"Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 11 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4799 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы N 331 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009.08.06 N 331 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1135 тіркелген,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 146, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 1483 тіркелген, 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 103 бұйрықтарымен
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4637 тіркелген) мынадай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде
кассалық операциялар жүргізудің ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа
да ақшалай төлемдерді төлеу, сондай-ақ қаржыландыру көзіне қарамай
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеке тұлғаларға
іссапар шығыстарын, стипендиялар, төлемдерді төлеу олардың сомасын
ақшаны алушылардың таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға
немесе жинақ шоттарына есепке алу жолымен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N
225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 142-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы осы тармақта көзделген төлемдерді жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің чектері бойынша қолма-қол ақшаны алуға жол беріледі.
      Іссапар шығыстары төлеу үшін кассаға мемлекеттік мекеменің
карт-шотынан корпоративтік төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақшаны
алуға жол беріледі. Бұл ретте, корпоративтік төлем карточкасы бойынша алынған қолма-қол ақша кіріске алу кассалық ордері бойынша
мемлекеттік мекеменің кассасына кіріске алынады, (N КО-1 нысаны), осы ақшаны кассаға алдын ала кіріске алынбай пайдалануға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекеттік мекеменің мұқтажына арналған шығыстар бюджет
қаражатының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын ақшаның есебінен
корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі және
корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып есеп айырысуды жүзеге
асыруға жол берілетін мөлшері осы ережеге 4-қосымшада белгіленген.
      Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша төлем
карточкаларына қызмет көрсету жөнінде пункттер мен қондырғылар
болмаған кезде, сондай-ақ төлем карточкаларын дайындау кезеңінде
қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің чектері бойынша қолма-қол
бюджет ақшасын және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын ақшаны алуға
жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің мұқтаждарына қолма-қол
ақшаны алу корпоративтік төлем карточкалары үшін белгіленген көлемде
және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша
жүзеге асырылады.
      2-2. Мынадай:
      айына 20 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) шекте демеушілік, қайырымдылық көмектен;
      бірінші талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен
кейін, толығымен немесе ішінара, алдын ала келісілген үстемақымен
немесе мұндайсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға беруі, немесе
шектеусіз тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуі
тиіс пе оған қарамастан, оларды атаулы шамада қайтару шарттарында
жеке немесе заңды тұлға мемлекеттік мекемеге беретін ақша
қаражатының есебінен корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып
есеп айырысуды жүзеге асыруға жол беріледі.";

      5-тармақта:
      бірінші абзацта "2-тармағында" деген сөздер "2, 2-1,
2-2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта "кейін оларды тиісті бюджетке аудара отырып,"
деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген Ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен
толықтырылсын.

      2. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет ақшасы есебінен есеп айырысуды жүзеге асыруға жол берілетін мөлшерін, Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін және қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің чектері бойынша қолма-қол ақшаны алуға жол берілетін көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 102 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4617 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген
тәртіппен кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын
қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                  министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі
                                       N 234 бұйрығына қосымша

                                   Мемлекеттік мекемелерде кассалық
                                   операцияларды жүргізу ережесіне
                                                4-қосымша

        Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып
    шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің
       тізбесі және олар бойынша есеп айырысуды жүзеге
                 асыруға жол берілетін мөлшер

са-
на-
ты

Сы-
ны-
бы

Кіші
сын-
ып

Ерек-
шелік

Ерекшелік-
тердің атауы

Шектеулер
қою

Шектеу қойылмайтын
шығындардың
қосымша түрлері

1

2

3

4

5

6

7

1








1








110


Жалақы






111

Негізгі
жалақы


Мерзімді қызмет
әскери қызметшіле-
ріне лауазымдық
жалақы




113

Өтемақы
төлемдері


Әскери қызметтен
босаған кезде
мерзімді әскери
қызметтің әскери
қызметшілеріне
біржолғы жәрдемақы



130


Тауарлар
сатып алу






131

Тамақ
өнімдерін
сатып алу

Міндеттеме-
лер бойынша
жеке қаржы-
ландыру
жоспарында
көзделген,
бірақ айына
20 АЕК
аспайтын
сома шегін-
де шектеу
қойылады

Мыналарға:
- спортта дарынды
балаларға арналған
мектеп-интернат
оқушыларының
каникул және оқу-
жаттығу жиындарын-
да болуы кезеңінде
тамақтануына;
- өтеусіз донор-
ларға энергети-
калық шығындарын
өтеу үшін беріле-
тін тамақ өнім-
дерінің орнына
ақшалай өтемақыны
төлеуге байланысты
шығындар бойынша




132

Дәрі-дәрмек-
терді және
медициналық
мақсаттағы
өзге құрал-
дарды сатып
алу

Міндеттеме-
лер бойынша
жеке қаржы-
ландыру
жоспарында
көзделген,
бірақ айына
20 АЕК
аспайтын
сома шегін-
де шектеу
қойылады

Қанды сатып алу




139

Өзге де
тауарлар
сатып алу

Міндеттеме-
лер бойынша
жеке қаржы-
ландыру
жоспарында
көзделген,
бірақ айына
20 АЕК
аспайтын
сома шегін-
де шектеу
қойылады

Мыналардың:
- мемлекеттік
саясатта іске
асыратын және
техникалық реттеу
мен метреология
саясында бақылау-
қадағалау өкілет-
тіктерін іске
асыратын мемлекет-
тік мекемелердің,
мемлекеттік қада-
ғалауды жүзеге
асыру үшін тауар-
лардың үлгілерін
сатып алу мен
сынауға, олардың
сапасына және
оларды салада іске
асуының қауіпсіз-
дігіне байланысты;
- қызметтік іссапарларда
болған кезде жақын
және алыс шет
елдерде Қазақстан
Республикасы
Қорғаныс министр-
лігінің және
Қазақстан Респуб-
ликасы құқық қорғау органдары-
ның әуе кемелеріне
май құю үшін
жанар-жағар май
құнын төлеуге
байланысты шығын-
дар бойынша


140


Қызмет-тер мен
жұмыс-
тарды
сатып
алу






146

Ғима-
раттар-
ды, үй-
жайлар-
ды
ұстау,
оларға
қызмет
көрсе-
ту,
ағымда-
ғы жөн-
деу,
жабдық-
тар мен
басқа да
негізгі
құрал-
дарды
жөндеу

Міндеттеме-
лер бойынша
жеке қаржы-
ландыру
жоспарында
көзделген,
бірақ айына
20 АЕК
аспайтын сома шегінде
шектеу қойы-
лады





149

Өзге де
қызмет-
тер мен
жұмыс-
тар



Мыналарға:
- екінші деңгейде-
гі банктер (банк
операцияларының
жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын
ұйымдар) немесе
төлем карточкала-
рына қызмет көр-
сету жөніндегі
пункттер және
қондырғылар жоқ
орындарда тұратын
штаттан тыс қыз-
меткерлердің ең-
бегіне;
- қызметтік
іссапарларда
болған кезде жақын
және алыс шет
елдерде Қазақстан
Республикасы
Қорғаныс министр-
лігінің және
Қазақстан Рес-
публикасы құқық
қорғау органдары-
ның әуе кемелеріне
қызмет көрсету
жөніндегі әуежай
қызметтеріне ақы
төлеуге байланысты
шығындар бойынша



150


Басқа да
ағымдағы
шығындар






151

Ел ішіндегі
іс-сапарлар
мен қызмет-
тік сапарлар


Шектеу қойылмайды
 




152

Елден тыс
жерлерге
іссапарлар
мен қызмет-
тік сапарлар


Шектеу қойылмайды
 




153

Жалпыға бір-
дей міндетті
орта білім
қорының
шығындары


Мемлекеттік жалпы
білім беретін
мектептердің аз
қамтылған отбасы-
нан шыққан аса
мұқтаж оқушыларына
ақшалай көмек
көрсету




157

Ерекше
шығындар


Шектеу қойылмайды
 




159

Өзге де
ағымдағы
шығындар


Мыналарға:
- мәдени, спорттық
және басқа да іс-
шаралардың жеңім-
паздары мен
қатысушыларына әр
түрлі сыйлықтар,
жүлделер, естелік
сыйлықтар, ақшалай
сыйақылар, жеке
тұлғаларға басқа
да ақшалай төлем-
дерге;
- бостандығын
шектеу, қамау
немесе бостандығы-
нан айыру түрінде
жазасын өтеуден
босатылатын тұлға-
лар үшін тұратын
жеріне дейін жол
жүру билеттерін
сатып алуға;
- мемлекеттік
мекемелер қызмет-
керлерінің іссапар
шығыстарынан басқа
сапарға шығу арқы-
лы өткізілетін
іс-шараларға
байланысты шығын-
дар (жол жүру,
тұру, тамақтану);
- бюджеттік
бағдарлама
әкімшіліктерінің
өткізетін іс-шара-
ларына қатысушы-
лардың (республи-
каның түрлі аймақ-
тары, жақын, алыс
шет ел өкілдері-
нің), сапарға шығу
шығындарын өтеу
бөлігінде өкілдік
шығындарға;
- нотариалдық
қызметтерге ақы
төлеуге;
- қызметтік авто-
көлікке техника-
лық тексеру жүргі-
зуге және қызмет-
тік автокөлікке
мемлекеттік нөмір-
лер сатып алуға
байланысты шығын-
дар бойынша



330


Жеке
тұлғаларға
ағымдағы
трансферттер






332

Жеке
тұлғаларға
берілетін
трансферттер


Мерзімді қызмет
әскери қызметші-
лерге, әскери
(арнаулы) оқу орындары бірінші
және екінші курс-
тарының курсанта-
рына почта ауда-
рымдары үшін
ақшалай өтемақы
төлеуге байланысты
шығындар бойынша,
демалысқа кетуі
кезінде мерзімді
қызмет әскери
қызметшілерге,
әскери (арнаулы)
оқу орындарының
курсанттарына төленетін азық-
түлік үлесінің
орнына ақшалай
өтемақы




334

Стипендиялар


Кәсіптік-техника-
лық мектептердің
оқушыларына
стипендиялар және
құқық қорғау
органдары,
Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық
қауіпсіздік
комитеті,
Қазақстан Респуб-
ликасы Қорғаныс
және төтенше жағ-
дайлар министрлік-
тері тыңдаушылары-
ның ақшалай
ырыздықақысын
төлеуге байланысты
шығындар бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады