
                                    асыру жөнінде лицензияларды беру
                                   және олардың басшы қызметкерлерін
                                           келісу ережесінің
                                             1-1 қосымшасы

___________________________________________________________________
                (уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
                 (өтініш берушінің толық атауы)

                             Өтініш

      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлға ретінде
брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия
беруді сұраймын.
      Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан орны:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
____________________________________________________________________
                           (телефон, факс)
2. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана
және парақ саны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері)
өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) сенімділігіне
толығымен жауапкершілікті алады.
      Өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің
аты (бар болса)____________________________________________________
____________________________________________________________________
                                                           (қолы)
"___" _____________ 200__жылғы
Мөр орны"

                                Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                   және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                  қадағалау агенттігі Басқармасының
                                      2007 жылғы 30 сәуірдегі
                                         N 118 қаулысының
                                           2-қосымшасы

                                   "Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                 орталығының қызметін реттеу жөнінде
                                уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                   заңды тұлғаларға брокерлік және
                                  (немесе) дилерлік қызметті жүзеге
                                   асыру жөнінде лицензияларды беру
                                  және олардың басшы қызметкерлерін
                                         келісу ережесінің
                                            3-қосымшасы

          Өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы
       қызметкерінің лауазымына кандидат туралы қысқаша деректер
____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының) атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6 . Ері (зайыбы),  жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, әпкесі,
балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,
ағасы, әпкесі, балалары) туралы мәліметтер:

N

Фамилиясы, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Туған жылы

Туысқандық
қатынастары

Жұмыс орны және
қызметі

1.





7. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе
акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы
және орналасқан орны

Заңды тұлға
қызметінің жарғылық
түрлері

Жарғылық капиталдағы
қатысу үлесі немесе
кандидатқа тиесілі
акциялардың заңды
тұлғаның дауыс беретін
акцияларының
жалпы санына
арақатынасы
(пайызбен)

1.




       Осы ақпаратты мен тексергенімді және оның шынайы және толық
екендігін растаймын.
      Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
                                                (баспа әріптерімен)
Күні ___________________________________
Қолы ________________________________"

                                Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                   және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                  қадағалау агенттігі Басқармасының
                                      2007 жылғы 30 сәуірдегі
                                         N 118 қаулысының
                                           3-қосымшасы

                                     "Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                 орталығының қызметін реттеу жөнінде
                                уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                    заңды тұлғаларға брокерлік және
                                   (немесе) дилерлік қызметті жүзеге
                                    асыру жөнінде лицензияларды беру
                                   және олардың басшы қызметкерлерін
                                           келісу ережесінің
                                             3-1 қосымшасы

        Өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы
    қызметкерінің лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі
                          туралы мәліметтер

1. Білімі

Оқу орнының
атауы

Келіп
түскен
күні -
аяқтаған
күні

Мамандығы

Білімі туралы
дипломның
деректемелері,
біліктілігі

Оқу орнының
орналасқан
жері






2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
курстардан өту туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Өткізу күні және орны

Сертификат
деректемелері




3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс
кезеңі

Жұмыс
орны

Лауазымы

Тәртіптік шара
қолданудың болуы

Жұмыстан шығу,
қызметтен босату
себептері






4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктер:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы
орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған
немесе өтелмеген соттылығының бар болуы жөніндегі мәліметтер

Күні

Сот
органының атауы

Соттың
орналасқан орны

Жазаның
түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі
Қазақстан
Республи-
касының
Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың
процессу-
алды
шешімді
қабылдаған күні







6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен
заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер
                  сомасын көрсету қажет)
7. Бұрын банкрот болып танылған не оған қатысты лицензиядан айыру,
мәжбүрлеп тарату, консервация, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болды ма:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
8. Басшы қызметкердің лауазымына кандидатты келісу туралы ұсыныс
беретін өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының)
аффилиирленгендігінің болуы (болмауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
               (иә/жоқ, аффилиирлену белгілерін көрсету)
9. Қадағалау органының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндетін
орындаудан шеттету туралы деректердің болуы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, күні көрсетілсін және кім ықпал ету шарасын қолданған)
10. Қаржылық қызмет көрсету мәселесі бойынша сот талқылауында
жауапкер есебінде қаржы ұйымының басшысы ретінде тартылды ма:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (иә/жоқ, күні көрсетілсін, сот талқылауындағы қаржы
ұйымының-жауапкердің атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі)
11. Ұсыным жасаушы тұлғаларды көрсеткен ұсыным хаттарының болуы:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып
табылатындығын растаймын.
     Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________
                                               (баспа әріптермен)

      Күні _______________________
      Қолы ____________________

                                      Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                 орталығының қызметін реттеу жөнінде
                                уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                   заңды тұлғаларға брокерлік және
                                   (немесе) дилерлік қызметті жүзеге
                                   асыру жөнінде лицензияларды беру
                                   және олардың басшы қызметкерлерін
                                           келісу ережесінің
                                             3-2 қосымшасы

                           Ұсыным хат

__________________________________________________________________
     (өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы
  қызметкерінің лауазымына кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты
                           (бар болса))
Мен___________________________________________________________
            (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________________________________________
       (өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы
қызметкерінің лауазымына кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты
                        (бар болса))
_________________________________________________________ лауазымына
(өтініш берушінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы
       қызметкерінің лауазымының атауы көрсетілсін)
ұсынамын.

1. Кандидаттың мінездемесі _________________________________________
____________________________________________________________________
2. Кәсіби жарамдылығын бағалау _____________________________________
____________________________________________________________________
3. Кәсіби қызметтегі жетістіктері __________________________________
____________________________________________________________________
4. Жеке сипаттамалары  _____________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кандидаттың мықты және осал тұстары _____________________________
____________________________________________________________________
6. Жүктелген міндеттерді орындай білу қабілеті _____________________
____________________________________________________________________
7. Потенциалы және мүмкіндіктері ___________________________________
____________________________________________________________________
8. Қабылданатын шешімдердің тиімділігі _____________________________
____________________________________________________________________
9. Жалпы жұмыс нәтижесіне қосылған жеке үлесі_______________________
____________________________________________________________________
10. Адамдармен өзара қарым-қатынасы ________________________________
____________________________________________________________________
11. Кандидатқа баға беру үшін пайдалы болуы мүмкін өзге ақпарат
____________________________________________________________________
      Осы ұсынымды беруші тұлғаның лауазымы
_______________________________________________________________
      Осы ұсынымды беруші тұлғаның жұмыс орны
_______________________________________________________________
Байланыс телефоны _____________________________________________
Осы ұсынымды беруші тұлғаның қолы ________________
Күні _________________"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады