Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.08.2013 № 523 бұйрығымен.
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 4 маусымдағы N 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3747 болып тіркелген, "Юридическая газетада" 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 106, N 107 (731) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықта :
барлық мәтін бойынша:
"Шетелдік азамат", "Шетел азаматының", "шетел азаматтары", "шетелдік азаматтың", "шетелдік азаматтарға", "шетелдік азаматтар", деген сөздер тиісінше "Шетелдік", "Шетелдіктің", "шетелдіктер", "шетелдіктің", "шетелдіктерге", "шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"КҚПД" деген аббревиатура "ӘПК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті" (бұдан әрі - ІІМ КҚПД)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті" (бұдан әрі - ІІМ ӘПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта:
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жаңа құжат дайындалғаннан кейін бұрынғы қатесі бар құжат ӘдМ-нің "АӨО" РМК-да жойылады, ал екі Ф-1 өтініші кері қайтарылады және көші-қон полициясы бөлімшелерінде сақталады;";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"егер қате көші-қон полициясы қызметкерлерінің кінәсінен кетсе, онда бұрынғы Ф-1 өтініші ІІМ-нің ӘПК-ге жіберілмейді, ал қайта толтырылған Ф-1 өтінішінің алдыңғы бетінде қате жіберілген жол көрсетіліп жазылады;";
6) тармақшадағы "04" деген сандар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) "04" коды бұрын тұруға ықтиярхатпен немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттандырылған шетелдіктің тегі ауыстырылған кезде көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Ғ.А.Алпысбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Ғ.А.Алпысбаевқа) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
2007 жылғы 20 маусым