Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы N 44-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3443. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 186-ө Бұйрығымен.

       Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі  N 186-ө  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  15-бабы 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың қосымша Тізімі бекітілсін.
     2. "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 184-п  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі N 948).
     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

     Қазақстан Республикасының
     Денсаулық сақтау вице-министрі
     2005 жылғы "15" ақпанда
     "Келісілді"

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрінің міндетін атқарушының 
2005 жылғы 15 ақпандағы     
N 44-ө бұйрығымен бекітілген  

  Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр қол
еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше
зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы
өндірістердің, кәсіптердің
ТІЗІМІ

1-Тарау. Металл өңдеу

&1. Құю жұмыстары

     1. Ваграншы
     2. Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы
     3. Шихтаны қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шихта толтырушы
     4. Қорытпаны қайнатушы
     5. Металды құюшы
     6. Пневматикалық құралдарда жұмыс істейтін кесуші
     7. Металдар мен балқымаларды қорытушы
     8. Конвейерге ыстық қорытпа ілумен және тоннельдердегі құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар.

  &2. Дәнекерлеу жұмыстары

     9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биіктігі 10 метрден асатын байланыстың биік құрылыстарында (мұнараларда, діңгектерде) және жоғары өрмелейтін жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеуші.

  &3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым
тарту және сығу жұмыстары

     10. Қол жұмысымен айналысатын сығушы
     11. Қазандықшы
     12. Пневматикалық қол аспаптары жұмысында істейтін нақыштаушы.

  &4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар

     13. Ыстық жұмыстарда істейтін құрсаушы
     14. Металл жылытушы (дәнекерлеуші)
     15. Диаметрі 10 миллиметрден асатын сымнан серіппе орау кезінде ыстық жұмыстарда істейтін серіппеші
     16. Ыстық күйінде шығыршықты домалатумен айналысушы
     17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы.

  &5. Металл қаптау және сырлау

     18. Кессон-бактардың ішкі саңлауларын бітеумен айналысатын саңлау бітеуші
     19. Ыстықтай тәсілмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысушы.

  & 6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары

     20. Діріл әсері қолға берілетін пневматикалық аспаптармен жұмыс істейтін бұрандашы-пневматик
     21. Мыналармен айналысатын жөндеуші слесарь: - ыстық прокаттау, өрнектеу, эмальдау, кабель өндірісінде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлімшелерінде жабдықтарды реттеу.

  &7. Қорғасынмен жұмыс

     22. Қорытумен, ағызумен, прокаттаумен, тартумен, қалыптаумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдерді қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар.

  2-Тарау. Құрылыс, монтаждау және
құрылыс-жөндеу жұмыстары

     23. Игіш қол станоктары мен қайшыларды каркас тіректерді қолмен орнатумен айналысатын арматуршы
     24. Асфальт бетондаушы
     25. Қайнатушы-асфальттаушы
     26. Гидромониторшы
     27. Жерді ұңғып-қазушы
     28. Тас қашаушы
     29. Тас қалаушы
     30. Су астындағы камерада (кессон) жұмыс істейтін аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы
     31. Шиыршықталған жабындымен және басқа бөлек материалдармен үй төбесін жабушы
     32. Болатпен жасалған төбені жабушы
     33. Автогудронаттар машинисі
     34. Автогрейдер машинисі
     35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисі
     36. Битум ерітетін жылжымалы қондырғы машинисі
     37. Бульдозер машинисі
     38. Грейдер-элеватор машинисі
     39. Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисі
     40. Асфальт-бетон төсегіш машинисі
     41. Бір ожаулы экскаватор машинисі, роторлы экскаватор машинисі
     42. Двигателі іштен жанатын жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисі
     43. Болат және темір-бетон құрылғыларын монтаждауда биікте және жоғары өрмелейтін жұмыстармен айналысатын монтажшы
     44. Биікте жұмыс істейтін антеннашы-байланыс монтажшысы
     45. Пештерді ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзімді жұмысшы
     46. Қорғасынмен дәнекерлеуші
     47. Өнеркәсіптік темір-бетон құбырларын төсейтін құбыр төсеуші
     48. Өнеркәсіптік кірпіш құбырларын төсейтін құбыр төсеуші.

  3-Тарау. Тау-кен жұмыстары

     49. Кен өндіру өнеркәсібінің жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын басшылар мен мамандар жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары
     50. Ашық кен жұмыстары және жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кеніштердің жоғарғы бетін байыту, агломераттау, брикеттеу.

  &1. Кен және күрделі тау-кен жұмыстарының
жалпы мамандықтары

     51. Скважина бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисі, шпур бұрғылаушысы
     52. Қопарғыш
     53. Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тау-кен жұмысшысы
     54. Шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші
     55. Бұрғылау қондырғысының машинисі
     56. Бекітуші
     57. Ұста-бұрғы майлаушы
     58. Тиеу машинасының машинисі
     59. Шахта оқпандарын өн бойымен толық бұрғылау жөніндегі қондырғы машинисі
     60. Экскаватор машинисі
     61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы
     62. Қазба жүргізуші
     63. Ствол орнатушы
     64. Тазалаушы.

  &2. Байыту, агломерация,
брикеттеудің жалпы мамандықтары

     65. Сазбалшық өндірісінде ыстықтай күйдірілген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы
     66. Сынап өндіруде шикізатпен материалдарды күйдірумен айналысатын күйдіруші
     67. Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кеніштердің, шахталар мен металлургия кәсіпорындарының жұмысты атқару кезінде шаң-тозаң шығаратын, 10 процент және одан да астам қос қышқылды кремний түзілетін қара, түсті және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмірді ұнтақтау, ұсақтау майдалау және шихтілеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер
     68. Қорғасын байыту цехтарында істейтін жұмысшылар.

  4-Тарау. Геологиялық барлау және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар

     69. Қопарғыш
     70. Геодезиялық белгілерді құрастырушы
     71. Дала жағдайында жұмыс істейтін кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары.

  5-Тарау. Скважиналарды бұрғылау

     72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы
     73. Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеуші, мұнара құрастырушы электр монтері
     74. Бұрғылау қондырғысының машинисі
     75. Скважинаны цементтеу жөніндегі машинист
     76. Цементтеу агрегатының моторисі
     77. Цемент-құм араластырғыш агрегат моторисі
     78. Құбырларды престеуші
     79. Мұнай мен газ (бірінші және екінші) пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы көмекшісі
     80. Бұрғылау қондырғысы (бірінші және екінші) машинисінің көмекшісі
     81. Қолмен ерітінді әзірлеумен айналысатын бұрғылау ерітіндісін әзірлеуші
     82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь
     83. Тікелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь
     84. Бұрғы құлыптарын орнатушы
     85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсететін электр монтері.

  6-Тарау. Мұнай және газ өндіру

     86. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы
     87. Скважиналарды күрделі жөндеуден өткізетін бұрғылаушы
     88. Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисі
     89. Жылжымалы компрессор машинисі
     90. Көтергіш машинисі
     91. Жуу агрегатының машинисі
     92. Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсілмен жару операторы
     93. Скважиналарды жер астында жөндеуші оператор
     94. Скважиналарды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау жөніндегі оператор
     95. Скважиналарды химиялық өңдеу жөніндегі оператор
     96. Теңізде жүзетін бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі
     97. Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі
     98. Жер астында мұнай өндірумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
     99. Теңіз бұрғылары мен көпірлерінің негіздіктерін құрастыру және жөндеу жөніндегі слесарь
     100. Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь.

  7-Тарау. Қара металлургия

&1. Қара металлургияның жалпы мамандықтары

     101. Балқыған металдармен жұмыс істейтін ожаушы
     102. Прокат және құбыр өндірісінің камералық пештері мен құдықтарында әдістемелік жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы
     103. Пневматикалық құралдармен жұмыс істейтін металдың сыртқы кеселдерін өңдеуші.

  &2. Домна өндірісі

     104. Домна пешінің үстін қараушы;
     105. Домна пешінің су құбыршысы
     106. Домна пешінің көрікшісі
     107. Жүк (салмақ) өлшейтін вагон машинисі
     108. Скиповой.

  &3. Болат балқыту өндірісі

     109. Үйінді машинасының машинисі
     110. Миксерші
     111. Блоктарды қағушы
     112. Қышқыл жойғыштарды балқытушы
     113. Конверттерде, темірді бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы
     114. Болат құюшы
     115. Конверттерде, мартен пешінде, темірді бірден қалпына келтіретін пеште, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы.

  &4. Прокат өндірісі

     116. Ыстық прокат станының біліктеушісі
     117. Балқыма қайнатушысы
     118. Қаптаған болат бөлуші
     119. Ыстық прокат станының қолғанат біліктеушілері
     120. Рельстерді бекітетін қыстырғыш-престеуші
     121. Сортты прокат өндірісінде істейтін өткізуші слесарь.

  &5. Құбыр өндірісі

     122. Калибрлеу станының, құбырларды ыстық прокаттау станының, құбырларды пеште дәнекерлеу станының, құбырларды салқын прокаттау станының, құбырларды қалыптау станының біліктеушісі
     123. Механикаландырылмаған стандарда істейтін құбырлар тартушы
     124. Престе құбырларды калибрлеуші
     125. Балға мен пресс ұстасы
     126. Құбырларды ыстық прокаттау, құбырларды салқын прокаттау стандарының қолғанат біліктеушісі.

  &6. Ферросплав өндірісі

     127. Ферросплав пештерінің көрікшісі
     128. Балқытушы, ферросплав балқытушысы
     129. Алюминді-термиялық әдіспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар
     130. Ашық иінді пештерде кремний балқыламарын балқытумен айналысатын жұмысшылар.

  &7. Химиялық кокс өндірісі

     131. Барий құюшы
     132. Есікте тұрушы
     133. Ұсақтаушы
     134. Люкте тұрушы
     135. Бензол өндірісінде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тікелей айналысатын қызметкерлер
     136. Кокстендірілетін өнімдерді аулау цехында фенольды қондырғыға күтім көрсетумен айналысатын скрубберші-насосшы
     137. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеуші.

  8-Тарау. Түсті металлургия

&1. Түсті металлургияның жалпы мамандықтары

     138. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде анодтарды астығы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы
     139. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде катод өзектерінің астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы
     140. Балқытушы
     141. Қыздырушы
     142. Қатты балқымаларды жымдастырушы
     143. Негізгі металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші.

  &2. Түсті және сирек металдар өндірісі,
түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі

     144. Алюминий, магний өндірісіндегі анодшы
     145. Титан ысқыштарды қағып шығарушы
     146. Металды құйып төгуші
     147. Катодшы
     148. Конвертерші
     149. Конденсаторшы
     150. Ванналар мен пештерді құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы
     151. Сынапты шыңдаушы
     152. Титан мен сирек металдарды қалпына келтіріп тазартумен айналысатын пешші
     153. Активті никель ұнтақтарын қалпына келтіру жөніндегі пешші
     154. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші
     155. Вельцпештерде мырыш окистерін алуда істейтін пешші
     156. Титан түзетін және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөніндегі пешші
     157. Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндірісінде істейтін жұмысшылар мен шеберлер
     158. Металды титан өндірісінде тетрахлоридті қалпына келтіру және металды тарту цехтарында (бөлімшелер мен учаскелерде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
     159. Лопарит концентратын хлорлау цехтарында істейтін жұмысшылар мен шеберлер
     160. Титан шикізатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлімшелерінде (учаскелерінде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
     161. Фьюминг қондырғысында шлакты возгон төсілімен қайыра өңдеу бөлімінде істейтін жұмысшылар
     162. Балқыту цехында сынап қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын жұмысшылар
     163. Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы
     164. Балқытылған тұздарды электролиздеуші.

  9-Тарау. Электр станциялары мен
желілер жабдықтарын жөндеу

     165. Қорғасын өзекті кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельді желілерді жөндеу және құрастыру жөніндегі электр монтері
     166. Жоғарғы вольтті электр таратқыш желілерді биікте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері.

  10-Тарау. Түрпілеу өндірісі

     167. Түрпілі бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, түрпілі шеңберлерді баланстап құюшы
     168. Түрпілеу өндірісінде кедергілік пешін ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисі
     169. Түрпілеу материалдарын балқытушы
     170. Кремний карбидін балқытушы
     171. Корунд цехында істейтін түрпілі материалдардың балқытушысы.

  11-Тарау. Электротехника өндірісі

&1. Слесарлық жинау және электротехникалық
өндірістегі жалпы кәсіптер

     172. Сынап тазартушы
     173. Сынапты түзеткіштерін қалыпқа құюшы.

  &2. Электрлі көмір өндірісі

     174. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар.

  &3. Кабель өндірісі

     175. Қорғасынды ыстықтай құю әдісімен айналысатын, кабельдерді қорғасынмен немесе алюминиймен престеуші
     176. Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы.

  &4. Химиялық ток көздерін өндіру

     177. Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы
     178. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшін) айластырушы
     179. Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетін қалдықтарды қорытушы
     180. Қалыптағы қорғасын пластиндерді штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиндерді бөлшектеуші.

  12-Тарау. Химия өндірісі

     181. Қауіптілігі 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдерге тыйым салынатын жұмыстардың бәрі.

  &1. Химия өндірісінің жалпы мамандықтары

     182. Балқытуда және бабымен пісіруде істейтін балқыту аппаратшысы
     183. Каучукты көлденең қысыммен сүргілеумен айналысатын еселеп булаушы

  &2. Сары және қызыл фосфор өндірісі
және олардың қосындылары

     184. Шахталы саңлаулы пештерде, күйдіргіш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлімшелерінде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тікелей айналысатын, жұмысшылар, басшылар мен мамандар.

  &3. Үш хлорлы фосфор және бес күкіртті фосфор өндірісі

     185. Негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар.

  &4. Лак-сыр өндірісі

&5. Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр,
қорғасын көкшілі және жасыл бояу өндірісі

     186. Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар.

  13-Тарау. Резинаны қайта өңдеу

&1. Резина қоспалары мен оларды қайта
өңдеу өндірісінің жалпы мамандықтары

     187. Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсірумен, ескек біліктерін вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы
     188. Резина араластырғыш
     189. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
     190. Ірі габаритті резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектерді вулканизациялауда (ірі қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) істейтін резина бұйымдарды жөндеуші.

  &2. Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу

     191. Вулканизаторшы
     192. Покрышкаларды (ауыр жүкті) жинаушы.

  14-Тарау. Мұнайды, газды, сланецті және көмірді қайта
өңдеу, синтетикалық мұнай өнімдерін, мұнай майларын өндіру

     193. Кокс түсіруші
     194. Кокс тазалаушы
     195. Хош иісті көмір сутегі өндірісінің экстракт цехтары мен бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
     196. Күкірт түзетін мұнай газын тазарту кезінде мышьяк ерітінділерін дайындаумен айналысатын жұмысшылар
     197. Бензинді этилдейтін технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар.

  15-Тарау. Целлюлоза, қағаз, картон және
олардан бұйым жасау өндірісі

     198. Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндірісімен айналысатын сорғызу аппаратшысы
     199. Хлор ерітумен айналысатын, химиялық ерітінділер дайындау аппаратшысы
     200. Целлюлоза қайнатушы
     201. Талшық шикізатын қайнатушы
     202. Ағаш булаушы
     203. Колчедан ұнтақтаушы
     204. Сульфат тиеуші
     205. Колчедан, күкірт пештерді тері мен турм тиеуші
     206. Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеуші
     207. Қышқылдаушы
     208. Миксовщик
     209. Қышқылды резервуарларды кірпішпен айналдыра қалаушы
     210. Фибрлерді кесуші
     211. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндірісінде істейтін қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сіңіруші
     212. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші
     213. Содовщик
     214. Сульфитті целлюлоза және күкірт қышқылы өндірісінде істейтін жөндеуші-слесарь, жөндеу жөніндегі электромонтері, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері, майлаушы, өндірістік орындарда еден жуушы
     215. Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс істейтін, жылдам жүретін қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналармен айналысатын, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы
     216. Хлоршы.

  16-Тарау. Цемент өндірісі

     217. Қоймалжың тұнбалар бассейндері мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар.

  17-Тарау. Тас өңдеу және тастан
құйылатын бұйымдар өндірісі

     218. Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы
     219. Тас қашаушы
     220. Тас қайнатушы
     221. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диірмен машинисі
     222. Тас өңдейтін жабдықтарды реттеуші
     223. Фрезамен тас өңдеуші.

  18-Тарау. Темір-бетон және бетон бұйымдары
мен құрылғылар өндірісі

     224. Бетон және темір-бетон бұйымдарын кесуші.

  19-Тарау. Жылу сақтағыш материалдар өндірісі

     225. Битумшы
     226. Ваграншы.

  20-Тарау. Жұмсақ жабындылар мен су өткізбейтін
материалдар өндірісі

     227. Қайнатқыш қазандарды толтырушы.

  21-Тарау. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп

&1.Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары

     228. Біліктерді механикаландырмай көтеріп-түсірумен айналысатын шихталандыру жабдықтарының операторы
     229. Канализация орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтіру жұмыстарының слесары
     230. Түту аппараттарын тазартып-қайраушы. 

  &2. Мақтаны алғашқы өңдеу

     231. Шикізатты және талшықты престеуші.

  &3. Зығыр және кендір-талшық өндірісі

     232. Талшық дайындаушы.

  &4. Жүн өндірісі

     233. Шұға өндірісіндегі тоқыма цехында істейтін шебер
     234. Техникалық шұға жуумен айналысатын жұмысшы.

  &5. Киіз басу өндірісі

     235. Қалың киіздер дайындаумен айналысатын киіз басушы;
     236. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киім саптаушы;
     237. Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киімдерді қалыптан шығарушы.

  22-Тарау. Тамақ өнеркәсібі

&1. Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мамандықтары

     238. Қолмен тиеуде мерзімімен іске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететін кіріктіргіш аппаратшысы
     239. Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы
     240. Сүйек желімін дайындаушы
     241. Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисі
     242. Гофронді-ыдыс өндірісінің қалдықтарын тайлаумен айналысатын жұмысшылар.

  &2. Ет өнімдері өндірісі

     243. Мал соятындардың айналысатын жұмыстары:
     1) ірі қара малмен ұсақ мүйізді малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шыншырға ілу, қанын сорғызу;
     2) мүйізді ірі қараны сұрыптап қолмен терісін сыдыру, сұраптау;
     3) тушаны бөлшектеп кесу;
     4) шошқаның тушасы мен басын үйту;
     5) мүйізді ірі қара малдың тушасын көлденең әдіспен өңдеу операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы;
     6) терілерді шелдеуші;
     7) терілерді өңдеуші.

  23-Тарау. Темір жол көлігі және метрополитен

     244. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистері
     245. Кең табанды темір жол желілерінде жұмыс істейтін мотовоз машинисі, мотовоз машинисінің көмекшісі
     246. Қол арба жүргізушісі, қоларба жүргізушісінің көмекшісі
     247. Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистерінің көмекшісі
     248. Поездарды құрастырушы, поездарды құрастырушының көмекшісі
     249. Электрлендірілген темір жолдарда биікте жұмыс істейтін түйісу желілерінің электр монтері.

  24-Тарау. Өзен көлігі

     250. Жүкші, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт ішіндегі көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін докер-механизатордан және қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктерді қайта өңдеумен үздіксіз айналысатын машиналар мен тетіктерге қызмет көрсететін жұмысшылардан басқа)
     251. Қатты отынмен жұмыс істейтін кемелердің от жағушысы
     252. Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерінің, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңізде қатар жүзетін кемелердің барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерін, сондай-ақ қала ішінде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс істейтін кемелерден басқа)
     253. Жүзгіш кранда жұмыс істейтін кран машинисі (краншы).

  25-Тарау. Полиграфия өндірісі

&1. Қорғасын балқымаларын пайдалануға
байланысты жұмыстар

     254. Таптауырын, қаріп теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерінде істейтін полиграфия жабдықтарын реттеуші
     255. Құюшы
     256. Құю операцияларында және таптауырындарды бөлуде істейтін жұмысшылар
     257. Таптауырыншы.

  &2. Ойық басылымдар цехтары

     258. Ойық басылымның баспа бөлімшесінде жұмыс істейтін жұмысшылар (дайын өнімдерді қабылдау мен ораудан басқа)
     259. Ойық басылым қалыптарын өрнектеуші.

  26-Тарау. Экономиканың барлық салаларына
ортақ жұмысшы мамандықтары

     260. Антеннашы-діңгекші
     261. Битум қайнатушы
     262. Аэрошана жүргізуші
     263. Су астындағы жұмыс маманы
     264. Газдан құтқарушы
     265. Өрт десантнигі, өрт парашютшісі
     266. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлуші
     267. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы
     268. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы
     279. Қазан тазалаушы
     270. Қолмен қорғасын, сыр әзірлеумен айналысушы сыр езуші
     271. Қорғасын, хош иісті және хлорлы көміртегі түзетін лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың ішін сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда бүріккіштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып ірі габаритті бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы
     272. Теңізде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)
     273. Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисі (от жағушы)
     274. Жүзбелі крандар машинисі командасының қызметкерлері
     275. Мыналармен айналысатын жұмысшылар:
     1) ашық түрдегі металл сынаптармен (жұмыс орнында тиімді ауа жаңартқышпен қамтамасыз етілген қондырғылар мен жартылай автоматтарда істейтіндерден басқа);
     2) күкіртті мұнай, оның қайта өңделетін өнімдері мен күкірт түзетін мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуіштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;
     3) тікелей өрт сөндіруге байланысты жұмыстармен;
     4) кеме және темір жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерінде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тіркемелі жәшіктерде, түптердің арасындағы және борттардың арасындағы кеңістіктерде және басқа өтуі қыйын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;
     5) бензиннің этилді сұйық қоспасын жасаумен;
     6) сыныпты түзеткішті тазалаумен түйісетін желілерді жөндеу кезінде, сондай-ақ 10 метр биіктіктен жоғарыда әуе жүйесін құрастыру жөндеу жұмыстары кезінде;
     7) жүзбелі құралдарға, кемедегі такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен
     276. Канализация желілерін тазарту жөніндегі жұмыстармен айналысатын апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары
     277. Көпір слесары
     278. Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысатын такелажшы
     279. Тазалаушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады