Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде N 955 тiркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2321. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 153  (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  51-бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қазандағы N 460  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 955 тiркелген, 1999 жылғы қарашада "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 11 жарияланған; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1303 тiркелген, "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 16 қазандағы N 692  қаулысымен  енгiзiлген толықтырулармен бiрге) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесiн бекiту туралы";
      кiрiспесiнде "жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар арасында зейнетақы активтерiн қабылдау-өткiзiп берудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн дербес жүзеге асыратын ұйымдардың инвестициялық қызметiн бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта "берудiң тәртiбi туралы нұсқаулық" деген сөздер "беру ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      атауындағы "берудiң тәртiбi туралы нұсқаулық" деген сөздер "беру ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның арасында зейнетақы активтерiне түгендеу жүргiзу және өткiзiп беру тәртiбiн белгiлейдi.";

      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өткiзiп берушi ұйым" - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару шарты бұзылатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымға, не зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорына беретiн ұйым;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қабылдаушы ұйым" - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару шарты жасалатын, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, не зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы, зейнетақы қоры;";

      мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "уәкiлеттi орган" - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      мәтiн бойынша:
      "өткiзiп берушi компанияның", "өткiзiп берушi компания", "қабылдаушы компанияның", "қабылдаушы компания" деген сөздер тиiсiнше "өткiзiп берушi ұйымның", "өткiзiп берушi ұйым", "қабылдаушы ұйымның", "қабылдаушы ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта "ұйымның" деген сөз "заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 7-1) тармақшасындағы "Ұлттық комиссияға" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) депонент банктердiң атаулары, салымдардың сомалары, олар бойынша жылдық процентпен сыйақы ставкалары, есептелген сыйақы сомалары, алынған сыйақы сомалары, қордың зейнетақы активтерi есебiнен жүзеге асырылған өзге де болуы мүмкiн мәлiметтер көрсетiле отырып, екiншi деңгейдегi банктердегi өткiзiлiп берiлетiн салымдардың тiзбесi;";
      15) тармақшадағы "Нұсқаулықтың" деген сөз "Ереженiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 1) тармақшасындағы "алты" деген сөз "бec" деген сөзбен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереженiң 7-тармағы 2)-5) тармақшаларының талаптарына сәйкес ресiмделген актiнiң даналары ол бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.".

      2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, кастодиан-банктерге жiберсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады