Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 208 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4931 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының  56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы"   2005 жылғы 27 тамыздағы  N 320 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3841 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-қосымшада:
      реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

85.

Заемшылардың - заңды
тұлғалардың кредиттік досьелері

10 жыл*

10 жыл*

*шарт бойынша
барлық міндет-
темелерді орын-
дағаннан кейін
және оның қол-
данылу мерзімі
аяқталғаннан
кейін 

                                                               ";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-1 жолмен толықтырылсын:

"

85-1.

Заемшылардың - жеке 
тұлғалардың кредиттік досьелері

10 жыл*

10 жыл*

*шарт бойынша
барлық міндет-
темелерді орын-
дағаннан кейін
және оның қол-
данылу мерзімі
аяқталғаннан
кейін

                                                               ";

      реттік нөмірі 236-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

236.

Салымшылардың шоттары бой-
ынша құжаттар (хат жазысу,
шарттар, салым кітапшалары,
салымшылардың өсиеттері
және сенімхаттары, салымшы-
ның қол қою үлгісі, шот
ашуға өтініш)

тұрақты

тұрақты


                                                                  ".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е. Раева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат министрлігі
      Ақпарат және мұрағаттар комитеті
              Төраға
      2007 жылғы 17 тамыз
      _____________________________
       (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі
              Төраға
      2007 жылғы 16 тамыз
      ______________________________
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады