Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 395 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 қараша N 1304 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 13 қазандағы 
N 395 қаулысымен    
"бекітілген"      

Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол
жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру
қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында клиентке банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Банктiк есепшот ашпай ақшаның төлемдерi мен аударымдарына ақша жөнелтушi және (немесе) бенефициар банктiк есепшоттарды қолданбай жүзеге асатын төлемдер мен аударымдар жатады және олар ақша жөнелтушi көрсеткен бенефициар пайдасына қолма-қол ақшасыз тәртiппен аударылуы және (немесе) бенефициардың өз банктiк есепшотынан тыс қолма-қол ақшаны алу үшiн қолма-қол ақшаны төлеу арқылы жасалады. 
      Бұл ретте заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуін қоспағанда, заңды тұлғалардың және олардың бөлімшелерінің жүзеге асыратын ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары олар банк шотын ашқан кезде ғана жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес банкке қолма-қол ақшамен зейнетақы жарналарын енгізуге құқылы тұлғалар банктік есепшот ашпай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.
      Заңды тұлғаға банктiң қызметіне бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде қолма-қол ақша жарнасы арқылы ақы төлеуге рұқсат беріледі.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.07.04 N 204, 2005.08.27 N 95, 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Қағидалар банктен тыс қолма-қол ақшаны нақты берумен байланысты қатынастарды реттемейді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (бұдан әрі – № 179 нұсқаулық) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Клиенттiң банктiк шотын ашпай жасалатын төлемдер мен ақша аударымдары теңгемен де, шетел валютасымен де жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Резиденттер мен резидент еместер арасында немесе резидент еместер арасында жүзеге асырылатын клиенттiң банктiк есепшотын ашпай ақшаның теңгедегi төлемдерi мен аударымдары, сондай-ақ ақшаның шетелдiк валютадағы барлық төлемдерi мен аударымдары Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.
      6-1. Банк (алушы-банк, бенефициар банкі, делдал-банк) ақша жөнелтуші және/немесе бенефициар туралы ақпаратты (атауы не тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру коды (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (бар болса), жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлға үшін) және почталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй мен пәтер нөмірі), сондай-ақ «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемi мен аударымы туралы мәліметтерді операция жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.
      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Банк шотын ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдары түбіртектер, кіріс касса ордерлері, хабарлама-шоттар, бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламалар, зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар, әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл құжаттар төлем құжаттары (бұдан әрі - төлем хабарламалары) болып табылады. Қағаз тасымалдауышта ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.
      Осы тармақта белгіленген талаптар қолма-қол ақшаны банкке электрондық терминалдар арқылы енгізу жолымен жүзеге асырылатын банктік шот ашпай ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру жағдайында қолданылмайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.07.04 N 204, 2005.08.27 N 95, 2007.06.25 N 67, 2011.05.30 № 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      8. Төлем хабарламаларында Қағидалардың 11-тармағында белгіленген міндетті деректемелер болады. Осы тармақта көзделген нормалар коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған шот-хабарламаларға, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бюджетке төленетін төлемдерді төлеуіне арналған түбіртек-хабарламаларға, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарламаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Банк төлем хабарламаларын банктiң белгiленген операция күнi iшiнде қабылдайды.

2. Төлем хабарламаларын ресiмдеудің жалпы талаптары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi төлем хабарламаларының нысанын белгiлемеген жағдайда ақша жөнелтушi алушы банк немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiмен белгiленген нысанда банкке төлем хабарламаларын ұсынады.
      11. Банктiк шотты ашпай төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған кезде төлем хабарламаларында мынадай мiндеттi деректемелер қамтылады:
      1) төлем хабарламасының атауы;
      2) төлем хабарламасының нөмірі, оның жасалу күні, айы, жылы;
      3) ақша жөнелтуші жеке тұлғаның және (немесе) бенефициардың аты-жөні, әкесінің аты (егер ол бар болса) немесе ақша жөнелтуші заңды тұлғаның немесе бенефициардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық атауы;
      4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке сәйкестендіру кодтары. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ пошталық мекенжайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;
      5) ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса алғанда, жөнелтушiнің банкінің және бенефициардың банкінің толық атауы, олардың банктiк сәйкестендіру кодтары;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысында белгіленген ақша жөнелтушiнiң «АЖК» коды, бенефициардың «БеК» коды, төлем мақсаты және оның кодтық белгiленуі;
      7) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы;
      8) ақша аударымы олардың жеке сәйкестендіру коды көрсетіле отырып жүргізілген жағдайда, ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың ЖСН-і немесе БСН-і;
      9) ақша жөнелтушi заңды тұлға болған жағдайда - оның уәкiлеттi тұлғарының тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), қолы, сондай-ақ мөр бедері (ол болған кезде). Ақша жөнелтушi жеке тұлға болған жағдайда - оның қолы.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      12. Қажет болған жағдайда ақша жөнелтуші төлем хабарламасында валюталау күнін көрсетеді. Коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған хабарлама-шоттарда валюталау күнi көрсетілмейді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Жеке тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынады.
      Заңды тұлға бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламаны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін бюджетке төлемдер төлеген кезде «ақша жөнелтуші» деген бағанда заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» деген бағанда филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес - сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны» деген бағанда заңды тұлғаның мекенжайы және телефоны көрсетіледі.
      Көлік құралдарына салық төлеу кезінде «Төлем атауы» деген бағанда көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем хабарламасының «Төлем атауы» деген бағанында «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» деген жазудың астында мынадай ретпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
      Салық төлеушінің алушы-банкке қолма-қол ақша енгізген күні ақша жөнелтушінің бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада көрсеткен күнімен сәйкес келеді. Бюджетке төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Жөнелтуші бенефициар деректемелерінің және бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.
      Зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады.
      Әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған түбіртек-хабарлама Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ұсынылады. 50-ден астам позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарлама (әлеуметтік аударымдарға арналған) алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы көшірмесімен қоса ұсынылады. Алушы-банк қажет болған жағдайда, егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген болса, 50 және одан аз позициядан (аты-жөннен) тұратын Қағидаларға 5-қосымшаның екінші бөлігінде көзделген хабарламаның (әлеуметтік аударымдарға арналған) электрондық көшірмесін ұсынуды талап етеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Ақша жөнелтушіге төлем хабарламаларында өзiнiң мекенжайына және бенефициардың мекенжайына (телефон нөмiрi, факс нөмiрi, электрондық пошта мекенжайы және басқа да мәлiметтер) қатысты қосымша мәлiметтер көрсетуге рұқсат беріледі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Төлем хабарламаларын қабылдау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк оны акцептейді және Төлемдер туралы заңда белгіленген мерзімдерде орындайды.
      Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы банк бенефициардың пайдасына ақша аударуға міндеттеме қабылдайды.
      Алушы-банк бюджетке төлемдер төлеуге, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуге енгізілген қолма-қол ақшаны алушы-банкке олар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициарға аударуы тиіс.
      Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.07.04 N 204, 2005.08.27 N 95, 2011.05.30  № 52(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      16. Ақша жөнелтушiден төлем хабарламасын қабылдаған кезде алушы банк ақша жөнелтушiге қолма-қол ақшаны қабылдау жөнiнде тиiстi растау бередi. 
      17. Банктiк шотты ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша клиенттердiң төлем хабарламаларын орындағаны үшiн банктерге клиенттерден комиссиялық сыйақы алуға рұқсат беріледі.
      Комиссиялық сыйақының мөлшерiн, төлеу тәртібін және мерзiмiн банк дербес белгiлейдi.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Егер алушы банк пен ақша жөнелтушінің арасындағы ақша аударымы шартында (бюджетке төлемдер төлеу мақсатындағы ақша аударымы шарттарын қоспағанда) өзгеше көзделмесе, төлем хабарламасын орындаған кезде алушы банк төлем сомасының есебінен комиссиялық сыйақы алмайды.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Банк ақша жөнелтушінің төлем хабарламаларын қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады:
      1) төлем хабарламасы Қағидаларда белгiленген талаптарды және (немесе) ақша аудару шартының талаптарын бұза отырып толтырылғанда және (немесе) берiлгенде;
      2) ақша жөнелтушi ақша аудару үшiн қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда; 
      3) банк төлем хабарламасында санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес еместiгiн анықтаған жағдайда; 
      4) Қазақстан Республикасының заңдары және (немесе) ақша аудару шарты белгiлеген басқа да талаптарды сақтамаған жағдайда.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016  № 32(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-1. Ақша төлемі мен аударымын банктік шот ашпай-ақ
электрондық терминалдар арқылы жүзеге
асыру ерекшеліктері

      Ескерту. 3-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.

      19-1. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шот ашпай электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру банк қолма-қол ақшаны жіберушіден электрондық терминалды пайдалана отырып қабылдауды жүзеге асыру кезінде жасалатын электрондық төлем хабары (бұдан әрі - төлем хабары) негізінде жүзеге асырылады. Төлем хабары ақша жіберушінің банкке бенефициардың пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру туралы нұсқауын білдіреді.
      19-2. Төлемдер мен ақша аударымдарын банктік шотты ашпай электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтушіге чек беріледі, чекте мынадай міндетті деректемелер қамтылады:
      1) құжаттың нөмірі, жазылған күні, айы, жылы;
      2) ақша жөнелтушінің банкінің және бенефициардың атауы;
      3) төлем сомасы;
      4) банктің комиссиялық сыйақы сомасы;
      5) төлем валютасы;
      6) төлем мақсаты;
      7) төлем мақсатының коды.
      Ескерту. 19-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19-3. Ақша жөнелтуші бюджетке төлемдерді электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде чекте Қағидалардың 19-2-тармағында көзделген деректемелерден басқа мынадай деректемелер болуға тиіс:
      1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
      2) бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісін көрсете отырып, бюджетке төленетін төлемдердің атауы;
      3) мемлекеттік кіріс органының коды (цифрлық белгісі);
      4) көлік құралына салық төлеу кезінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
      Чекте қажет болған жағдайда банк белгілеген қосымша деректемелер болуы мүмкін.
      Ескерту. 19-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      19-4. Ақша жіберушіге электрондық терминал беретін чек бастапқы құжат мәртебесіне ие және банкке электрондық терминал арқылы қолма-қол ақша енгізу жолымен төлем және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру фактісін растайтын құжат болып табылады.
      19-5. Электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша қабылданғаннан және Қағидалардың 19-2 және/немесе 19-3-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған чектер берілгеннен кейін банкте ақша жөнелтушінің алдында бенефициардың пайдасына төлемді және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру бойынша міндеттеме туындайды.
      Ескерту. 19-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Ақша аударымы туралы шарт

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Банктiк есепшот ашпай ақшаны аудару ақша аудару туралы шарт бойынша жүзеге асырылады. Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (алушы банк) екiншi тараптың (ақша жөнелтушiнiң) тапсырмасымен ақша жөнелтушiге жеке бiрегейлендiру кодын бермей, үшiншi адамның пайдасына ақша аударуды мiндетiне алады.
      21. Ақша аударымы туралы шартты жасаған кезде алушы банк және ақша жөнелтуші ақша аудару тәртібін, оның iшiнде комиссиялық сыйақы алу тәртібін, сондай-ақ ақша аударымы бойынша өз құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн келiседі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Банк клиенттiң осындай банктiк қызметтi көрсетуге ұсыныс берген кезде төлем хабарламасын орындауға қабылдаған жағдайда ақша аудару туралы шарт жасалған болып саналады немесе электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу жолымен төлемнің және/немесе ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын чек береді.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.
      23. Алушы банк банктiк есепшот ашпай ақша аударатын ақша жөнелтушiнi төлем жасау тәртiбiмен және қызмет көрсетудiң осы түрiн ұсыну бойынша банктiң iшкi ережесi белгiлеген жеке тарифтерiмен таныстыруға мiндеттi.

5. Ақша аударымын жүзеге асыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша жөнелтушінің банкі қабылданған төлем хабарламасы немесе құрылған төлем хабары негізінде орындалуы Төлемдер туралы заңда және № 179 нұсқаулықта көзделген тәсілдермен және тәртіппен жүргізілетін тиісті төлем тапсырмасын ресімдейді.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Ақша төлемi мен аударымын аяқтау

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Банктiк шоты жоқ бенефициардың пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициардың банкi бенефициарға оның пайдасына ақша түскенi туралы белгiленген нысанда жасалған банк хабарламасын жiберу арқылы немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен хабарлайды.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасына немесе төлем хабарына сәйкес ақша аударымы: 
      1) бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банктiк есепшоты бойынша бухгалтерлiк жазба жасалған; 
      2) бенефициардың банктiк есепшоты болмаған жағдайда бенефициар банкi бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты берген кезден бастап аяқталды деп есептеледi. 
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 67 Қаулысымен.
      27. Бенефициар жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бенефициар банкі бенефициарға - жеке тұлғаға төлем хабарламасы бойынша қолма-қол ақша сомасын береді.
      28. Банк бенефициарға төлемнің жүзеге асырылғанын растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарламасының талаптары бар құжатты береді.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Қолма-қол ақшаны алған кезде бенефициар тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын міндетті түрде көрсете отырып банктің тиісті құжатына қол қояды.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30. Бенефициар төлем хабарламасы бойынша ақша аударымы сомасын алу үшiн келмеген жағдайда (оның банктiк шоты болмаған жағдайда), бенефициардың банкі осы соманы екiншi деңгейдегi банктерге арналған бухгалтерлiк есеп жоспарында көзделген банктің тиісті шоттарында банк белгiлеген мерзiмде есепке алады.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Төлем хабарламасының орындалуын керi қайтарып алу және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Банк шотын ашпай аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Ақша аударымын жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, ақша жөнелтушiнің банкі және бенефициардың банкi ақшаны ақша жөнелтушiге қайтару үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. Қате нұсқаудың орындалу фактiсi анықталған жағдайда осындай аударым сомасы ақша жөнелтушi банкке осы фактi анықталған күннен бастап келесi операция күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебiн көрсете отырып қайтарылады.
      34. Ақша жөнелтушi банкке қате аударылған ақша сомасын қайтарған кезде: 
      1) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болған жағдайда осы сома бұл есепшотқа есептеледi; 
      2) ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда ақша сомасы банкте екiншi деңгейдегi банктер үшiн бухгалтерлiк есепшот жоспары көздеген есепшоттарда есепке алынады.
      35. Бенефициардың банкі ақшаны қайтарған кезде, ақша жөнелтушінің банкі қайтарылған ақша түскен күнінен бастап үш операциялық күн ішінде ақша жөнелтушіге осындай қайтару туралы банк белгілеген тәсілдермен хабарлайды.
      Егер ақша қайтару ақша аудару туралы қате нұсқауды орындау себебімен жүргізілген жағдайда, төлемді қайтару туралы ақша жөнелтушiге хабар бермеуге рұқсат беріледі. Ақша қайтарылғаннан кейiн үш операциялық күн iшiнде ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкіне тиiстi деректемелерi бар төлем құжатын жiбереді.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Ақша жөнелтушiнiң банктiк есепшоты болмаған жағдайда қайтарылған ақшаны төлеу ақша жөнелтушiнiң банктiң ақша аударуды қабылдау туралы белгiсi бар тиiстi құжатты көрсете отырып, ақша жөнелтушi банктiң кассасы арқылы жүзеге асады.
      37. Алушы банк ақша жөнелтушiнiң төлем хабарламасы қате орындалғаны үшiн, егер оның кiнәсiнен қате кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және ақша аудару шартында көзделгендей жауап бередi. 
      Егер төлем хабарламасында қатенi ақша жөнелтушi жiберсе, алушы банк қате орындалған төлем хабарламасына жауап бермейдi.

8. Тараптардың жауапкершiлiгi

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9. Қосымша талаптар

      Ескерту. 9-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Төраға

Қазақстан Республикасының аумағында 
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 1-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

кассир

ТҮБІРТЕК (жеке тұлғалар үшін) Резидент
                              Резидент емес

Ақша жөнелтуші ___________________________________________
                (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты)

ЖСН ______________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны _________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
     (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Бенефициар ____________________ БСН ______________________
       (мемлекеттік кіріс органы)
Бенефициар банкі ________________ БСК_____________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Төлемнің атауы

БЖК

ТМК

Сомасы

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық








Жер салығы








Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық

















БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):

Ақша жөнелтушінің қолы _________________ Күні ____________

кассир

ХАБАРЛАМА (жеке тұлғалар үшін) Резидент
                               Резидент емес

Ақша жөнелтуші
_________________________________________________________
       (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН _____________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны
_________________________________________________________
_________________________________________________________
        (салық төлеушінің мекенжайы мен телефоны)
Бенефициар_____________________________ БСН______________
           (мемлекеттік кіріс органы)
Бенефициар банкі ______________________ БСК______________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Төлемнің атауы

БЖК

ТМК

Сомасы

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық








Жер салығы








Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық

















БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):

Ақша жөнелтушінің қолы _________________ Күні ____________

Қазақстан Республикасының аумағында 
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 2-қосымша    

Нысан

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

кассир

ТҮБІРТЕК (дара кәсіпкерлер үшін)
Резидент
Резидент емес
Ақша жөнелтуші ____________________________________________
    (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)
ЖСН (БСН) _________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
       (салық төлеушінің мекенжайы мен телефоны)
___________________________________________________________
Бенефициар_______________________ БСН______________________
         (мемлекеттік кіріс органы)
Бенефициар банкі __________________ БСК ___________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Төлемнің атауы

БЖК

ТМК

Сомасы

Жеке табыс салығы





Қосымша құн салығы





Әлеуметтік салық





Төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы





БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):

Ақша жөнелтушінің қолы ____________________ Күні __________

кассир

ХАБАРЛАМА (дара кәсіпкерлер үшін)
Резидент
Резидент емес
Ақша жөнелтуші_____________________________________________
    (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)
ЖСН (БСН)__________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны
___________________________________________________________
       (салық төлеушінің мекенжайы мен телефоны)
___________________________________________________________
Бенефициар _______________________ БСН_____________________
          (мемлекеттік кіріс органы)
Бенефициар банкі __________________ БСК ___________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Төлемнің атауы

БЖК

ТМК

Сомасы

Жеке табыс салығы





Қосымша құн салығы





Әлеуметтік салық





Төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы









БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):



Қазақстан Республикасының аумағында 
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 3-қосымша    

Нысан

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

кассир

ТҮБІРТЕК (заңды тұлғалар үшін)
Резидент
Резидент емес
Ақша жөнелтуші ____________________________________________
___________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы немесе заңды тұлғаның филиалының,
        өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің атауы)
БСН _______________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Бенефициар_______________________ БСН______________________
         (мемлекеттік кіріс органы)
Бенефициар банкі __________________ БСК ___________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Төлемнің атауы

БЖК

ТМК

Сомасы

Корпоративтік табыс салығы




Акциздер




ҚҚС




Әлеуметтік салық




БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):__________________ Күні __________

Басшының тегі, аты,             Бас бухгалтердің тегі,
әкесінің аты                    аты, әкесінің аты
__________________________      ___________________________

Қолы ______________ Мөр (бар болса) Қолы ______________

кассир

ХАБАРЛАМА (дара кәсіпкерлер үшін)
Резидент
Резидент емес
Ақша жөнелтуші_____________________________________________
    (заңды тұлғаның атауы немесе заңды тұлғаның филиалының,
          өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің атауы)
БСН __________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Бенефициар _______________________ БСН_____________________
          (мемлекеттік кіріс органы)
Бенефициар банкі __________________ БСК ___________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Төлемнің атауы

БЖК

ТМК

Сомасы

Корпоративтік табыс салығы




Акциздер




ҚҚС




Әлеуметтік салық








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):__________________ Күні __________

Басшының тегі, аты,             Бас бухгалтердің тегі,
әкесінің аты                    аты, әкесінің аты
__________________________      ___________________________


Қолы ______________ Мөр (бар болса) Қолы ______________

Қазақстан Республикасының аумағында 
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 4-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Нысан


ТҮБІРТЕК                            Резидент     
(зейнетақы төлемдеріне арналған)    Резидент емес

Ақша жөнелтуші ______________________ СТН ___________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны ____________________
_____________________________________________________________
Бенефициар _____________ СТН_____________ ЖСК _______________
Бенефициар банкі _____________________ БСК __________________
 

Төлемнің атауы

ТМК

Сомасы

Міндетті зейнетақы жарнасы

010


Еркін зейнетақы жарнасы

013


Өсімпұл

019





БАРЛЫҒЫ (Сомасы жазумен): ____________________________________
Күні _____________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні ___________________________________
______________________________________________________________
Қолы _______________

Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

р/с

Әлеуметтік жеке код

Аты-жөні

Аты-жөні (Әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін)

Туған күні

СТН

Кезең

Сомасы

























Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________________________
_________________________________________________________________
Қолы __________________
Күні __________________

Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кассир:

ХАБАРЛАМА                        Резидент
(зейнетақы төлемдеріне арналған) Резидент емес

Ақша жөнелтуші __________________ СТН _____________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________________
___________________________________________________________________
Бенефициар ____________ СТН _________________ ЖСК _________________
Бенефициар банкі ______________________ БСК _______________________
______________________________________

Төлемнің атауы

ТМК

Сомасы

Міндетті зейнетақы жарнасы

010


Еркін зейнетақы жарнасы

013


Өсімпұл

019





БАРЛЫҒЫ (Сомасы жазумен):____________________________________
Күні __________________

Ақша жөнелтушінің аты-жөні _________________________________
Қолы __________________

Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

р/с

Әлеуметтік жеке код

Аты-жөні

Аты-жөні (Әлеуметтік жеке код алу үшін тіркеу карточкасында (өзгерген болса, көрсетілсін)

Туған күні

СТН

Кезең

Сомасы

1.








2.








3.








Ақша жөнелтушінің аты-жөні _____________________________________
Күні __________________
Қолы _______________


Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)


Ескерту:* БЖК-ны жыл сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітеді

Қазақстан Республикасының аумағында 
банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына 5-қосымша     

Нысан

      Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының  2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Кассир:

ТҮБГРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін)
Резидент  
Резидент емес  
Ақша жөнелтуші  ___________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
Бенефициар «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
РМҚК
БСК ______________

Төлемнің атауы

ТМК

Сома

Әлеуметтік аударымдар

012


Өсімпұл

017








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):
Күні ____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________________
Қолы _____________                       Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Жеке сәйкесте ндіру нөмірі

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру нөмірін алуға арналған тіркеу карточкасындағы (өзгерсе, көрсету қажет)

Туған күні

Кезең (ай, жыл)

Сома

1.







2.







3.





















ЖИЫНТЫҒЫ:





Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні __________________________________________
Қолы _____________________

Кассир:

ТҮБГРТЕК (әлеуметтік аударымдар үшін)
Резидент  
Резидент емес  
Ақша жөнелтуші  _____________________
ЖСН/БСН _____________________________
Ақша жөнелтушінің мекенжайы мен телефоны __________________
___________________________________________________________
Бенефициар «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК
БСН _________________
ЖСК _________________
Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
РМҚК
БСК ______________

Төлемнің атауы

ТМК

Сома

Әлеуметтік аударымдар

012


Өсімпұл

017








БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша):
Күні _____________________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні ______________________________________
Қолы _____________________

Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Жеке сәйкесте ндіру нөмірі

Аты-жөні

Аты-жөні (жеке сәйкестендіру нөмірін алуға арналған тіркеу карточкасындағы (өзгерсе, көрсету қажет)

Туған күні

Кезең (ай, жыл)

Сома

1.







2.







3.





















ЖИЫНТЫҒЫ:





Күні _____________+________
Ақша жөнелтушінің аты-жөні _______________________________________
Қолы ______________________

Мөрдің орны (егер мөрі бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады