Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4856 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының аумағында ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1304 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 5 бюллетенінде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 12 бюллетенінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгiзу туралы" 2001 жылғы 16 қарашадағы N 439 , Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1304 тiркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2003 жылғы 26 тамызда N 217-218 (23517) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 11 қарашада N 145-146 (779) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4407 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 19 қазанда N 185 (991) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен қоса) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнде :

      6-тармақтағы "Резиденттер мен резидент еместер арасында" деген сөздерден кейін "немесе резидент еместер арасында" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақта белгіленген талаптар қолма-қол ақшаны банкке электрондық терминалдар арқылы енгізу жолымен жүзеге асырылатын банктік шот ашпай ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру жағдайында қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

     "3-1-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот
     ашпай электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырудың
                          ерекшеліктері

      19-1. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру банк қолма-қол ақшаны жіберушіден электрондық терминалды пайдалана отырып қабылдауды жүзеге асыру кезінде жасалатын электрондық төлем хабары (бұдан әрі - төлем хабары) негізінде жүзеге асырылады. Төлем хабары ақша жіберушінің банкке бенефициардың пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру туралы нұсқауын білдіреді.

      19-2. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен  жүзеге асыру кезінде ақша жіберушіге чек беріледі, чекте мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:
      1) құжаттың нөмірі, жазба күні, айы, жылы;
      2) ақша жіберуші банктің және бенефициардың атауы;
      3) төлем сомасы;
      4) банктің комиссиялық сыйақы сомасы;
      5) төлем валютасы;
      6) төлем мақсаты;
      7) төлем мақсатының коды.

      19-3. Ақша жіберуші салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте осы Ереженің 19-2-тармағында көзделген деректерден басқа мынадай деректер болуы тиіс:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) бюджеттік жіктеу кодының сандық мәнін көрсете отырып салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің атауы;
      3) салық органының коды (сандық мәні).
      Чекте банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.

      19-4. Ақша жіберушіге электрондық терминал беретін чек бастапқы құжат мәртебесіне ие және банкке электрондық терминал арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру фактісін растайтын құжат болып табылады.

      19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және осы Ереженің 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жіберушінің алдында бенефициардың пайдасына төлем немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.";

      22-тармақ "болып саналады" деген сөздерден кейін "немесе электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу жолымен төлемнің және/немесе ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын чек береді" деген сөздермен толықтырылсын;

      24-тармақ "төлем хабарламасы" деген сөздерден кейін "немесе құрылған төлем хабары" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-тармақтың бірінші абзацы "төлем хабарламасына" деген сөздерден кейін "немесе төлем хабарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының  мүдделi бөлiмшелерiне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев Л.А.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

     "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      2007 жылғы 25 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады