"Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4754 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2008.06.12  N 340 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің»"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы  N 511 қаулысын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2007 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізудің мынадай мерзімдері белгіленсін:
      құжаттарды қабылдау - 2007 жылғы 1 шілде - 31 қазан аралығында;
      конкурстық іріктеу өткізу - 2007 жылғы 10 желтоқсанға дейін.

      2. Шетелде оқу үшін таңдаған бағыты бойынша үміткерлердің дайындық деңгейін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-мен (Қ. Дайырова) бірлесіп, 2007 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарын  анықтау регламентін әзірлеп, бекітуге енгізсін.

      4. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен (К. Құрманәлиев) бірлесіп:
      2007 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде 2007 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде шетелде оқыту үшін ұқсас мамандықтардың тізбесін бекітуге ұсынсын;
      Қазақстан Республикасы Бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуішінде үміткердің жоғары оқу орнында алған мамандығының атауы болмаған немесе өзгеше аталған жағдайда үміткерлердің іс қағаздарының ұқсастығын қарасын және жеке тәртіппен конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдасын.

      5. Дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Ырсалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 8 маусымдағы
N 300 бұйрығына қосымша

Шетелде оқу үшін таңдаған бағыты бойынша үміткерлердің дайындық деңгейін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы

      1. Айтбай Қайрат Орынбайұлы - ҚР БҒМ аппаратының басшысы;
      2. Нұрғожин Марат Рахмалиұлы - ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі;
      3. Абылайхан Ақерке - ҚР БҒМ Дамыту стратегиясы департаментінің  бағдарламаларды іске асыру бөлімінің бастығы;
      4. Дайырова Қадиша Нұрділдәқызы - "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Президенті;
      5. Ноғайбаев Тимур Сатылғанұлы - "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Оқуды ұйымдастыру және мониторинг басқарма бастығының міндетін атқарушы;
      6. Омарходжаев Әнуар Сағынәліұлы - ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің басшысы;
      7. Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы - "Биотехнология ұлттық орталығы" РММ-нің бас директоры;
      8. Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - "Химия-технологиялық зерттеулер орталығы" РММ бас директоры (келісім бойынша);
      9. Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы - "Қазғарыш ҰҚ" АҚ басқармасының мүшесі (келісім бойынша);
      10. Ысқақов Жәнібек Сапарұлы - "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-тың Президенті (келісім бойынша);
      11. Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Балалар хирургиясы мен педиатрия орталығының директоры (келісім бойынша);
      12. Орсариев Арын - Астана каласы әкімшілігі Ішкі саясат департаментінің директоры (келісім бойынша);
      13. Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бірінші проректоры (келісім бойынша);
      14. Нүсіпова Әсел Бекқызы - "Ғылым қоры" АҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша);
      15. Аязбеков Әнуар Ермекұлы - Экономикалық стратегиялар институтының ғылыми қызметкері (келісім бойынша);
      16. Стенли Курриер - ҚР-дағы Халықаралық білім жөніндегі Американдық Кеңестерінің директоры (келісім бойынша);
      17. Эва Портиус - DAAD басшысы (келісім бойынша);
      18. Ханс-Юрген Кайльхольц - ҚР-дағы ГФР елшілігінің кеңесшісі (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады