Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау, оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну мерзімдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 81 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 14 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4867 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы  Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудиторлық ұйымдар аудиторлық есепті жасайды және оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай мерзімдерде:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ қаржы ұйымдарының қаржылық есептілігі бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде;
      2) еншілес ұйымдары бар қаржы ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің, "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігі бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, қаржы ұйымдарына жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады