"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 5 қарашадағы N 531 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5007 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы  N 340  Бұйрығымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 333  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4832 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Берілген бұйрықпен бекітілген 7-қосымшада:
      3-тармақта "пәндік емтихан тапсырады." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен: ", "Клиникалық ординатура" бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген үміткерлерден басқа.";

      Берілген бұйрықпен бекітілген 8-қосымшада:
      6-бағанда, реттік номері 11, жолдарда "N+1" қорытындыны комиссия береді" деген сөздер мен сандар "TCF 699-дан 200" деген сөздер мен сандарға алмастырылсын.

      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады