Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекцияларының мемлекеттік наградаларды және оларға қоса берілген құжаттарын алып қою ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 186 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 6 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4790 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 141 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.14 № 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Қылмыстық-атқару кодексінің 56-бабын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабы 2 тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекцияларының мемлекеттік наградаларды және оларға қоса берілген құжаттарын алып қою ережелері бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Төрағасына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      "Келісілген"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры 2-ші сыныпты
      мемлекеттік әділет кеңесшісі
      2007 жыл 21 маусым

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің   
2007 жылғы 21 маусымдағы  
N 186 бұйрығымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің Қылмыстық-атқару инспекцияларымен
мемлекеттік наградаларын және оларға қоса берілген құжаттарын
алып қою тәртібі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының  Қылмыстық атқару кодексіне , "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
әзірленген және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару инспекцияларының (бұдан әрі - Инспекция) мемлекеттік наградаларды және оларға қоса берілген құжаттарын алып қою тәртібін айқындайды.

  2. Мемлекеттік наградаларды және оның
құжаттарын алып қою тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) немесе қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Президентінің сотталғанды мемлекеттік наградадан айыру туралы шешімін алған кезде сотталғанның орналасқан жері бойынша Инспекцияға мемлекеттік наградаларды және оларға қоса берілген құжаттарын алып қою үшін оны мемлекеттік наградадан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін жібереді.

      2. Сотталғанды мемлекеттік наградадан және оларға қоса берілген құжаттарынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін алуымен Инспекция 10 күн ішінде мемлекеттік наградадан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі
шығарылған адамның орналасқан жерін анықтайды.

      3. Сотталғанның тұрғын жерін (қылмыстық - атқару жүйесінің мекемелері) анықтағаннан кейін Инспекция қызметкері оны 5 күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградадан айыру туралы шешімімен қолын қойғызу арқылы таныстырады және оның
орналасқан жерін анықтайды.

      4. Мемлекеттік награда және оларға қоса берілген құжаттар басқа облыста болған жағдайда Инспекция 3 күн ішінде мемлекеттік награда және оның құжатынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президенті шешімінің көшірмесін мемлекеттік награданың орналасқан
жері бойынша Инспекцияға жібереді.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградадан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған Инспекция қызметкері оның орналасқан жерін, мемлекеттік награданы және оларға қоса берілген құжаттарын сақтаған адамды анықтайды және 5 күн ішінде алып қоюды жүргізеді.

      6. Бұл ретте алып қою актісі төрт данада ( 1-қосымша ) жасалады: бірінші дана алып қою жүргізілген адамға жіберіледі, екінші данасы сотталғанның жеке ісіне тіркелуге жіберіледі, үшіншісі Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және төртіншісі іс номенклатурасына тігіледі. Алып қою кем дегенде екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.

      7. Сотталған мемлекеттік награданы беруден, орналасқан жерін көрсетуден бас тартқан немесе жоғалтқан жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкері ол туралы акті жасайды және кейіннен ол туралы тиісті орган - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігін ішкі істер органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар жібере отырып хабардар етеді.

      8. Алынған мемлекеттік наградаларды және оларға қоса берілген құжаттарды Инспекция «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді ( 2-қосымша ).

                                    Қазақстан Республикасы Әділет
                                    министрлігі Қылмыстық-атқару
                                 жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару
                                     инспекцияларының мемлекеттік
                                    наградаларды және оларға қоса
                                    берілген құжаттарын алып қою
                                        ережелеріне 1-қосымша

          Мемлекеттік наградаларды және оларға қоса
             берілген құжаттарын алып қою актісі

200__жылғы "__"___________                    _____________________
                                              (елді мекеннің атауы)

Мен,________________________________________________________________
    (алып қою жүргізген қызметкердің лауазымы, атағы, аты-жөні)
____________________________________________________________________

Сотталғаннан (туыстарынан)__________________________________________
                              (мемлекеттік наградаларды алып қою
____________________________________________________________________
жүргізілген сотталғанның (туыстарының) Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы
____________________________________________________________________
(алып қоюға қатысқан куәгерлердің аты-жөндері, толық айқындама
белгілері, тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
қатысуларымен_______________________________________________________
             (қандай мемлекеттік наградалар және оған қоса берілген
_________________________________________________тәркілеу жүргізілді
  құжаттары, олардың жай күйі көрсетіледі)
____________________________________________________________________
Алып қою бойынша ескертулер_________________________________________
                           (алып қою бойынша ескертулер көрсетіледі)
____________________________________________________________________
Алып қоюды жүргізген:
____________________________________________________________________
(алып қою жүргізген қызметкердің тегі, аты жөні көрсетіледі және
қолы қойылады)
Кімнен алынып қойылды ______________________________________________
                      (мемлекеттік награданы және оған қоса берілген
құжаттар алған адамның Т.А.Ә. көрсетіледі және қолы қойылады)

Мөр орны                                  200__ жылғы "__" ________

                                   Қазақстан Республикасы Әділет
                                    министрлігі Қылмыстық-атқару
                                 жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару
                                     инспекцияларының мемлекеттік
                                    наградаларды және оларға қоса
                                    берілген құжаттарын алып қою
                                        ережелеріне 2-қосымша

                          Хабарлама ____________________________________________________________________
              (хабарлама жолданатын органның атауы)
____________________________________________________________________
                   (аумақтық Инспекция атауы)
Сотталғанды_________________________________________________________
                    (сотталғанның аты-жөні)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан және оларға қоса
берілген құжаттарынан айыру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 200_ жылғы "__"________ N ______ Жарлығы орындалғанын
хабарлаймыз.
      Алынған мемлекеттік наградалар және оларға қоса берілген
құжаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Сіздің мекен-жайға
200_ жылғы "__"_____________ шығ. N жолданды.
__________________________________бастығы (аға инспектор, инспектор)
    (аумақтық органның атауы
___________________________________________________________________
           лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні, қолы)

      Мөр орны                         200__ жылғы "___"_________ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады