Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4916 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 418-ө бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.11.25 № 418-ө (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  16-бабы 20) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі;
      2) Әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормалары бекітілсін.

      2. "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3443 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, N 15, 101 бетте жарияланған, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 ақпандағы  N 44-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

      3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С.Әбденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен белгіленген заңнамалық тәртіппен баспасөз құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М.Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "Келісілген"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
      2007 жылғы 31 шілде

Қазақстан Республикасы       
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  
министрдің міндетін атқарушының  
2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө   
бұйрығымен бекітілген       

Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың
ТІЗІМІ 1-тарау. Металл өңдеу $1. Құю жұмыстары

      1. Ваграншы
      2. Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы
      3. Шихтаны қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шихта толтырушы
      4. Қорытпаны қайнатушы
      5. Металды құюшы
      6. Пневматикалық құралдарда жұмыс істейтін кесуші
      7. Металдар мен балқымаларды қорытушы
      8. Конвейерге ыстық қорытпа ілумен және тоннельдердегі құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар

  $2. Дәнекерлеу жұмыстары

      9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биіктігі 10 метрден асатын байланыстың биік құрылыстарында (мұнараларда, діңгектерде) және жоғары өрмелейтін жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеуші

  $3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту
және сығу жұмыстары

      10. Қол жұмысымен айналысатын сығушы
      11. Қазандықшы
      12. Пневматикалық қол аспаптары жұмысында істейтін нақыштаушы

  $4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар

      13. Ыстық жұмыстарда істейтін құрсаушы
      14. Металл жылытушы (дәнекерлеуші)
      15. Диаметрі 10 мм асатын сымнан серите орау кезінде ыстық жұмыстарда істейтін серіппеші
      16. Ыстық күйінде шығыршықты домалатумен айналысушы
      17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы

  $5. Металл қаптау және сырлау

      18. Кессон-бактардың ішкі саңлауларын бітеумен айналысатын саңлау бітеуші
      19. Ыстықтай тәсілмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысушы қорғасындаушы

  $6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары

      20. Діріл әсері қолға берілетін пневматикалық аспаптармен жұмыс істейтін бұрандашы-пневматик
      21. Ыстық прокаттау, өрнектеу, эмальдау, кабель өндірісінде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлімшелерінде жабдықтарды реттеумен айналысатын жөндеуші слесарь

  $7. Қорғасынмен жұмыс

      22. Қорытумен, ағызумен, прокаттаумен, тартумен, қалыптасумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдерді қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар

  2-тарау. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары

      23. Игіш қол станоктары мен қайшыларды қаңқа тіректерді қолмен орнатумен айналысатын арматуршы
      24. Асфальт бетондаушы
      25. Қайнатушы-асфалытаушы
      26. Гидромониторшы
      27. Жер үңгіп-қазушы
      28. Тас қашаушы
      29. Тас қалаушы
      30. Су астындағы камерада (кессон) жұмыс істейтін аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы
      31. Орамдалған жабынды және жеке материалдармен істейтін шатыршы
      32. Болат жабындымен істейтін шатыршы
      33. Автогудронаттар машинисі
      34. Автогрейдер машинисі
      35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисі
      36. Битум ерітетін жылжымалы қондырғы машинисі
      37. Бульдозер машинисі
      38. Грейдер-элеватор машинисі
      39. Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисі
      40. Асфальт-бетон төсегіш машинисі
      41. Бір ожауы экскаватор машинисі, роторлы экскаватор машинисі
      42. Двигателі іштен жанатын жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисі
      43. Болат және темір-бетон құрылғыларын монтаждауда биікте және жоғары өрмелейтін жұмыстармен айналысатын монтажшы
      44. Биікте жұмыс істейтін антеннашы-байланыс монтажшысы
      45. Пештерді ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзімді жұмысшы
      46. Өнеркәсіптік темір-бетон құбырларын төсейтін құбыр төсеуші
      47. Қорғасынмен дәнекерлеуші
      48. Өнеркәсіптік кірпіш құбырларын төсейтін құбыр төсеуші

    3-тарау. Тау-кен жұмыстары

      49. Кен өндіру өнеркәсібінің жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшін бекітілген жұмыс күші нормалары шегінен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары
      50. Қара жұмыспен айналыспайтын жұмысшылар мен мамандар, сондай-ақ әйелдер үшін бекітілген жұмыс күші нормалары шегінен аспайтын қара жұмыспен айналысатын жұмысшылар мен мамандардың жұмысынан басқа ашық кен жұмыстары және жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кеніштердің үсті, байыту, агломераттау, брикеттеу жұмыстары

  $1. Кен және күрделі тау-кен жұмыстарының
жалпы мамандықтары

      51. Скважина бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисі, шпур бұрғылаушысы
      52. Қопарғыш, қопару жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы
      53. Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тау-кен жұмысшысы
      54. Шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші
      55. Бұрғылау қондырғысының машинисі, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі
      56. Бекітуші
      57. Ұста-бұрғы майлаушы
      58. Тиеу машинасының машинисі
      59. Шахта оқпандарына өн бойымен толық бұрғылау жөніндегі қондырғы машинисі
      60. Машинист, машинист көмекшісі, ауыр өзі жүретін және көлік машиналарының жүргізушісі (ауыр жүк автомобильдері, өзі жүк түсіретін автомобильдер, жер қазатын машиналар, экскаватор, трактор, бульдозерлер)
      61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы
      62. Қазба жүргізуші
      63. Ствол орнатушы
      64. Тазалаушы

  $2. Байыту, агломерация, брикеттеудің
жалпы мамандықтары

      65. Сазбалшық өндірісінде ыстықтай күйдірілген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы
      66. Сынап өндіруде шикізатпен материалдарды күйдірумен айналысатын күйдіруші
      67. Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кеніштердің, шахталар мен металлургия кәсіпорындарының жұмысты атқару кезінде шаң-тозаң шығаратын, 10 процент және одан да астам қос қышқылды кремний түзілетін қара, түсті және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмірді ұнтақтау, ұсақтау майдалау және шихтілеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер
      68. Қорғасын байыту цехтарында істейтін жұмысшылар

  4-тарау. Геологиялық барлау және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар

      69. Қопарғыш
      70. Геодезиялық белгілерді құрастырушы
      71. Дала жағдайында жұмыс істейтін кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары

  5-тарау. Скважиналарды бұрғылау

      72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы
      73. Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеуші, мұнара құрастырушы электр монтері
      74. Бұрғылау қондырғысының машинисі
      75. Скважинаны цементтеу жөніндегі машинист
      76. Цементтеу агрегатының моторисі
      77. Цемент-құм араластырғыш агрегат моторисі
      78. Құбырларды престеуші
      79. Мұнай мен газ (бірінші және екінші) пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы көмекшісі
      80. Бұрғылау қондырғысы (бірінші және екінші) машинисінің көмекшісі
      81. Қолмен ерітінді әзірлеумен айналысатын бұрғылау ерітіндісін әзірлеуші
      82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь
      83. Тікелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь
      84. Бұрғы құлыптарын орнатушы
      85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсететін электр монтері

  6-тарау. Мұнай және газ өндіру

      86. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы
      87. Скважиналарды күрделі жөндеуден өткізетін бұрғылаушы
      88. Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисі
      89. Жылжымалы компрессор машинисі
      90. Көтергіш машинисі
      91. Жуу агрегатының машинисі
      92. Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсілмен жару операторы
      93. Скважиналарды жер астында жөндеуші оператор
      94. Скважиналарды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау жөніндегі оператор
      95. Скважиналарды химиялық өңдеу жөніндегі оператор
      96. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі
      97. Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі
      98. Жер астында мұнай өндірумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
      99. Метанол мен қышқыл қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
      100. Теңіз бұрғылары мен көпірлерінің негіздіктерін құрастыру және жөндеу жөніндегі слесарь
      101. Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь

  7-тарау. Қара металлургия $1. Қара металлургияның жалпы мамандықтары

      102. Балқыған металдармен жұмыс істейтін ожаушы
      103. Прокат және құбыр өндірісінің камералық пештері мен құдықтарында әдістемелік жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы
      104. Пневматикалық құралдармен жұмыс істейтін металдың сыртқы кеселдерін өңдеуші

  $2. Домна өндірісі

      105. Домна пешінің үстін қараушы
      106. Домна пешінің су құбыршысы
      107. Домна пешінің көрікшісі
      108. Вагон-салмақ машинисі
      109. Скипші

  $3. Болат балқыту өндірісі

      110. Үйінді машинасының машинисі
      111. Миксерші
      112. Блоктарды қағушы
      113. Қышқыл жойғыштарды балқытушы
      114. Конверттерде, темірді бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы
      115. Болат құюшы
      116. Конвертерде, темірде бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы

  $4. Прокат өндірісі

      117. Ыстық прокат станының біліктеушісі
      118. Балқыма қайнатушысы
      119. Қаптаған болат білуші
      120. Ыстық прокат станының қолғанат біліктеушілері
      121. Рельстерді бекітетін қыстырғыш-престеуші
      122. Сортты прокат өндірісінде істейтін өткізуші слесарь

  $5. Құбыр өндірісі

      123. Калибрлеу станының, құбырларды ыстық прокаттау станының, құбырларды пеште дәнекерлеу станының, құбырларды салқын прокаттау станының, құбырларды қалыптау станының біліктеушісі
      124. Механикаландырылмаған стандарда істейтін құбырлар тартушы
      125. Престе құбырларды калибрлеуші
      126. Балға мен пресс ұстасы
      127. Құбырларды ыстық прокаттау, құбырларды салқын прокаттау стандарының қолғанат біліктеушісі

  $6. Ферросплав өндірісі

      128. Ферросплав пештерінің көрікшісі
      129. Балқытушы, ферросплав балқытушысы
      130. Алюминді-термиялық әдіспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар
      131. Ашық иінді пештерде кремний балқыламарын балқытумен айналысатын жұмысшылар

  $7. Химиялық кокс өндірісі

      132. Барий құюшы
      133. Есікте тұрушы
      134. Ұсақтаушы
      135. Люкте тұрушы
      136. Бензол өндірісінде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тікелей айналысатын қызметкерлер
      137. Кокстендірілетін өнімдерді аулау цехында фенольды қондырғыға күтім көрсетумен айналысатын скрубберші-насосшы
      138. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеуші

  8-тарау. Түсті металлургия $1. Түсті металлургияның жалпы мамандықтары

      139. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде анодтарды астыңғы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы
      140. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде катод өзектерінің астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы
      141. Балқытушы
      142. Қыздырушы
      143. Қауіптілігі бірінші және екінші сыныпты химиялық заттарды пайдалана отырып, тантал, ниобий өндірісімен және олардың қосындысы мен олардан жасалатын бұйымдармен тікелей айналысатын жұмысшылар
      144. Қатты балқымаларды жымдастырушы
      145. Негізгі металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші

  $2. Түсті және сирек металдар өндірісі,
түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі

      146. Алюминий, магний өндірісіндегі анодшы
      147. Титан ысқыштарды қағып шығарушы
      148. Металды құйып төгуші
      149. Катодшы
      150. Конвертерші
      151. Конденсаторшы
      152. Ванналар мен пештерді құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы
      153. Сынапты шыңдаушы
      154. Титан мен сирек металдарды қалпына келтіріп тазартумен айналысатын пешші
      155. Активті никель ұнтақтарын қалпына келтіру жөніндегі пешші
      156. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші
      157. Вельцпештерде мырыш окистерін алуда істейтін пешші
      158. Титан түзетін және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөніндегі пешші
      159. Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндірісінде істейтін жұмысшылар мен шеберлер
      160. Металды титан өндірісінде тетрахлоридті қалпына келтіру және металды тарту цехтарында (бөлімшелер мен учаскелерде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
      161. Лопарит концентратын хлорлау цехтарында істейтін жұмысшылар мен шеберлер
      162. Титан шикізатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлімшелерінде (учаскелерінде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
      163. Фьюминг қондырғысында шлакты возгон тәсілімен қайыра өңдеу бөлімінде істейтін жұмысшылар
      164. Балқыту цехтарында, сондай-ақ сынап өндірісінде тұқыл өңдеумен айналысатын жұмысшылар
      165. Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы
      166. Балқытылған тұздарды электролиздеуші

  $3. Берилли өндірісі, оның қосындысы және
одан жасалған бұйымдар

      167. Металл берили өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшы
      168. Берилли гидрототығын өндіруде фиьлтпрессорларды қолмен тазалаумен айналысатын аппаратшы
      169. Аммоний фторбериллатын өндірумен айналысатын аппаратшы
      170. Берилий тотығы ұнтағын алумен айналысатын аппаратшы
      171. Берилли тотығы ұнтағынан бұйым жасау өндірісінде берилли тотығы ұнтағын пайдалана отырып, операциямен айналысатын аппаратшы
      172. Берилли гидрототығы өндірісінде шихта материалдарын дайындаумен айналысатын аппаратшы
      173. Берилли өндірісінде шихта материалдарын балқытумен айналысатын аппаратшы
      174. Ветжүйеге қызмет көрсетумен айналысатын аппаратшы
      175. Берилли мен оның құймаларын, берилли тотығынан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен айналысатын жұмысшы (фрезерлеуші, токарь т.б.)
      176. Жеке қорғанудың оңашалаушы құралдарын пайдалана отырып жасайтын операциялардағы жұмысшылар
      177. Технологиялық және көмекші жабдықтарды жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеуші

  $4. Атом электр станциялары үшін отын өндіру

      178. Шөгіндідегі, шайғындаудағы, таблеткалар қалыптастырушы, дайын өнімді ақауын сұрыптаушы, бақылау және жинақтаудағы аппаратшылар, есепші, шаң мен газды ұстап қалатын жабдықтарға қызмет көрсетуші операторлардан басқа, технологиялық үдерісті жүргізумен тікелей айналысатын аппаратшылар
      179. Ұста-механик, ұста-электрик, автомат пен жартылай автоматты баптау, жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-сантехниктер, электромонтер

  9-тарау. Электр станциялары мен желілер
жабдықтарын жөндеу

      180. Қорғасын өзекті кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельді желілерді жөндеу және құрастыру жөніндегі электр монтері
      181. Жоғарғы вольтті электр таратқыш желілерді биікте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері

  10-тарау. Түрпілеу өндірісі

      182. Түрпілі бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, түрпілі шеңберлерді баланстап құюшы
      183. Түрпілеу өндірісінде кедергілік пешін ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисі
      184. Түрпілі материалдардың балқытушысы
      185. Кремний карбидін балқытушы
      186. Корунд цехында істейтін подинщик

  11-тарау. Электротехника өндірісі $1. Слесарлық жинау және электротехникалық
өндірістегі жалпы кәсіптер

      187. Сынап тазартушы
      188. Сынапты түзеткіштерін қалыпқа құюшы

  $2. Электрлі көмір өндірісі

      189. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар

  $3. Кабель өндірісі

      190. Қорғасынды ыстықтай құю әдісімен айналысатын, кабельдерді қорғасынмен немесе алюминиймен престеуші
      191. Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы

  $4. Химиялық ток көздерін өндіру

      192. Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы
      193. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшін) араластырушы
      194. Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетін қалдықтарды қорытушы
      195. Қалыптағы қорғасын пластиндерді штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиндерді бөлшектеуші

  12-тарау. Химия өндірісі

      196. Қауіптілігі 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдер үшін жұмыстар, химия өндірісіне жатпайтын негізгі өндіріске қызмет көрсетумен айналысатын химиялық зертханалардың лаборанттарын қоспағанда.

  $1. Химия өндірісінің жалпы мамандықтары

      197. Балқытуда және бабымен пісіруде істейтін балқыту аппаратшысы
      198. Каучукты көлденең қысыммен сүргілеумен айналысатын еселеп булаушы

  $2. Сары және қызыл фосфор өндірісі
және олардың қосындылары

      199. Шахталы саңлаулы пештерде, күйдіргіш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлімшелерінде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, фосфор тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тікелей айналысатын, жұмысшылар, басшылар мен мамандар

  $3. Үш хлорлы фосфор және бес
күкіртті фосфор өндірісі

      200. Негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар

  $4. Лак-сыр өндірісі

  $5. Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон,
ақ сыр, қорғасын көкшілі және жасыл бояу өндірісі

      201. Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар

  13-тарау. Резинаны қайта өңдеу $1. Резина қоспалары мен оларды қайта
өңдеу өндірісінің жалпы мамандықтары

      202. Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсірумен, ескек біліктерін вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы
      203. Резина араластырғыш
      204. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
      205. Ірі габаритті резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектерді вулканизациялауда (ірі қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) істейтін резина бұйымдарды жөндеуші

  $2. Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу

      206. Вулканизаторшы
      207. Покрышкаларды (ауыр жүктілер) жинаушы

  14-тарау. Мұнайды, газды, сланецті және көмірді
қайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнімдерін,
мұнай майларын өндіру

      208. Кокс түсіруші
      209. Кокс тазалаушы
      210. Хош иісті көмір сутегі өндірісінің экстракт цехтары мен бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
      211. Күкірт түзетін мұнай газын тазарту кезінде мышьяк ерітінділерін дайындаумен айналысатын жұмысшылар
      212. Бензинді этилдейтін технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
      213. Мұнай мен газ өңдеу қалдықтарын жинауға арналған қысымда және дренажды ыдыстарда жұмыс істейтін сауыттарды жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
      214. Жоғары мөлшердегі күкіртсутегісі бар газ жарылу қауіпті ортада алдын алу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар

  15-тарау. Целлюлоза, қағаз, картон және
олардан бұйым жасау өндірісі

      215. Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндірісімен айналысатын сорғызу аппаратшысы
      216. Хлор ерітумен айналысатын, химиялық ерітінділер дайындау аппаратшысы
      217. Целлюлоза қайнатушы
      218. Талшық шикізатын қайнатушы
      219. Ағаш булаушы
      220. Колчедан ұнтақтаушы
      221. Сульфат тиеуші
      222. Колчедан, күкірт пештерді және турм тиеуші
      223. Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеуші
      224. Қышқылдаушы
      225. Миксовщик
      226. Қышқылды резервуарларды кірпішпен айналдыра қалаушы
      227. Фибрлерді кесуші
      228. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндірісінде істейтін қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сіңіруші
      229. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші
      230. Содовщик
      231. Сульфитті целлюлоза және күкірт қышқылы өндірісінде істейтін жөндеуші-слесарь, жөндеу жөніндегі электромонтері, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері, майлаушы, өндірістік орындарда еден жуушы
      232. Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс істейтін, жылдам жүретін қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналармен айналысатын, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы
      233. Хлоршы

  16-тарау. Цемент өндірісі

      234. Қоймалжың тұнбалар бассейндері мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар

  17-тарау. Тас өңдеу және тастан
құйылатын бұйымдар өндірісі

      235. Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы
      236. Тас қашаушы
      237. Тас қайнатушы
      238. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диірмен машинисі
      239. Тас өңдейтін жабдықтарды реттеуші
      240. Фрезамен тас өңдеуші

  18-тарау. Темір-бетон және бетон
бұйымдары мен құрылғылар өндірісі

      241. Бетон және темір-бетон бұйымдарын кесуші

  19-тарау. Жылу сақтағыш материалдар өндірісі

      242. Битумшы
      243. Ваграншы

  20-тарау. Жұмсақ жабындылар мен су
өткізбейтін материалдар өндірісі

      244. Қайнатқыш қазандарды толтырушы

  21-тарау. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп $1. Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары

      245. Біліктерді механикаландырмай көтеріп-түсірумен айналысатын шлихталандыру жабдықтарының операторы
      246. Канализация орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтіру жұмыстарының слесары
      247. Тұту аппараттарын тазартып-қайраушы

  $2. Мақтаны алғашқы өңдеу

      248. Шикізатты және талшықты престеуші

  $3. Зығыр және кендір-талшық өндірісі

      249. Талшық дайындаушы

  $4. Жүн өндірісі

      250. Шұға өндірісіндегі тоқыма цехында істейтін шебер
      251. Техникалық шұға жуумен айналысатын жұмысшы

  $5. Киіз басу өндірісі

      252. Қалың киіздер дайындаумен айналысатын киіз басушы
      253. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киім саптаушы
      254. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киімдерді қалыптан шығарушы

  22-тарау. Тамақ өнеркәсібі $1. Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мамандықтары

      255. Қолмен тиеуде мерзімімен іске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететін кіріктіргіш аппаратшысы
      256. Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы
      257. Сүйек желімін дайындаушы
      258. Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисі
      259. Гофронды-ыдыс өндірісінің қалдықтарын тайлаумен айналысатын жұмысшылар

  $2. Ет өнімдері өндірісі

      260. Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:
      1) ірі және ұсақ мүйізді малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шынжырға ілу, қанын сорғызу;
      2) мүйізді ірі қараны сұрыптап қолмен терісін сыдыру, сұраптау;
      3) ұшасын бөлшектеп кесу;
      4) шошқаның ұшасы мен басын үйіту;
      5) мүйізді ірі қара малдың ұшасын көлденең әдіспен өңдеу
      6) терілерді шелдеуші
      7) терілерді өңдеуші операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы

  23-тарау. Темір жол көлігі және метрополитен

      261. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистері
      262. Мотовоз машинисі, мотовоз машинисінің көмекшісі, қол арба жүргізушісі
      263. Кең табанды темір жол желілерінде жұмыс істейтін қол арба жүргізушісінің көмекшісі
      264. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистерінің көмекшісі
      265. Поездарды құрастырушы, поездарды құрастырушының көмекшісі
      266. Электрлендірілген темір жолдарда биікте жұмыс істейтін түйісу желілерінің электр монтері
      267. Жол монтері
      268. Вагондарды қадағалаушы-жөндеуші

  24-тарау. Өзен көлігі

      269. Жүкші, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт ішіндегі көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін докер-механизатордан және қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктерді қайта өңдеумен үздіксіз айналысатын машиналар мен тетіктерге қызмет көрсететін жұмысшылардан басқа)
      270. Қатты отынмен жұмыс істейтін кемелердің от жағушысы
      271. Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерінің, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңізде қатар жүзетін кемелердің барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерін, сондай-ақ қала ішінде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс істейтін кемелерден басқа)
      272. Жүзгіш кранда жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)

  25-тарау. Полиграфия өндірісі $1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар

      273. Таптауырын, қаріп, теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерінде істейтін полиграфия жабдықтарын реттеушісі
      274. Құюшы
      275. Құю операцияларында және таптауырындарды бөлуде істейтін жұмысшылар
      276. Таптауырыншы

  $2. Ойық басылымдар цехтары

      277. Ойық басылымның баспа бөлімшесінде жұмыс істейтін жұмысшылар (дайын өнімдерді қабылдау мен ораудан басқа)
      278. Ойық басылым қалыптарын өрнектеуші

  26-тарау. Экономиканың барлық салаларына
ортақ жұмысшы мамандықтары

      279. Антеннашы-діңгекші
      280. Битум қайнатушы
      281. Аэрошана жүргізуші
      282. 3,5 тоннадан жоғары жүк көтеретін автомобиль жүргізушісі (автобустардан басқа)
      283. Су астындағы жұмыс маманы
      284. Газдан құтқарушы
      285. Өрт десантнигі, өрт парашютшісі
      286. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлуші
      287. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы
      288. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы
      289. Қазан тазалаушы
      290. Қолмен қорғасын, сыр әзірлеумен айналысушы сыр езуші
      291. Қорғасын, хош иісті және хлорлы көміртегі түзетін лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың ішін сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда біріккіштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып ірі габаритті бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы
      292. Теңізде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)
      293. Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисі (от жағушы)
      294. Жүзбелі крандар машинисі командасының қызметкерлері
      295. Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:
      1) ашық түрдегі металл сынаптармен (жұмыс орнында тиімді ауа жаңартқышпен қамтамасыз етілген қондырғылар мен жартылай автоматтарда істейтіндерден басқа)
      2) күкіртті мұнай, оның қайта өңделетін өнімдері мен күкірт түзетін мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуіштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;
      3) тікелей өрт сөндіруге байланысты жұмыстармен;
      4) кеме және темір жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерінде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тіркемелі жәшіктерде, түптердің арасындағы және борттардың арасындағы кеңістіктерде және басқа өтуі қиын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;
      5) бензиннің этилді сұйық қоспасын жасаумен;
      6) түйісетін желілерді, сондай-ақ 10 м асатын биіктігі жұмыс кезінде электр берілістерінің әуе желілерін құрастырумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен;
      7) жүзбелі құралдарға, кемедегі такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен.
      296. Канализация желілерін тазарту жөніндегі жұмыстармен айналысатын апаттық қалпына келтіру жұмыстарының слесары
      297. Көпір слесары
      298. Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысушы такелажшы
      299. Тазалаушы

                                         Қазақстан Республикасы
                                Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
                                  министрдің міндетін атқарушының
                                  2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө
                                        бұйрығымен бекітілген

         Әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып
                жүруінің шекті нормалары

N р/с

Жұмыстың сипаты

Мүмкін шектегі жүктің салмағы

1

Ауыр заттарды қолмен көтеру және орнын (бір жолғы) ауыстыруды басқа жұмыспен кезектестіру (бір сағатта 2 ретке дейін)

10 кг

2

Жұмыс ауысымы бойы үнемі ауыр заттарды қолмен көтеру және орнын (бір жолғы) ауыстыру

7 кг

3

Жүктің орнын 1-ден 5 метрге дейінгі қашықтыққа ауыстыру кезіндегі жұмыс ауысымының әр сағат сайын орындалатын серпінді жұмыс мөлшері мынадан аспауға тиіс: жұмыс орнының үстінен еденнен

1750 кгм
875 кгм

Ескерту:
      1. Көтеретін және ауыстыратын жүктің салмағына ыдыстың және
         орамының салмағы кіреді.
      2. Арбамен немесе контейнермен жүкті ауыстыру кезінде қоса
         салынатын күш 10 кг-нан аспауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады