"Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 89 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5185 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012.10.05 № 362 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушы мәртебесін алу рәсімдерін жеңілдету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4985 тіркелген, Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 12 (294)) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған бұйрықпен бекітілген, уәкілетті органмен және оператор-компания арасындағы үлгілік шартта:
      2-тармақтың 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын;

      2) аталған бұйрықпен бекітілген, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін, оператор компания мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы үлгілік шартта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы шарттың мәні Оператор компанияның Қатысушыға өтеусіз маркетингтік, қаржылық-талдамалық, заң, консалтингтік, коммуналдық қызметті, сондай-ақ Оператор компанияның өз құзыреті шеңберінде Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) ұсынуы болып табылады.";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Оператор компания Қызметтерді сапалы және уақытында ұсынуға міндетті.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қатысушы Қызметті қабылдауға және төлеуге міндетті.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Оператор-компания және Қатысушы осы шарттың 3-тармағында көрсетілген отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлай отырып, мерзімі келгенге дейін шартты бұзуға құқығы бар.";

      7-тармақ алынып тасталсын:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Тараптар осы шарттың 4, 5-тармақтар талабын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, осы шартты бұзған Тарап, екінші Тарапқа мына көлемде (төлеуге қажетті соммадан кемінде 0,01%, бірақ 0,1 % астам емес) әрбір өткен күн үшін тұрақсыздық төлемін төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық саясат департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Е.К. Мамытбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                       В. Школьник

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады