Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 226 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2841 болып тіркелген; Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 29-32, 965-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта "сертификатын" деген сөз "паспортын" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарда:
тақырыбында "сертификатын" деген сөз "паспортын" деген сөзбен ауыстырылсын;
кіріспеде ", "Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттағанда және ішкі рынокта сатқанда керекті құжаттарды ресімдеу тәртібін жеңілдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21 қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша "сертификат", "сертификатта", "сертификаты", "сертификатын", "сертификатында", "сертификатының" деген сөздер тиісінше "паспорт", "паспортта", "паспорты", "паспортын", "паспортында", "паспортының" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "стандартқа", "стандарт", "стандарттың", "стандартты", "стандартпен" деген сөздер "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша ", техникалық шарттардың", ", техникалық жағдайлармен" деген сөздер алынып тасталсын;
2, 3-тармақтарда "стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "тіркеу жөніндегі орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың:
бірінші азат жолында "өтініш (1-қосымша)" деген сөздер "осы талаптардың 1-қосымшасына сәйкес астық сапасына сараптама өткізуге өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші азат жол алынып тасталсын;
11-тармақта "астықты тасымалдауға жарамдылығы" деген сөздер "зиянкестермен залалдануы" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Талаптардың 11-тармағында көрсетілген жағдайлардың біреуі белгілі болғанда осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес көлік құралын жарамсыз деп тану актісі жасалуы керек.";
14-тармақта:
"(4-қосымша)" деген сөз "осы Талаптардың 4-қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(5-қосымша)" деген сөз "осы Талаптардың 5-қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың:
бірінші азат жолында "басқа" деген сөзден кейін "астық сапасының сараптамасы жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші азат жол мынадай редакцияда баяндалсын:
"Бұл жағдайда алынған, мөрленген және астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертхананың маманы мен өтініш беруші қол қойған сынама осы Талаптардың 6-қосымшасына сәйкес өтінішпен бірге басқа астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаға жіберілуі тиіс. Осы көрсеткіш бойынша сынау жүргізген астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертхана сынау нәтижесін осы Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес беруі тиіс.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Сынау нәтижелері осы Талаптардың 8-қосымшасына сәйкес екі данада сынау хаттамасымен рәсімделуі және осы Талаптардың 9-қосымшасына сәйкес N 2 нысандағы журналға тіркелуі тиіс. Сынау хаттамасының бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада қалады.";
18-тармақта:
"(10-қосымша)" деген сөз "осы талаптардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші сөйлемде "көшірмесі" деген сөзден кейін "астық сапасының сараптамасы жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта "сынама" деген сөзден кейін "астық сапасының сараптамасы жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақта "мерзімін" деген сөзден кейін "астық сапасының сараптамасы жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақтың:
он бесінші азат жолында "Нормативтік құжаттар" деген сөздер "Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетінші азат жол мынадай редакцияда баяндалсын:
"Түрі" - стандарт бойынша түрдің нөмірі рим санымен қойылуы тиіс. Түрлердің қоспасына нөмірлерді және олардың құрамын көптігіне қарай қою керек.";
он сегізінші азат жол мынадай редакцияда баяндалсын:
"Түр-түрлері" - түр-түрлерінің нөмірі араб санымен қойылуы тиіс. Түр-түрлерінің араласқанын көптігіне қарай түр тармақтарының нөмірлері мен олардың құрамы көрсетеді.";
елу сегізінші азат жолында "мг/кг" деген сөздер "киллограммдағы миллиграммға" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақта "стандарттау, метеорология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен" деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақта "10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздер "осы Талаптардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астық рыногы саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақта "стандарттау, метеорология және сертификаттау жөніндегі" деген сөздер "астық рыногы саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Талаптардың 1, 3, 8, 9-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Талаптардың 2-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген Талаптардың 4, 5, 6, 7-қосымшаларында оң жақ жоғарғы бұрышында "сертификатын" деген сөз "паспортын" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген Талаптардың 10-қосымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрышында "сертификатын" деген сөз "паспортын" деген сөзбен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "сертификаты", "сертификатын", "сертификатының" деген сөздер тиісінше "паспорты", "паспортын", "паспортының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Нормативтік құжаттар" деген сөздер "Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарт" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 11 наурыздағы N 195 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 3545 болып тіркелген,
"Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 176-177 (801) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесінде:
барлық мәтін бойынша "сертификатта", "сертификаттағы", "сертификаттары", "сертификаттарымен", "сертификатты", "сертификаты", "сертификатымен", "сертификатын", "сертификатына", "сертификатының" деген сөздер тиісінше "паспортта", "паспорттағы", "паспорттары", "паспорттарымен", "паспортты", "паспорты", "паспортымен", "паспортын", "паспортына", "паспортының" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық, 2007 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші азат жолын есептемегенде, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология жөніндегі комитетінің төрағасы
______________________ Ғ. Мұхамбетов
2007 жылғы 18 мамыр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 355 бұйрығына 1-қосымша
Астық сапасының сараптамасы
тәртібіне және астық сапасының
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 1-қосымша
200_ж. "___"______________________
Астық сапасына сараптама жүргізуге N_____өтініш
Өтініш беруші_______________________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________________________
Телефоны, факсы_____________________________________________________
______________,____________________________________жеткізу станциясы
жеткізілетін ел
алушы_________________________тиеп жөнелтуге арналған,______________
атауы
_____________астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы, салмағы_____тонна
___________астығы партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймыз.
дақылдың атауы
Сараптама жасауға жататын астық_____________________________________
стандарттың және (немесе) келісім-шарттың нөмірі
талаптарына сай болуы тиіс.
Тиеп жөнелту____________________________________________жүргізіледі.
тиеп жөнелту күні
Сынама алу_______________________________________сәйкес жүргізіледі.
стандарттың нөмірі
Сынаулар мынадай көрсеткіштер және сынау әдістемелері бойынша
жүргізіледі:
________________ ____________________ ______________________________
көрсеткіш атауы стандарттың нөмірі норма
________________ ____________________ ______________________________
________________ ____________________ ______________________________
________________ ____________________ ______________________________
Нәтижелеріне қарамастан астықтың сапасын сараптау рәсімімен
байланысты шығындарды____________________шартқа сәйкес төлеуге
міндеттенеміз.
Өтініш беруші_____________ __________________
қолы Т.А.Ә
М.О.
Орындау үшін зертхана маманы______________________________жіберілді.
Орындалғаны туралы белгі:___________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 355 бұйрығына 2-қосымша
Астық сапасының сараптамасы
тәртібіне және астық сапасының
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 3-қосымша
Көлік құралын жарамсыз деп тану акті
200_жылғы "__"_______________ ___________________________________
АҚК атауы
Біздер, мына құрамдағы комиссия: астықтың сапасын сараптау
жөніндегі зертхананың маманы_______________________________________,
(зертхананың атауы, Т.А.Ә)
өтініш берушінің өкілі_____________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә)
астық қабылдау кәсіпорнының өкілі__________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә)
мынаны анықтадық____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________транспорт
(транспорт құралдарының атауы және N N)
құралдары мыналардың: бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен
иістің, зиянкестермен залалдануы (керегінің астын сызу қажет)
болғандығынан астықты тасымалдау үшін жарамсыз деп танылды.
Қолдар:
Маман:
Астық қабылдау кәсіпорнының өкілі:
Өтініш берушінің өкілі:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 355 бұйрығына 3-қосымша
Астық сапасының сараптамасы
тәртібіне және астық сапасының
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 8-қосымша
____________________________________________________________________
Астық сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың атауы
Мекен-жайы: 200_жылғы "__"__________
Телефоны/факсы: N_______тіркеу аттестаты
200_жылғы "__"__________________N_____ сынау хаттамасы
Парақтар саны __________
________________________________алу актісімен бірге түскен сынамалар
Сынаманы алған_______________________Сынама алынған орын____________
(кім)
Сынаманың түскен күні мен уақыты: 200_жылғы "__"___ ____сағ.____мин.
Өтініш беруші_______________________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________________________
200_ж. егін астығы. Партияның салмағы______Сынаманың салмағы________
Астықтың түрі_______________________Тегі___________сыныбы___________
____________________талаптарына сәйкестігіне сынау түрі______________
ТН ВЭД коды КП ВЭД коды (200_жылғы "__"____өтініш N)
Сынаулар жүргізілген күн
Көрсеткіштердіңатауы |
Сынау әдістеріне |
Өтініш бойынша |
Нақты |
Қоршаған ортаның температурасы, 0 С:
Орташа ылғалдылық, %:
Орындаушылар:
Зертхана меңгерушісі:
Сынаулар тіркеу шарттарына сәйкес жүргізілді.
Хаттама сынау жүргізілген сынамаға жүреді.
Астықтың сапасын сараптау жөніндегі____________________зертханасының
сынау хаттамасын ішінара немесе толығымен көшіріп басуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 355 бұйрығына 4-қосымша
Астық сапасының сараптамасы
тәртібіне және астық сапасының
паспортын беруге қойылатын
талаптарға 9-қосымша
N 2 нысан
Астық сапасының паспортын және
сынақ хаттамаларын тіркеу және беру
журналы
РетN№ |
Сынау хаттамасының N және күні |
Ескерту |
Сынау |
Астық № |
Астық |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |