Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2015 № 430 бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы N 49-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2214 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырда N 20 жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3878 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2005 жылғы 29 қазанда N 45 нөмірмен жарияланған" Табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы N 49-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесінде:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) орталық уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) аумақтық уәкілетті органдар - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.";
7-тармақтағы "уәкiлеттi органға" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген Субъектінің қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініші тиісті аумақтық уәкілетті органға беріледі.
Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген Субъектінің қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініші, сондай-ақ екі және одан көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын Субъектілерді біріктіру, қосу тәсілімен қайта ұйымдастыру жүргізу кезінде орталық уәкілетті органға беріледі.";
9-тармақтағы "Субъект мүлкінің иесi" деген сөздер ", Субъект" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта:
"Субъект мүлкінің иесi" деген сөздер "Субъект" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшасындағы "немесе тарату" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақтағы "өтінішті қараудан бас тартуға" деген сөздер "өтінішті қабылдамауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпарат тігілген, уәкілетті тұлғалар қол қойған және Субъектінің мөрімен расталған түрінде қағаз жеткізгіштерімен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптардың сақталмауы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.";
17-тармақта:
"негіз бола алмайды" деген сөздер "негіз болмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Субъекті мүлкінің иесі" деген сөздер "Субъекті" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тізімдемесін" деген сөзден кейін "көрсетуге тиіс" деген сөздермен толықтырылсын, "не Субъекті мүлкінің иесінің коммерциялық құпия құрайтын мәліметтер тізімдемесін бекіту туралы актісінің көшірмесі қоса берілуге тиісті" деген сөздер алып тасталсын.
18-тармақта "негіз бола алмайды" деген сөздер "негіз болмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтағы "Субъекті мүлкінің иесімен" деген сөздер "Субъекті" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "өтінішті қарау мерзімі 30 күннен аспауы керек" деген сөздер "15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімді құрайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
21 және 22-тармақтар алып тасталсын;
23-тармақтағы "Субъекті мүлкінің иесі" деген сөздер "Субъектінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Өтінішті қараудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган:
1) өтінішті қанағаттандырады;
2) өтінішті қабылдамайды;
3) өтінішті қанағаттандырудан бас тартады.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін
атқарушы