"Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 306 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5024 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.05.27 № 171 Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:

     1. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1864 тіркелген (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 29, 629-құжат) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 68 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
     бірінші абзацтағы "1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 3) тармақшасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 10-тармағының 2) тармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақта "Ирак Қасымұлы Елекеевке" деген сөздер "Дулат Рашитұлы Құсдәулетовке" деген сөздермен ауыстырылсын.

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары және мемлекеттік кепілдіктері жөнінде заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесінде:

     1-тармақта:
     "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "1999 жылғы 11 наурыздағы N 223" деген сөздері "2004 жылғы 28 қазандағы N 1120" деген сөздермен ауыстырылсын;
     ""Қазақстан Республикасының үкіметтік қарыз алуын және жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874" деген сөздер ""Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225" деген сөздермен ауыстырылсын;

     11-тармақтың төртінші абзацында ""Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады