Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру ережесі;
2) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысаны (үлгісі) бекітілсін.
2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
комитеті төрағасының м.а.
2007 жылғы 30 қараша
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрiнiң
2007 жылғы 26 қарашадағы
N 710 бұйрығымен
бекiтiлген
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және
шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу туралы шарт - шитті мақта иесі мен шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертхана (орталық) арасында жасалатын шарт (бұдан әрі - шарт), оның негізінде шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізіледі;
2) шитті мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта бар жеке немесе заңды тұлға;
3) сынау - белгіленген рәсімге сәйкес шитті мақтаның бір немесе бірнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
4) шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертхана (орталық) - шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына белгіленген тәртіппен тіркелген шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі сынау зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана (орталық));
5) шитті мақта партиясы - сапасы туралы бір жолдамалық құжатпен ресімделген бір селекциялық және өндірістік сорттағы, түрдегі және сыныптағы шитті мақтаның саны;
6) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік - шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін куәландыратын құжат;
7) шитті мақтаның сапасын сараптау - сынама таңдап алу мен сынауды, шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті ресімдеуді қамтитын, шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеуге және растауға бағытталған шаралар кешені.
3. Шитті мақтаның сапасын сараптауды оның сапасын анықтау құқығына белгіленген тәртіппен тіркелген зертханалар (орталықтар) жүргізеді.
4. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік бiр мекен-жайға, көлiк құралының бiр түрiмен тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған шитті мақтаның әрбiр бiртектi партиясына берiледi.
2. Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу тәртібі
5. Шитті мақтаның сапасын сараптауға:
1) сынамалар іріктеу;
2) сынақтар өткізу;
3) шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті ресімдеу енеді.
6. Шитті мақтаның сапасын сараптау зертхана мен (орталық пен) шитті мақта иесі арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Сапа көрсеткіштерінің тізбесі нормативтік құжаттарға және (немесе) оларды белгілейтін басқа көздерге сілтеме жасай отырып, шитті мақта иесімен жасалатын шартқа енгізіледі.
7. Сынамаларды іріктеу шитті мақта иесінің қатысуымен жүргізіледі. Сынамалар іріктеу және сынақтар өткізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын (немесе) қолдануға рұқсат етілген нормативтік құжаттар, әдістемелер, басқа да құжаттар пайдаланылады.
Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы актімен сынамалар іріктеу ресімделеді. Сынамалар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы шитті мақта сынамаларын тіркеу журналына тіркеледі.
8. Шитті мақтаның сапасын сараптау нәтижелері осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға енгізіледі.
9. Жоғарыда көрсетілген журналдар бауланған, нөмірленген және зертхана (орталық) басшысының қолымен бекітілген болуы тиіс.
10. Сынақтан өткен, целлофан қалтамен қапталған және шитті мақта иесі өкілінің қатысуымен зертхана (орталық) маманы мөрлеген шитті мақта сынамасы зертханада (орталықта) 24 сағаттан аспайтын уақытта сақталуы тиіс. Қапталған сынамаларды одан әрі сақтауы шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің күшiнің мерзiмi iшiнде шитті мақта иесімен жүзеге асырылады және арбитражды сынама ретінде мақта өңдеу ұйымдарымен түсiнiспеушiлiктер болған жағдайда пайдалануы тиіс.
3. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртiбi
11. Сараптама нәтижелері бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы шитті мақтаның сапасы туралы куәлік ресімделеді және шитті мақта иесіне беріледі. Куәліктің түпнұсқасы сынамаларды іріктеу сәттен 24 сағат аспайтын мерзімде шитті мақта иесіне беріледі, ал көшірмесі зертханада (орталықта) қалады және бір жыл бойы сақталады.
12. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік өнім сынамаларының бақылауы шитті мақтаның сапасын сараптау зертханасында (орталығында) өткен партиясына таралады.
Шитті мақта иесімен мақта қолхатын алған сәтіне дейін куәліктің күшінің мерзімі бар.
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу
және шитті мақтаның сапасы туралы
куәлік беру ережесiне
1-қосымша
200__ж. "_____"_________________
N_______ сынамалар таңдап алу акті
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу туралы шитті мақта иесі
мен мақта өңдеу ұйымы арасындағы 200__ж. "___" _________N ___ шарт
негізінде мен, __________________________________________ маманы
(зертхананың атауы, Т.А.Ә.)
_________________________________________________________ қатысуымен
(шитті мақта иесі өкілінің лауазымы, Т.А.Ә.)
қолданыстағы _______ стандартқа сәйкес _____________________________
(стандарттың N) (МҚП немесе МӨҰ атауы)
тұрған шитті мақтаның сынамаларын алдым.
N________ шитті мақта партиясы Партияның салмағы _______тонна
Таңдап алынған сынамалар саны _______________
Таңдап алынған сынамалар салмағы, кг ________
Сынамалар таңдап алынған күн мен уақыты:
200 __ ж. "___" _____________ сағ. ___ мин.
Зертхана маманы: ___________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шитті мақта иесі: __________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу
және шитті мақтаның сапасы туралы
куәлік беру ережесiне
2-қосымша
Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы
Рет N |
Күн, |
Шитті мақта иесі |
Сынамалар |
Сынамалар |
Партияның |
Сынаманы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу
және шитті мақтаның сапасы туралы
куәлік беру ережесiне
3-қосымша
Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру журналы
Рет N п |
Шитті |
Партияның N және салмағы |
Күн, ай, жыл |
Сапа көрсеткіштері |
|
өнеркәсіптік |
сыныбы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Сынаулар |
Шитті |
Өтінім |
||
арамшөпті |
ылғал- |
|||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрiнiң
2007 жылғы 26 қарашадағы
N 710 бұйрығымен
бекiтiлген
____________________________________________________________________
(шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертхананың атауы)
Мекен-жайы: 200__ж. "____" _____________
Телефон/факс: N ____ тіркеу аттестаты
N_____________
шитті мақтаның сапасы туралы
К У Ә Л І К
200__ ж."_____" ____________N _________ сынамаларды іріктеу актімен
қоса сараптамаға берілген шитті мақтаның сынамасына
__________________________________ _ ___________________ берілді.
шитті мақта иесі және тұрған жері
Шитті мақтаның сорты _____________________ Егін жылы 200___ж.
N___________партия Шитті мақтаның шығу тегі __________________
Жинау түрі ________________________
Шитті мақтаны жинаған күн 200__ ж."_____" __________________________
Шитті мақтаның қажеттілігі _________________________________________
ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Рет N |
Көрсеткіштер атауы |
Нақты көрсеткіш-тер |
1 |
2 |
3 |
1 |
Өнеркәсіптік сорты |
|
2 |
Сыныбы |
|
3 |
Арамшөпті қоспалардың салмақ үлесі, % |
|
4 |
Ылғалдың салмақ үлесі, % |
Жүргізілген күні 200__ ж. "____" _____________
Зертхана меңгерушісі: ______________ _____________
қолы Т.А.Ә.
М.О.