Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3883. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарын ресімдеу және ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы   N 439 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген) және 2003 жылғы 4 шілдедегі  N 204 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген) қаулыларымен бекітілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақтың екінші абзацында "жарналарын" деген сөзден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:
      "зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар" деген сөздерден кейін ", әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қағазға басылып ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.";

      8-тармақта "зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарламаларға" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақта:
      үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициардың деректемелерін және бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынылады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар осы Ережеге 5-қосымшаның екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдағыштағы оның көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады. Егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген жағдайда 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар 5-қосымшаның екінші бөлігінің электрондық көшірмесін алушы банк талап етуге құқылы.";

      15-тармақтың үшінші абзацында "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      25-тармақта "нысанда" деген сөзден кейін "немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-тармақта "ақша аудару туралы шартта көзделген тәртіппен" деген сөздер "банк белгілеген тәсілдермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "104102", "104302", "104402" деген сандар алынып тасталсын;

      2-қосымшада:
      "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "101202", "105101", "103101", "101201" деген сандар алынып тасталсын;

      3-қосымшада "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-қосымшамен толықтырылсын:

                                        "Қазақстан Республикасының
                                         аумағында банктік есепшот
                                          ашпай ақшаның қолма-қол
                                         жасалмайтын төлемдері мен
                                         аударымдарын жүзеге асыру
                                            ережесіне 5-қосымша

                                 Кассир:

ТҮБІРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін) Резидент      |_|
                                      Резидент емес |_|
Ақша жөнелтуші _________________  СТН _________________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны _____________
_______________________________________________________

Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
СТН 600400073391 ЖБК 368609110
Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
(корреспонденттік шоттар мен төлемдерге қызмет көрсету
бөлімі) ББК 190201125

Төлемнің атауы

Кезең

ТБК

Сомасы

Әлеуметтік аударымдар


012


Өсімпұл


017










БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):            Күні ___________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________
Қолы __________     __________________________________
                   | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                   |__________________________________|

N

Әлеуметтік
бірегейлен-
діру коды

Аты-
жөні

Аты-жөні (әлеумет-
тік бірегейлендіру
кодын алу үшін
тіркеу карточкасында
(өзгерсе, көрсету
керек)

Туған
күні

Сомасы

1.






2.






3.






ЖИЫНТЫҒЫ:


Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________
Қолы __________             __________________________________
                           | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                           |__________________________________|

                                 Кассир:

ХАБАРЛАМА (әлеуметтік аударымдар үшін) Резидент     |_|
                                      Резидент емес |_|
Ақша жөнелтуші _________________  СТН _________________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы және телефоны ____________
_______________________________________________________

Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
СТН 600400073391  ЖБК 368609110
Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі             ББК 190201125

Төлемнің атауы

Кезең

ТБК

Сомасы

Әлеуметтік аударымдар


012


Өсімпұл


017










БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):            Күні ___________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________
Қолы __________     __________________________________
                   | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                   |__________________________________|

N

Әлеуметтік
бірегейлен-
діру коды

Аты-
жөні

Аты-жөні (әлеумет-
тік бірегейлендіру
кодын алу үшін
тіркеу карточкасында
(өзгерсе, көрсету
керек)

Туған
күні

Сомасы

1.






2.






3.






ЖИЫНТЫҒЫ:


Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________
Қолы __________             __________________________________
                           | Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)|
                           |__________________________________|

                                                                 ".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі

      2005 жылғы 17 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

      2005 жылғы 8 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты жанындағы Сот
      әкімшілігі жөніндегі комитеті

      2005 жылғы 9 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады