Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16751 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 411 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда "Юридическая газета" № 4 (1404) газетасында жарияланған) бұйрығында:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 наурызда № 88 (28027) "Егемен Қазақстан" газетте жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ҰМА-1 нысаны осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес Түг-2 нысаны орыс тілінде осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      3. "Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9623 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларында көрсетілген бұйрықпен бекітілген:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру тәртiбiн белгiлейдi.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру үшiн үш жылдық кезең белгіленеді, оның ішінде 120 оқу сағатын жинау қажет. Үш жылдық кезең кәсіби бухгалтер сертификатын алған жылдан кейінгі жылы басталады. Үш жылдық кезеңге кәсіби бухгалтерлік бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық салаларында немесе жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақы сақталмайтын демалыс үзілісі қосылмайды.".

      4. "Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9620 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларында:

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кемінде соңғы үш жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп - талдамалық салаларында немесе жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариалдық немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған;";

      12-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексеруді емтихан комиссиясы емтихан тапсырған отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргiзедi.";

      мынадай мазмұндағы 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:

      "21. Кәсіби бухгалтер сертификаты беру сертификаттаудың соңғы пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      22. Сертификаттау ұйымы өткізген емтиханның нәтижелерімен келіспеген жағдайда, емтихан нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн аралығында сертификаттау ұйымы басшысының атына жазбаша түрде шағым беріледі, ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      23. Кәсіби бухгалтерлер болуға кандидаттан өтініш түскен жағдайда әрбір емтихан бойынша апелляциялық комиссия құрамы (кеңес) құрамы бекітіледі, ол емтихандар нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарау тәртібін және комиссия (кеңес) шешімін көрсете отырып, апелляциялық комиссия (кеңес) туралы ережені белгілейді.

      24. Апелляциялық комиссия (кеңес) құрамына емтихан жұмыстарын бағалауда қатыспаған Комиссия мүшелерінің тақ саны, сондай-ақ кәсіби ұйым өкілдері кіреді.

      25. Емтихан не шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кәсіби бухгалтерлер болуға кандидат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.".

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 455 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.

      2. Жоғары білімі бар.

      3. Жұмыс өтілі бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы үш жыл, бұл еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесімен расталған, нотариалдық куәландырылған не кадр қызметі не жұмыс беруші куәландырған және ұйымның мөрімен расталған (ол бар болса) болуға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 562 бұйрығына
16-қосымша
ҰМА-1 нысаны

Тапсырушы ұйым (жеке кәсіпкер)
______________________________________
атауы

ЖСН/БСН*____________________________

Алушы ұйым (жеке кәсіпкер)
______________________________________
атауы



БЕКІТЕМІН
Тапсырушы-ұйымның басшысы
(тапсырушы жеке кәсіпкер) (құрылымдық бөлімше)
________/______/__________________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
Мөрдың орны (бар болса) 20 ___ жылғы "_____" ________________

БЕКІТЕМІН
Алушы-ұйымның басшысы
(алушы жеке кәсіпкер) (құрылымдық бөлімше)
________/______/__________________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
Мөрдың орны (бар болса) 20 ___ жылғы "_____" ________________

      Мөрдың орны (бар болса) 20 ___ жылғы "_____" ________________



ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІ ҚАБЫЛДАП АЛУ-БЕРУ АКТІСІ **

Негіздемесі

Тапсырушы ұйымның (жеке кәсіпкердің) материалдық жауапты тұлғасы (аты, тегі, әкесінің аты, лауазымы)

Атауы, cипаттамасы

Сатып алынған, шығарылған, салынған, тіркелген, әзірленген, қайта сыныпталған күн

Мойындаған күндегі бастапқы құны, теңгемен

Құжат атауы

Құжат нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

6

7

      ҰМА-1 нысанының 2-ші беті

Пайдалы пайдалану мерзімі

Амортизация сомасы, теңгемен

Баланстық құны, теңгемен

Нөмірі

Дебет

Кредит

Паспорт нөмірі

ҚҚС-пен өткізу сомасы, теңгемен

түгендеу

зауыттық (тіркеу)

шоты

шоты

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Жиыны









      _____________________ 20___ жылғы "___"________________ № ________ бұйрықтың

      (өкімнің) негізінде берілген _______________________

      _________________________________________________ тексеру жүргізілді.

      атауы

      Қабылдау (беру) сәтінде активтер ________________________________________ орналасқан.

      активтің орналасқан жері

      Ауыстыру негіздемесі _____________________________________________________________

      Активтердің қысқаша сипаттамасы __________________________________________________

      Қымбат бағалы материалдардың (металдардың, тастардың) болуы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      Қажетті техникалық - экономикалық және басқа талаптарға (шарттарға) сәйкес келеді (сәйкес келмейді)________________________________________________________________________

      нақты не сәйкес келмейтінін көрсету

      Пысықтау талап етілмейді (талап етіледі)_____________________________________________

      нақты не талап етілетінін көрсету

      Сынақтан өткізу нәтижелері________________________________________________________

      Комиссияның қорытындысы _______________________________________________________

      Қосымша: Құжаттаманың тізбесі____________________________________________________

      Комиссия төрағасы _______________/___________/_______________________

      лауазымы            қолы            қолды таратып жазу

      Комиссия мүшелері:_______________/___________/_______________________

      лауазымы            қолы            қолды таратып жазу

      _______________/___________/_______________________

      лауазымы            қолы            қолды таратып жазу

      ҰМА-1 нысанының 3-ші беті

      Ұзақ мерзімді актив

Тапсырған _______/____/______________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
20___ жылғы "___" ____________

Қабылдаған ______/_____/_________________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
20___ жылғы "___" _____________
берген 20__жылғы "__" __ №___ сенімхат бойынша
Жауапты сақтауға қабылдаған ________/______/_______________
лауазымы қолы қолды таратып жазу
20___ жылғы "___" ______________

Бухгалтерияның белгісі:
алуды түгендеу карточкасында (кітабында)
істен шығарылғаны белгіленді
Бас бухгалтер ____/____________
қолы қолды таратып жазу

Есепке алуды түгендеу карточкасын ашу туралы
бухгалтерияның белгісі немесе есепке алу
түгендеу кітабындағы құжаттың № __________, жасалған күні
20_____ жылғы "___"________________
Бас бухгалтер ____/__________________
қолы қолды таратып жазу

      Ескертпе

      * ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрi/БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      ** Негізгі құралдарға; материалдық емес активтерге; инвестициялық мүлікке; сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерге жататын ұзақ мерзімді активтерді есепке алу үшін қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады