Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal opinion) беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1864. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.05.27 № 171 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық бағаны (legal opinion) ұйымдастыру және іске асыру тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.11.08. N 306, 2009.07.24 N 94 Бұйрықтарымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық бағаларды (legal opinion) беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Дулат Рашитұлы Құсдәулетовке жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.11.08. N 306 Бұйрығымен.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2002 жылғы 16 мамырдағы
N 68 бұйрығымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары және
мемлекеттік кепілдіктері жөнінде заңдық баға
(legal opinion) беру
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына, заемдарды тарту процесін реттейтін және Қазақстан Республикасында қарыз алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген. Қараныз P090000220
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.11.08. N 306 Бұйрығымен.

      2. Осы Ереже Әділет министрлігінің заңдық баға беру тәртібін, нысаны мен мерзімін белгілейді.

      3. Заңдық бағаны Әділет министрлігі заемды іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге де ұйымдар арқылы кредит берушіге ұсынады.

2. Заңдық бағаның нысаны

      4. Заңдық баға Әділет министрлігінің ресми бланкісінде ресімделетін хат тәртібінде әзірленеді және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктерінің Заңдық қорытындысын қамтиды.

      5. Заңдық баға мемлекеттік және/немесе орыс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде ресімделеді.

      6. Заңдық бағаға Қазақстан Республикасының Әділет министрі (бұдан әрі - Әділет министрі) не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

3. Заңдық бағаның мазмұны

      7. Заңдық бағаның бірінші парағында құжаттың атауы, оның нөмірі, ресімделген күні, кредит берушінің деректемелері және бірнеше парақта болуы мүмкін қорытындының мәтіні қамтылуға тиіс.
      Соңғы бетінде Әділет министрінің не оның міндетін атқаратын адамның қолы болуы тиіс және мөрмен бекітілуі мүмкін.

      8. Әдетте Заңдық қорытындыда:
      егер қорытынды мемлекеттік заемға қатысты берілетін болса, заем туралы шарттың (келісімнің) атауы және күні;
      егер қорытынды мемлекеттік кепілдікке қатысты берілетін болса, мемлекеттік кепілдіктің атауы, нөмірі және күні;
      халықаралық капитал рыноктарында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналым мерзімі;
      заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы шартта (келісімде) ескерілген жалпы сома, мемлекеттік кепілдік қолданылатын басқа да кепілдік міндеттемелер;
      соларға сәйкес мемлекеттік заем тарту немесе мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданған нормативтік құқықтық актілер және өзге де шешімдер;
      мемлекеттік заемды тарту және Қазақстан Республикасының заңнамасына мемлекеттік кепілдік беру рәсімдеріне сәйкестілігі туралы қорытынды;
      заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы шарт (келісім) бойынша қарыз алушының немесе кепілгердің өкілеттіктері, олардың Заңды нақтылығы және орындау міндеттілігі туралы қорытынды қамтылуы тиіс.

4. Заңдық баға беру рәсімі мен шарттары

      9. Заңдық бағаны дайындау оны беру туралы сұрау салу тіркелген күннен бастап бір ай мерзімде және осы Ережеге сәйкес тек қана Әділет министрлігінің функциялары және заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы шарт (келісім) шарттарының негізінде жүзеге асырылады.

      10. Заңдық қорытынды беруге Әділет министрлігі мынадай құжаттар негізінде Заңдық қорытынды беруді жүзеге асырады:
      заем туралы шарттың (келісімнің) және оның шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасының мүдделі органдар немесе ұйымдар куәландырған көшірмесі;
      мемлекеттік кепілдік және оның шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасының мүдделі органдар немесе ұйымдар куәландырған көшірмесі;
      заем және мемлекеттік кепіл туралы шартқа (келісімге) түзетулердің (толықтырулар мен өзгерістердің), егер ондай орын алған болса, және олардың шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасының мүдделі органдар немесе ұйымдар куәландырған көшірмесі;
      бағалы қағаздар эмиссиясы туралы мәліметтер;
      заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы шартта (келісімде), соның ішінде кредит беруші ұйымның ішкі шарттарымен шектелмей сілтеме жасалған басқа да құжаттар.

      11. Мемлекеттік кепілдікке қатысты Заңдық баға беру үшін Әділет министрлігіне осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттардан өзге:
      бұрын мемлекеттік кепілдікпен алынған, төлеу мерзімі басталған мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнінде берешегінің, сондай-ақ кредит берушілер алдында мерзімі өткен өзге де берешегінің жоғын растайтын;
      жобаның жалпы құнын жаппайтын ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді растайтын құжаттарды;
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі талаптарының орындалғанын растайтын басқа да қосымша құжаттар ұсынуға тиіс.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.11.08. N 306 Бұйрығымен.

      12. Осы Ереженің 10 және 11-тармақтарында көрсетілген құжаттардың болмауы Заңдық баға дайындаудан және беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      13. Заңдық баға оған Әділет министрі немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      14. Заңды бағаның заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы немесе халықаралық капитал рыноктарында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымы тоқтатылған сәттен бастап шарттың (келісімнің) қолданылу, сондай-ақ заем немесе мемлекеттік кепілдікке түзетулер (толықтырулар немесе өзгерістер) туралы келісімге (Шартқа) немесе көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаз айналымының шарттары өзгерген жағдайда Заңды күші жойылады.
      Заем туралы шартқа (келісімге) немесе мемлекеттік кепілге түзету (толықтыру немесе өзгеріс) енгізілген немесе аталған мемлекеттік бағалы қағаздар айналымының шарттары өзгерген жағдайларда Заңдық баға осы Ережеде белгіленген тәртіппен қайта беруді қажет етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады