Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 7 маусымдағы N 375 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2007 жылғы 29 маусымда N 4770 болып енгізілді

       Ескерту. Бұйрықтың күшіне ену тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      " Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " және»" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы заңдарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылдың 11 ақпандағы  N 112 »"Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 3486 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 17, 137-бап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылдың 24 мамырдағы  N 352 »"Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен өзгерістер енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 3661 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 133-134 (758)) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесінде:

      6-тармақта:
      3) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:
      1) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақта:
      1) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақта:
      1) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақтың екінші абзацындағы»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық қолхаттарының нысандарында (үлгілерінде):
      қойма және кепіл куәлігінің бет жағында:
      "астық қабылдау кәсіпорынының атауы..." деген жолда»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "_________ берілді" деген жолда»салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қойма және кепіл куәлігінің қайырма бетінде:
      барлық мәтін бойынша»"СТН" деген аббревиатура»"БСН (ЖСН)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы  N 91 »"Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2746 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 949-құжат) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      оригинаторларды тіркеу   ережесіне қосымшада:

      5-тармақта»"СТН" деген аббревиатура»"БСН (ЖСН)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      3. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2010 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады