Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 114 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4977 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 97 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28  N 97 Қаулысымен .

       ------------------ Қаулыдан үзінді -------------------

      "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. ...
      5. ...
      6. ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Ә. Сәйденов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 97 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылды деп танылатын
қаулыларының тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 2 қарашада N 4977 тіркелген).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі операцияларын бухгалтерлік есепке алуды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2848 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2007 жылғы 22 мамырда N 130 (23766) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3468 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 15 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4013 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 155 қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықта:
      жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңдарына , халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.";

      3-тармақта "32 бухгалтерлік есеп стандарты" деген сөздер "халықаралық қаржылық есептілік стандарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активін қалыптастыру кезінде оны қалыптастыру сомасына:

Дт   301 48   "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта
              сақтандыру активтері"
Кт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер".";

      8-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активін оны азайту сомасына азайтқан кезде:

Дт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер"
Кт   301 48   "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта
              сақтандыру активтері".";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Қайта сақтандыру шартына сәйкес тәуекелдердің бір бөлігін қайта сақтандырушыға берген жағдайда қайта сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап актуарлық қорытынды негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығындар резервтері және қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активі сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
      1) орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активі сомасына:

Дт   301 49   "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері"
Кт   701 42   "Қайта сақтандырушы сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер";

      2) жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активінің сомасына:

Дт   301 52   "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері"
Кт   701 42   "Қайта сақтандырушы сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер";

      3) қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтері сомасына:

Дт   301 53   "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтері"
Кт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер".";

      16-тармақта:
      бірінші абзацта "бөлінбеген кіріс" деген сөздер "бөлінбеген пайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші, үшінші абзацтарда "бөлінбеген кіріс" деген сөздер "бөлінбеген пайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) қайта сақтандыру шартына сәйкес бухгалтерлік есепте шығындар резервтері және қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтері сомасын азайтады және мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
      1) орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер"
Кт   301 49   "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері";

      2) жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активінің азаю (түзету) сомасына:

Дт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер"
Кт   301 52   "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері";

      3) қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер"
Кт   301 53   "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру
              активтері".";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Қайта сақтандырушы сақтандыру жағдайлары туындаған кезде қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырылушыға келтірілген шығыстарды өтеген кезде қайта сақтандырылушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
      ақшаны нақты алған кезде:

Дт   441 02   "Ұлттық валютадағы ағымдағы шоттардағы ақша",
     431 02   "Шетел валютасындағы ағымдағы шоттардағы ақша"
Кт   301 50   "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
              орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру
              активтері",
     301 51   "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар
              бойынша қайта сақтандыру активтері",
     301 52   "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері",
     301 53   "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру
              активтері".

      бір мезгілде, бұрын есептелген қайта сақтандыру активтері сомасының қайта сақтандырушыдан нақты алынған ақша сомасынан асып кеткен жағдайда:
      резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерінің азаю (түзету) сомасына:

Дт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
              байланысты кірістер"
Кт   301 50   "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
              бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта
              сақтандыру активтері",
     301 51   "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар
              бойынша қайта сақтандыру активтері",
     301 52   "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері",
      қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

"Дт  701 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
              байланысты кірістер"
Кт   301 53   "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру
              активтері".";

      27-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Кт  301 50   "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
              бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру
              активтері",
     301 51   "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар
              бойынша қайта сақтандыру активтері",
     301 52   "Жария етілген, бірақ реттелмеген  шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері",
     301 53   "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру
              активтері".";

      2-бөлімнің 5-тарауы мынадай мазмұндағы 27-1 бастап 27-4 аралығындағы тармақтармен толықтырылсын:

     "27-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қайта сақтандыру активтері құнсыздануының объективті белгілерінің болуын бағалайды.
      Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындардың орнын жабуға резервтер (провизиялар) жасалған кезде  мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:

Дт   821 47   "Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер
              (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт   311 40   "Қайта сақтандыру активтері құнсыздануынан болған
              шығындардың орнын жабуға резервтер (провизиялар)".

      27-2. Осы есепті кезеңде қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындардың орнын жабуға қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) түзетіп жазған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт   311 40   "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған
              шығындардың орнын жабуға резервтер (провизиялар)"
Кт   821 47   "Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер
              (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар".

      27-3. Өткен есепті кезеңдердегі қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындардың орнын жабуға қалыптастырылған резервтерде (провизияларды) түзетіп жазған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:

Дт   311 40   "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған
              шығындардың орнын жабуға резервтер (провизиялар)"
Кт   727 09   "Басқа да кірістер".

      27-4. Қайта сақтандыру активтерін жасалған резервтер (провизиялар) есебінен есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:

Дт   311 40   "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған
              шығындардың орнын жабуға резервтер (провизиялар)"
Кт   301 48   "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта
              сақтандыру активтері",
     301 49   "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері",
     301 50   "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
              орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру
              активтері",
     301 51   "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар
              бойынша қайта сақтандыру активтері",
     301 52   "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша
              қайта сақтандыру активтері",
     301 53   "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру
              активтері".";

      34-1-тармақта:
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

"Дт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері"
Кт   701 46   "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Кт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері".";

      34-2-тармақта:
      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Дт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері"
Кт   701 46   "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";";

      34-3-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Кт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері";";

      34-4-тармақта:
      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Дт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері"
Кт   701 46   "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";";

      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Кт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері".";

      34-5-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;
      2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Дт  332 46   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері"
Кт   701 46   "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";";

      3) тармақшаның бесінші абзацы алынып тасталсын;

      34-6-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Кт  332 44   "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
              кірістері";";

      34-19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-19. Қайта сақтандыру шартына сәйкес тәуекелдердің бір бөлігін қайта сақтандырушыға берген кезде сақтандырушы қайта сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтері сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны орындайды:

Дт   301 50   "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
              орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру
              активтері"
Кт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер".";

      34-21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-21. Сақтандырушы қайта сақтандыру активтері азайтылған (түзетілген) кезде қайта сақтандыру шартына сәйкес бухгалтерлік есепте қайта сақтандыру активтерін азайтады және мынадай бухгалтерлік жазбаны орындайды:

Дт   701 42   "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуге
              байланысты кірістер"
Кт   301 50   "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
              бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта
              сақтандыру активтері".";

      34-22-тармақта:
      "Қайта сақтандырушының жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі үлесі" деген сөздер "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануы осы Нұсқаулықтың 27-1, 27-2, 27-3 және 27-4 тармақтарына сәйкес көрсетіледі.";

      34-27-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануы осы Нұсқаулықтың 27-1, 27-2, 27-3 және 27-4 тармақтарына сәйкес көрсетіледі.";

      35-тармақ "заңдарында" деген сөздерден кейін "және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарда" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады