Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының»"Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 , (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 15 тамыздағы N 124 (1327) жарияланған) қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
41-тармақта:
7) тармақша алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген) белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.";
53-2-тармақтың төртінші абзацында "банктің кепілдігімен," деген сөздер "банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, оның нормалары осы қаулының 2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген) күшіне енген күннен бастап туындаған қатынастарға таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға