Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 223-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4963 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 134 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.03.30 № 134 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының 34-бабының 7-тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н.Әбдиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Еңбек   
және халықты әлеуметтік қорғау  
министрінің м.а.         
2007 жылғы 27 қыркүйектегі     
N 223-ө бұйрығымен        
бекітілген            

Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың
отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халықтың көші-қон туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  34-бабының 7-тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандар мен өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығына келу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелері - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
      2) уәкілетті орган - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органы;
      3) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының аумағына өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелері уақытша келетін орын;
      4) жолдама - уәкілетті орган берген және Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналасу үшін бекітілген үлгіге сәйкес құқық беретін құжат.

  2. Өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар
мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа орналасу тәртібі

      3. Уәкілетті органның жолдамасы өтініш берушінің Орталыққа орналасуы үшін негіз болып табылады (1-қосымша).

      4. Жолдама өтініш берушінің өтініші негізінде беріледі (2-қосымша).

      5. Өтініш оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналында тіркеледі (бұдан әрі - журнал) (3-қосымша).

      6. Орталықта орын жоқ деген сылтаумен өтініштерді қабылдау және оларды тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

      7. Орталыққа орналасу үшін өтініш оралман мәртебесін беру туралы өтінішпен бір мезгілде беріледі.

      8. Өтінішті қабылданған кезде орын жоқ болған жағдайда өтініш беруші уәкілетті орган қалыптастырған резервке алынады. Резерв журналда тіркелген өтініш беру кезектілігінің тәртібімен қалыптасады.

      9. Орталықта орын босаған кезде уәкілетті орган резервке сәйкес кезектілік тәртібімен келесі өтініш берушіге жолдама береді.

      10. Жолдама алған кезде өтініш беруші Орталыққа үш жұмыс күні ішінде орналасады.
      Көрсетілген мерзім сақталмаған жағдайда өтініш беруші орналасу құқығын жоғалтады.
      Бұл ретте оның орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру құқығы сақталады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  3. Өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар
мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа келу тәртібі

      11. Өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелері Орталықта өтеусіз негізінде жүзеге асырылады.

      12. Орталықта өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелері:
      1) Орталықтың тұрғын үй мен қосалқы үй-жайларын және өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін төсек пен өзге де керек-жарақтарды пайдаланады;
      2) Орталық басшысына, құрылымдық бөлімшелеріне Орталыққа орналасу және келу мәселелері бойынша арыз, қолдаухат және өзге де өтініш береді;
      3) уәкілетті орган бекіткен Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды;
      4) өз кінәсі бойынша Орталыққа келтірілген материалдық нұқсанға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      13. Орталық:
      1) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне тұру үшін берілген үй-жайды санитарлық-эпидемиологиалық нормалар мен тәртіпке сәйкес ұстайды;
      2) Орталыққа орналасқан оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті төсектік керек-жарақтармен, олардың уақытылы ауысымын қамтамасыз етеді;
      3) өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелерін Орталыққа келу тәртібіне қатысты ішкі актілермен таныстырады;

      14. Орталыққа өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.

      15. Өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелері Орталыққа келу тәртібін бұзған жағдайда Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың (немесе нақты адамға қатысты) Орталыққа келуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныспен жүгінеді.

      16. Уәкілетті орган Орталықтың өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа келуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысының негіздемесіне тексеру жүргізеді және Орталықта қалдыру және Орталықтан шығару туралы шешім шығарады.

  4. Өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар
мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықтан шығу тәртібі

      17. Өздерін оралман деп тану туралы өтініш берген адамдар мен олардың отбасы мүшелері Орталықты оралман мәртебесін алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде берілген бөлмені босатады.

                                       Өздерін оралман деп тануға
                                       ұсынған адамдар мен олардың
                                       отбасы мүшелерінің уақытша
                                      орналастыру орталығында болу
                                            ережесіне 1-қосымша

                            N_______ЖОЛДАМА

      Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы
мүшелерінің уақытша орналастыру орталығына орналасу үшін:
____________________________________________________________________
             (Өтініш берушінің аты-жөні, туған күні)
Отбасы мүшелері:
1. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
2. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
3. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
4. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
5. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
6. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)

__________облысы (қаласы)
бойынша Көші-қон комитеті
басқармасының бастығы                        /__________/

                                       Өздерін оралман деп тануға
                                       ұсынған адамдар мен олардың
                                       отбасы мүшелерінің уақытша
                                      орналастыру орталығында болу
                                            ережесіне 2-қосымша

                                          __________облысы (қаласы) 
                                          бойынша Көші-қон комитеті 
                                            басқармасының бастығына 
                                            _______________________ 
                                             (үміткердің аты-жөні)

                             Өтініш

      Сізден мені және менің саны "____" адамнан тұратын отбасы мүшелерімді Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдармен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығына орналастыруыңызды сұраймын.
      Бұл ретте ішкі тәртіп ережесін сақтаймыз және уәкілетті орган оралман мәртебесін беру туралы және оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталықты үш күндік мерзім ішінде босатуға міндеттенемін.

     _____________                  ______________
       (Күні)                             (қолы)

                                   Өздерін оралман деп тану туралы
                                  өтініш берген адамдар мен олардың
                                  отбасы мүшелерінің келу ережесіне
                                                3-қосымша

        Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін уақытша
               орналастыру орталығындағы тіркеу
                                ЖУРНАЛЫ

N р/с

Өтініш берушінің
аты-жөні

Туған жері және күні

Шығу елі

Жолдаманың нөмірі және берілген күні

                                              ________басталды
                                              ________бітті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады