Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 278 бұйрығы

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) «Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 213 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте № 3107 болып енгізілді, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 17 қарашада № 213 (947), «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 17 қарашада № 149 (773) жарияланды);
      2) «Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 213 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 170 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 15 тамызда № 4871 болып енгізілді, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 24 тамызда 2007 жылғы № 130 (1333), «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 28 тамыз № 131 (1160), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы маусым-тамызда жарияланды);
      3) «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 2) тармақшасының Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 337 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 6013 болып енгізілді, «Юридическая газета» газетінде 2010 жылғы 6 сәуірде № 47 (1844), «Заң газеті» газетінде 2010 жылғы 6 сәуірде № 47 (1669) жарияланды).
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментi (Ж.Қ. Бөкенбаев) бiр апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықтың көшiрмесiн жiберсiн және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                     Ә. Исекешев

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      _______________ М. Оспанов
      2013 жылғы «___» __________

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау
      агенттігінің төрағасы
      ____________ Б. Қуандықов
      2013 жылғы «___» ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады