"Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 213 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 170 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4871 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 278 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.09.2013 № 278 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және 10-бабына сәйкес және Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізгіштік қабілетінің шектелуіне байланысты  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімдемесінде N 3107 болып тіркелген және "Юридическая газетінің" 17 қарашада N 213 (947) санында басылған "Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 213 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу  ережесінде :

      Ереженің 10-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін
           жасау тәртібі

      57. Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін (бұдан әрі - Тәуліктік кесте) Жүйелік оператор жасайды және бекітеді және электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығына қатысушылармен жасасылған электр энергиясын сатып алу-сату бойынша шарттарға сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікке электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамасын реттейтін негізгі құжат болып табылады.
      58. Тәуліктік кесте Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын жеткізу шарттарының, орталықтандырылған саудаларда жасасқан мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шарттық сальдо-ағындарын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Жүйелік оператор Тәуліктік кестені күн сайын алдағы операциялық тәуліктерге жасайды. Сенбіге, жексенбі мен дүйсенбіге арналған Тәуліктік кесте жұма күні, мерекелік күндерге - мерекенің алдындағы жұмыс күні жасалады.
      59. Тәуліктік кестеде есеп айырысатын тәуліктердің әрбір сағатына өндірілетін және тұтынатын электр энергиясының көлемі (электр қуатының орташа сағаттық мәні) көрсетіледі.
      60. Тәуліктік кестені Жүйелік оператор мыналарды негізге ала отырып жасайды:
      1) тұтынушылармен келісілген және электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында жасасқан шарттарға сәйкес жасалған алдағы тәуліктердің әрбір сағатына арналған электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу жөніндегі энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдері. Өтінімдерде электр энергиясын соңғы тұтынушы көрсетіледі;
      2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы берген электр энергиясының орталықтандырылған саудасының нәтижелері (операциялық тәуліктер ішіндегі спот-сауда-саттығының нәтижелерін қоспағанда);
      3) өңірлік электр желілік компаниялардан түскен өңірлік электр желілік компанияларға қосылған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері бойынша бөле отырып, ұлттық және өңірлік электр тораптарының шекараларындағы ұлттық электр тораптарынан электр энергиясын босату-қабылдаудың сағаттық тәуліктік кестелері;
      4) тұтынушылармен және энергия өндіруші ұйымдармен келісілген өзге ұйымдардан түскен өтінімдер;
      5) басқа мемлекеттердің энергия өндіретін ұйымдарының энергия жүйелерінен түскен өтінімдер.
      61. Тәуліктік кестеде операциялық тәуліктердің 24 сағатының әрбір сағаты үшін жоспарланатын мынадай параметрлердің орташа сағаттық мәні көрсетіледі:
      1) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда және оның ішінде, өңірлік және жеке электр станциялар бойынша өндірілетін электр энергиясы;
      2) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда және оның ішінде, өңірлер бойынша тұтынылатын электр энергиясы;
      3) іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге электр энергиясының сальдо-ағындары;
      4) ұлттық және өңірлік электр тораптарының шекараларындағы электр энергиясының сальдо-ағындары;
      5) әрбір электр станциясының жеке қажеттіліктеріне арналған электр энергиясының шығысы;
      6) әрбір энергия өндіретін ұйым сатып алатын электр энергиясының сағаттық көлемдері;
      7) әрбір энергия өндіретін ұйымнан түскен оның әрбір нақтылы тұтынушысы - сатып алу/сатудың екі жақты шарттары бойынша, орталықтандырылған саудада жасасқан мәмілелер бойынша жеткізіп беруді есепке алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі бойынша бөле отырып, электр энергиясын жеткізудің сағаттық көлемдері;
      8) әрбір жеткізушінің, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасының нәтижелері бойынша жалпы, бөле отырып, әрбір тұтынушының жүктемесі;
      9) ұлттық электр торабында, өңірлік және жергілікті деңгейдегі электр тораптарында электр энергиясының технологиялық шығысын қарымталауға арналған электр энергиясының көлемдері;
      10) гидроэлектростанциялардағы сулардың шығыстары;
      11) бақылауға алынған қималар бойынша электр энергиясының ағындары;
      12) электр қуаты резервтерінің Пулына қатысушылардың резервтік қуатының шамасы;
      13) Жүйелік оператор құрған электр қуатының жедел резервінің шамасы.
      62. Өңірлік электр өндіретін ұйымдардың өтінімдері өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі, ұлттық маңызы бар энергия өндіретін ұйымдардың өтінімдері тікелей Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығына белгіленген нысанда беріледі.
      63. Солтүстік энергия көздерінен Қазақстанның Оңтүстік аймағының көтерме нарық субъектісінің мәлімделген электр энергиясын жеткізу көлемі Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің осы субъект үшін бөлінген көлемінен аспауы тиіс.
      64. Жүйелік оператор қабылданған өтінімдерді жария етілген жеткізілімдердің негізділігін растау үшін олар тіркеген электр энергиясын сатып алу/сату, жүйелік қызметтерді көрсету шарттарымен салыстырады. Жүйелік оператор берілген өтінімдердің Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының орнықтылығы және сенімділігі белгілерімен сәйкестігіне техникалық іске асырылуы мәніне техникалық сараптаманы жүзеге асырады.
      65. Өтінімді Жүйелік оператор мына жағдайларда қайтаруы мүмкін:
      1) Жүйелік оператор тіркеген шарттар болмаған кезде;
      2) электр энергиясының экспорты-импорты кезінде кеден заңнамасымен көзделген құжаттар болмаған кезде;
      3) өтінімде жауапты адамның қолы болмаған кезде;
      4) өтінім осы Тәртіппен белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген кезде;
      5) өтінімдердің Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігінің белгілеріне сәйкес келмеген кезде;
      6) осы Тәртіптің 67-3-тармағына Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетіне бөлінген көлемдерге Қазақстанның Оңтүстік аймағы көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын жеткізуге арналған өтінімдер сәйкес келмеген кезде.
      66. Тәуліктік кестені жасау кезінде алдағы тәуліктерге арналған электр энергиясын жеткізуге өтінімдер болмаған кезде Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның соңғы берген өтінімін есепке алады.
      67. Энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көтерме сауда тұтынушысына жеткізу көлемі Тәуліктік кестедегі тұтынушының өтініміндегі тұтыну көлеміне сәйкес келмеген жағдайда Жүйелік оператор жария етілген көлемдердің ең төменгісін есепке алады.
      67-1. Гидроэлектр станциялар рұқсат етілген су шығындарын бұзған жағдайда, Жүйелік оператор станцияның өтінімін пысықтау үшін қайтарады.
      67-2. Жүйелік оператор электр энергиясын өндіру аралығында теңгерімдеу болмаған жағдайда станциялардың жеке және технологиялық қажеттіліктеріне кететін шығыс пен тұтынушыларға жеткізілетін жиынтық көлемді есепке ала отырып, сондай-ақ жария етілген өндіру станциялардың жұмыс істеп тұрған жабдықтарының техникалық сипаттамаларына сәйкес келмеген жағдайда энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын жеткізуге арналған өтінімдерін пысықтауға қайтарады.
      67-3. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті өткізу қабілетінің бөлу механизмі мынадай:
      1) Жүйелік оператор Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан транзиті өткізу қабілетінің шамасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізбесінде N 1708 тіркелген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  N 314 бұйрығымен бекітілген "Электр желілік ережелерге" сәйкес, транзиттің орнықтылығы жөніндегі техникалық талаптарға сүйене отырып, жоспарланған режимдер мен электр желілік жабдықтардағы жөндеулерді, жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына (ЖААА) қосылған жүктеме көлемін ұлттық электр торабындағы ысыраптың қарымталануын шегере отырып, анықтайды;
      2) Жүйелік оператор тоқсан сайын Қазақстанның БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр энергиясын өндіру-тұтынудың (орташа сағаттық қуаты) алдағы тоқсанға арналған болжамдық теңгерімін (бұдан әрі - Болжамдық теңгерім) өткен жылдардың осындай кезеңдеріндегі тұтыну жөніндегі нақтылы деректердің негізінде, тұтынудың болжамдық өзгерістері мен Жамбыл ГРЭС-ін қоспағанда, электр энергиясын жоспарлы өндіру туралы энергия көздері ұсынған өтінімдерді есепке ала отырып, қосымша бойынша әзірлейді;
      3) Болжамдық теңгерім Жамбыл ГРЭС-тің өндіруін қоспағанда, Қазақстанның Оңтүстік аймағының тұтынуы мен өндіруінің арасындағы айырмасы ретінде электр энергиясы тапшылығының жиынтық шамасын анықтайды;
      4) Болжамдық теңгерім тұтынушының электр энергиясы тапшылығының шамасын (орташа сағаттық қуат) өңірлік энергия көздерінің тұтынуы мен өндіруі арасындағы айырмасы ретінде анықтайды. Бір өңірдегі электр желілік тарату компаниялары мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясы тапшылығының шамасы өңірлік энергия көздерінің тұтынуы мен өндіруінің арасындағы айырмасы ретінде анықталады;
      5) Бөлу коэффициенті транзиттің өткізу қабілеті шамасының электр энергиясының болжанылып отырған тапшылығының жиынтық шамасына қатынасы ретінде анықталады;
      6) Тұтынушы үшін транзиттің өткізу қабілеті резервінің шамасы Бөлу коэффициенті мен оның тапшылығын туғызу ретінде анықталады;
      7) Энергия жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары ауысқан я болмаса электр энергиясының көтерме сауда нарығына өз бетінше шыққан кезде Жүйелік оператор өткізу қабілеті резервінің шамасына тиісті түзетулер енгізуді көздейді. Түзету енгізу әдеттегідей, тоқсан сайын жүргізілуі мүмкін;
      8) Жүйелік оператор тоқсан басталғанға дейінгі 15 күн ішінде Оңтүстік Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдары мен көтерме сауда тұтынушыларының назарына электр энергиясының болжанылып отырған шамасын, бөлу коэффициентін, әрбір тұтынушы үшін транзиттің өткізу қабілеті резервінің шамасын қосымшаның нысаны бойынша жеткізеді;
      9) Жүйелік оператор электр энергиясын тұтынушылар үшін резервтелген өткізу қабілетінің көлеміне Қазақстанның Оңтүстік аймағы тұтынушыларының нақты тұтынуының болжамнан айтарлықтай және/немесе ұзақ уақыт бойы ауытқуы сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті жұмыс режимінің өзгеруі жағдайларында түзету енгізеді.
      10) Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін бөлудің осы механизімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде, оның ішінде, бірақ ұйғарымдармен, бұйрықтармен немесе Үкіметтің тарапынан әкімшілік кедергі келтірулермен немесе қандай да болмасын қаулылармен, әкімшілік немесе өзге шек қоюлармен шектеу қойылмаса, Жүйелік оператордың көрсетілген Механизмді қолданбай-ақ электр энергиясын бөлуді жүргізуге құқығы бар.
      67-4. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін барынша толығымен пайдалану мақсатында көрсетілген қима бойынша электр энергиясын жеткізу Жүйелік оператордың дәлме-дәл кестесімен жоспарланады.
      67-5. Орталықсыздандырылған сауда нарығында жасасқан шарттар бойынша өтінімдер болып өткен операция тәулігінің 11:00 сағатына дейін (бұл жерде және бұдан әрі астана уақыты) жіберіледі. Бір тәуліктен астам кезеңге қолданылатын өтінімдерді электр энергиясының көтерме сауда субъектілерінің беруіне жол беріледі. Өтінімдер Жүйелік оператор белгілеген нысан бойынша факсимилды растауымен бірге электронды пошта арқылы (Internet) Жүйелік операторға жіберіледі. Сенбіге, жексенбі мен дүйсенбіге жұма күні, мерекелік күндерге - мерекенің алдындағы жұмыс күні беріледі.
      67-6. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нәтижелерін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының операторы болып өткен операция 14 тәулігіне дейін жібереді. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері сенбіге, жексенбі мен дүйсенбіге жұма күні, мерекелік күндерге - мерекенің алдындағы жұмыс күні беріледі.
      67-7. 16:00 сағатқа дейін Жүйелік оператор электр энергиясының мемлекетаралық келісім-шарттық ағындарының кестесін көрші мемлекеттердің уәкілетті диспетчерлік бөлімшелерімен келіседі.
      67-8. Жүйелік оператордың заңнамамен белгіленген тәртіппен бекіткен тәуліктік кестесі болып өткен операция тәулігінің 17:00 сағатына дейін ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясы нарығының субъектілеріне, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторына, ұлттық электр торабына қосылған нүктелерде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуге жауапты нарық субъектілеріне жіберіледі.
      67-9. Бекітілген тәуліктік кестеге түзету енгізуге операциялық сағат басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірілмей, жол беріледі. Түзету енгізуді электр энергиясын сатып алу/сату шарттары бойынша контрагенттермен келісу бойынша энергия өндіруші ұйымдар жүргізеді. Техникалық іске асуы мүмкін болған жағдайда түзету тәуліктік кестеге енгізіледі. Түзетілген тәуліктік кесте операциялық тәулік аяқталғаннан кейін ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясы нарығының субъектілеріне, ұлттық электр торабына қосылған нүктелерде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуге жауапты нарық субъектілеріне жіберіледі.
      67-10. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында іске қосылған қуат резервін Жүйелік оператор бекітілген Тәуліктік кестеге түзету ретінде ресімдейді.".

      2. Жүйелік оператор - "КЕGOC" АҚ Ережеге енгізілген өзгеріске сәйкес Қазақстанның Оңтүстік аймағының тұтынушыларына арналған Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізгіштік қабілетін таратсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі А.М. Сәтқалиевке жүктелсін.

      4. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Бертісбаев) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігі Төрағасы
      2007 жылғы 18 шілде 

                                Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі,
                                   жүйелік және қосалқы қызметтер
                                   нарығын ұйымдастыру және жұмыс
                                       істеу ережесіне қосымша

   Қазақстанның БЭЖ-Оңтүстік аймағының электр энергиясын
     өндіру-тұтынудың (орташа сағаттық қуаты) алдағы
   200__жылғы___тоқсанға арналған болжамдық теңгерімі

                                               (МВт)


Тұты- ну бол- жам- дығы

Облыс стан- ция- лары- нан жеткі- зулер

Электр энергиясы тапшылығы

бар- лығы

Тапшылықты жабу, соның ішінде

Солтүс- тік энергия көзде- рінен

Жамбыл МАЭС тен

Орта- лық Азия мемле- кетте- рінен

Оңтүстік Қазақстан, барлығы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

Оңтүстік Қазақстан
облысы, барлығы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "Оңтүстік Жарық" ЖШС

0


0

0

0


"Энергопоток" ЖШС



0

0

0


"Казфосфат" ЖШС (ЦСМС)



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары+ӨМ







Оңтүстік Қазақстан
облысының ұсақ көтерме тұтынушылары

0

0

0

0

0


оның ішінде "Таукен
компаниясы" ЖШС (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


"Шалкия Цинк" КОФ (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


"Южполиметалл" ӨК АҚ



0

0

0


"Химфарм" АҚ



0

0

0


"Нурибал" ЖАҚ



0

0

0


"Сас-Төбе цемент" ЖШС



0

0

0


"Амангелді" ЖШС



0

0

0


"Катко" БӨ ЖШС



0

0

0


"ШКОЗ", "Рахат" ЖШС



0


Жамбыл облысы, барлығы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "ЖЭС" АҚ (шығындар)



0

0

0


"ЖОЭС" ЖШС



0

0

0


"Казфосфат" ЖШС (ЦСМС)



0

0

0


"Химпром-2030" ЖШС



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары+ӨМ



0

0

0


Жамбыл облысының ұсақ көтерме  тұтынушылары:
соның ішінде

0

0

0

0

0


"Восточное РУ" АҚ



0

0

0


"Ақбақай КБК" АҚ



0

0

0


"Қазақмыс"  АҚ (Шатыркөл)



0

0

0


Қызылорда облысы, облысы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "Қ-О ӨЭЖК" АҚ (шығындар)



0

0

0


"Қызылордаэнергосбыт" ЖШС



0

0

0


К-О облысының АЭЖ-рі



0

0

0


"Байқоңырэнерго" ӨЭБ"
МУӨ



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары+ӨМ







Қызылорда облысының
ұсақ көтерме тұтынушылары

0

0

0

0

0


оның ішінде "Таукен компаниясы" ЖШС (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАК-тың басқалары

0


0

0

0


"Шалқия цинк ЛТД" АҚ (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


Алматы облысы, барлығы

0

0

0

0

0


соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "АПК" АҚ (бөлшек тұтынушылары
+шығындар+ӨМ)



0




"Алматыэнергосбыт" ЖШС



0

0

0


"ТАТЭК" АҚ (шығындар)



0

0

0


"Жетісуэнерготрейд" ЖШС 



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары +ӨМ (Талдықорған торабы)







Алматы облысының басқалары, барлығы:

0

0

0

0

0


"Восточное РУ" АҚ



0

0

0


"Балқашэнерго-1" ЖШС (Үлкен)



0

0

0


"Талдықорғантеплосервис" МКӨ



0

0

0


"Жетісуводаканал" ОМКӨ



0

0

0


"Тоқсым" ЖШС



0

0

0


"Қайнар" ААҚ



0

0

0


"АСПМК-519" ЖШС



0

0

0


         Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік
      транзитінің өткізгіштік қабілеті                 631 МВт
      Бөлу коэффициенті                                _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады