Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009.12.24 № 170 бұйрығымен.
Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 4 мамырдағы N 81 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2266 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
20-тармақтағы "жеке iстегi көшiрме" деген сөздер "жеке ici" деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Бұрын салынған жазаны уақытынан бұрын алып тастауға жазаны салған күннен бастап кемiнде алты ай жол берiлмейдi.";
38-тармақта "жазбаша түрде" деген сөздер "(6 және 7 қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын, "бұйрықтарды" деген сөз "марапаттау және жазалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"науқасы ауыр немесе мүгедек болған кезде - сот қаулысының көшiрмесi;";
4-қосымшада "бұйрықтарды" деген сөз алынып тасталсын;
осы Бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес "сотталғанды марапаттау туралы қаулы" деген 6-қосымшамен және "сотталғанға тәртiптiк жаза қолдану туралы қаулы" деген 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар және Астана қаласы бойынша басқармалардың бастықтары Нұсқаулықта енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып жеке құрамның зерделеуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-сыныпты мемлекеттік
әділет кеңесшісі
_________________________
2004 жылғы 17 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________________
2004 жылғы ______________
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 343 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2003 жылғы 4 мамырдағы
N 81 бұйрығымен бекiтiлген
Бас бостандығын шектеу
түрiндегi жазаны орындауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
6-қосымша
Сотталғандарды марапаттау туралы
ҚАУЛЫ
Сотталған _________________________________________________________
(аты-жөнi, туған жылы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(марапаттауға негiздеме көрсетiледi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-аткару кодексiнiң 49-бабын
басшылыққа алып
ҚАУЛЫ ЕТТI
Сотталған _________________________________________________________
(аты-жөнi)
___________________________________________________________________
(марапаттау түрi көрсетiледi)
___________________________________________________________________
Орда облысы бойынша ҚАЖ комитетiнiң Орда Қылмыстық-атқару
инспекциясы басқармасының бастығы (аға маман-инспектор,
маман-инспектор)
әдiлет капитаны Ә.Қ.Ордабаев
___________________________________________________________________
(атағы) (қолы) (аты-жөні)
20___ ж "___" ____________
Қаулы маған жарияланды
_______________________________
(күнi және сотталғанның қолы)
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 343 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2003 жылғы 4 мамырдағы
N 81 бұйрығымен бекiтiлген
Бас бостандығын шектеу
түрiндегi жазаны орындауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
7-қосымша
Сотталғанға тәртiптiк жаза қолдану туралы
қаулы
Сотталған _________________________________________________________
(аты-жөнi, туған жылы)
___________________________________________________________________
(бұзушылықтың мән-жайы жазылады)
______________________________________________ көрiнген жазаны өтеу
режимiн бұзуға жол берген
Сотталған ______________ жазбаша түсiнiктемесiн және басқа да
тексерiс материалдарын қарай келе, Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-атқару кодексiнiң 50-бабын басшылыққа алып
ҚАУЛЫ ЕТТI
Сотталған _________________________________________________________
(аты-жөнi)
жазаны өтеу режимiн бұзғаны үшiн __________________________________
(тәртiптiк жазаның түрi көрсетiледi)