Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 02-02/290 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5060 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 04.2-40/44 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010.02.23 N 04.2-40/44 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы  N 558 қаулысына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Келесі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілсін:
      1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) (1-Қосымша);
      2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат (2-Қосымша);
      3) қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару, қаржы орталығының органдарынан басқа (3-Қосымша);
      4) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу (4-Қосымша).
       Ескерту: 4) тармақшамен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

      2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Тіркеу департаментіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етілсін.

      3. Осы бұйрықтың Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде орналасуын Әкімшілік-қаржы департаментіне қамтамасыз етілсін.

      4. Осы бұйрықтың Агенттіктің Даму департаментіне бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Агенттік веб-сайтында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Аппарат басшысы Б.М. Ахановқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы      
Алматы қаласының өңірлік қаржы  
орталығының қызметін реттеу   
агенттігі Төрағасының      
2007 жылғы 26 қарашадағы     
N 02-02/290 бұйрығымен      
бекітілген              
(1-Қосымша)            

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді- ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызметін
көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын - заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, заңды тұлға туралы мәліметтерді Заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік регистріне және тіркеуші органның заңды тұлғалар реестріне енгізуді, оларға Бизнес Идентификациялық Нөмір (бұдан әрі - БИН) және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, сонымен қатар әділет органдарына іске асырылған мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жіберуді қамтиды.

      2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет) жартылай автоматтандырылған.

      3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" туралы Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

      4. Қызметті Қазақстан Республикасы Агенттігі көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 181; веб-сайт: www.rfca.gov.kz.

      5. Қызмет көрсетудің аяқталу формасы БИН және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.

      6. Қызмет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болғысы келетін субъектілерге көрсетіледі.

      7. Қызмет қажетті құжаттар тіркелген өтінішті ұсыну күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      8. Қызмет ақылы болып табылады.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу алымының көлемін бекіту туралы" Қаулысымен белгіленген 7600 (жеті мың алты жүз) теңгені құрайтын төлем алынады. Төлем бюджетке салық төлеушінің салық төлеуші ретінде тіркелген орнында төленеді.

      9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында (www.rfca.gov.kz), және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.

      11. Қызмет өтініш берушінің Агенттік кеңсесіне құжаттарды тапсыруы арқылы көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

       Ескерту: 12 тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

      12. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      белгіленген үлгідегі қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшының уәкілетті тұлғасы қол қояды);
      мемлекеттік және орыс тілінде әзірленген жарғының үш данасы; құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жалғыз құрылтайшының шешімінің қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасы;
      заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттар. Заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттарға жалға алу, сатып алу келісімдерінің, кеңсеге деген құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, және азаматтық заңнамада қарастырылған басқа құжат жатады. Егер кеңсе иесі жеке тұлға болса, жеке тұлғаның заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының орналасатын жері ретінде кеңсені беруге нотариалды расталған келісімі ұсынылады;
      салық төлеушінің салық, міндетті зейнетақы салымдары және Қазақстан Республикасы аумағында әлеуметтік салымдар бойынша берешегінің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын бюджетке төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      құжаттарды беру және алу құқығын иеленуге сенімхат (екі дана).
      Ескерту:
      Шет ел қатысуымен қызмет ететін заңды тұлғаларды тіркеу кезінде ұсынылған құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде басқаша белгіленбеген болса, келесі құжаттар қосымша ұсынылады:
      Құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа да заңы құжат, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
      құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. Заңды тұлғаны қайта тіркеу үшін:
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қайта тіркеу туралы өтініш (құрылтайшы және құрылтайшының өкілетті тұлғасы қол қояды);
      заңды тұлғаның өкілетті органының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы шешімінің немесе шешімінен үзіндінің заңды тұлғаның мөрі бар үш нұсқасы;
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі енгізілген өзгертулерімен (толықтыруларымен) құрылтай құжаттарының үш нұсқасы. Мұнда өзгертулер мен толықтырулар екі түрде рәсімделе алады: құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда әзірлеу немесе бұрынғы құрылтай құжаттарын енгізілген өзгерістерді қосымша ретінде рәсімдеу;
      заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттар. Заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттарға жалға алу, сатып алу келісімдерінің, кеңсеге деген құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, және азаматтық заңнамада қарастырылған басқа құжат жатады. Егер кеңсе иесі жеке тұлға болса, жеке тұлғаның заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының орналасатын жері ретінде кеңсені беруге нотариалды расталған келісімі ұсынылады;
      бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың түпнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат (екі дана).
      Қайта тіркеу себебіне байланысты заңды тұлға Агенттікке Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес, басқа құжаттарды ұсынуы шарт. Атап айтқанда, шаруашылық серіктестігінің құрамынан шыққан жағдайда (шаруашылық серіктестік қатысушылары реестрін бағалы қағаздар ұстаушылары реестрі жүйесін іске асыру қызметіне лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда), Қазақстан Республикасы заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес, бас тартуды (беру) немесе серіктестіктен шығатын қатысушының мүліктің бір бөлігіне (жарғылық капиталда) деген құқықтарының басқаға өтуін растайтын құжат ұсынылады. Заңды тұлға қатысушыларының (акционерлік қоғам акционерлері) құрамына жаңа қатысушы - заңды тұлға кірсе, тіркеуші органға құрылтай құжаттарымен бірге жаңа қатысушы - заңды тұлғаның салық борышқорлығының жоқтығы туралы анықтама ұсынылады.
      Қайта тіркеуге әкеп соқпайтын құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу үшін:
      еркін түрде жазылатын өтініш;
      заңды тұлғаның өкілетті органының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы шешімінің немесе шешімінен үзіндінің заңды тұлғаның мөрі бар үш нұсқасы;
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі енгізілген өзгертулерімен (толықтыруларымен) құрылтай құжаттарының үш нұсқасы. Мұнда өзгертулер мен толықтырулар екі түрде рәсімделе алады: құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда әзірлеу немесе бұрынғы құрылтай құжаттарын енгізілген өзгерістерді қосымша ретінде рәсімдеу. Егер заңға сәйкес, құрылтай құжаттарын нотариалды растау қажет болса, ондағы өзгертулер мен толықтырулар да нотариалды расталуы қажет;
      бұрынғы құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың түпнұсқалары;
      заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттар. Заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттарға жалға алу, сатып алу келісімдерінің, кеңсеге деген құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, және азаматтық заңнамада қарастырылған басқа құжат. Егер кеңсе иесі жеке тұлға болса, жеке тұлғаның заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының орналасатын жері ретінде кеңсені беру туралы нотариалды расталған келісімі ұсынылады;
      құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат (екі дана).
      Заңды тұлғаны өзгерту кезінде Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғаның уәкілетті органның өзгерту туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
      заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      өзгертуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат табыс етілуі тиіс.
      Акционерлік қоғамды өзгерткен кезде тіркеуші органға қосымша акционерлік қоғам акциялардың барлық эмиссияларының күшін жою туралы куәлік ұсынылады.
      Заңды тұлғаларды қосу барысында Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғалардың уәкілетті органдары қосылу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
      заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      қосылуға жататын заңды тұлғалардың мөрлерінің жойылғаны туралы құжат ұсынылуы тиіс.
      Заңды тұлғаны бөлу кезінде Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғаның уәкілетті органның бөлу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен бөлу балансы;
      заңды тұлға уәкілетті органдарының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      бөлінуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат ұсынылуы тиіс.
      Бөлініп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан бір және бірнеше заңды тұлғалар бөлініп шығып, Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғаның уәкілетті органның бөлініп шығару туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен бөлу балансы;
      заңды тұлға уәкілетті органдарының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы несие берушілерді жазбаша хабарлағанын растайтын құжат;
      қайта құрылған заңды тұлға құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты.
      Қайта құру (өзгерту, қосу, бөлу, бөліп шығару) нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қайта құрылған заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Егер заңды тұлғаның бірінші басшысы ауысқан жағдайда, Агенттік Реестрге және біртұтас мемлекеттік заңды тұлғалардың Тіркеліміне заңды тұлғаға хабарлама және басшының өзгергендігі туралы құжаттың (шешім, бұйрық) көшірмесі негізінде өзгертулер енгізеді. Хабарламада азаматтың аты-жөні, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, бірінші басшының салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы толық мәлімет болуы тиіс.
      Тарату негізінде заңды тұлға жұмысының тоқтатылуын тіркеу үшін:
      Таратуды тіркеу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініш (құрылтайшы және құрылтайшының өкілетті тұлғасы қол қояды);
      заңды тұлға меншігі иесінің немесе меншік иесі өкілетті органының немесе құрылтай құжаттарымен өкіліне берілген заңды тұлғаның органының шешімі;
      құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка;
      заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың шағымдану мерзімдері мен тәртібі туралы ақпараттың баспасөз беттерінде жариялануы туралы құжат;
      таратылатын заңды тұлғаның мүлік құрамы туралы ақпаратты, кредиторлар шағымдары тізімін, оларды қарастыру нәтижелерін қамтитын аралық ликвидациялық баланс;
      ликвидациялық баланс;
      заңды тұлға мүлкінің иесінің немесе заңды тұлғаның тарапы туралы, аралық және ликвидациялық балансты бекіту туралы шешімді қабылдаған, заңды тұлғаның мөрі басылған, шешімі;
      заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат;
      салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілетті органның акциялар шығаруды жою туралы хабарламасы (акционерлі қоғамдар үшін);
      бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат (екі дана).
      Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген күйі үш нұсқада ұсынылады, және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте расталады.
      Банктің еншілес ұйымы - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі жағдайында, банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган ұсынған еншілес ұйым құруға рұқсаты қажет.
 

             13. Тіркеу (қайта тіркеу) және тарату туралы өтініш формалары Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында www.rfca.gov.kz. орналастырылады.

      14. Құжаттарды қабылдау Агенттік ғимаратында келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 107 бөлме, байланыс телефоны (727) 2449-500.

      15. Агенттік кеңсесіне құжат тапсыру кезінде, өтініш берушіге құжат қабылдаушы тұлғаның аты-жөні, қабылдау уақыты, күні жазылған талон беріледі.

      16. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін, статистикалық карточканы, салық төлеуші куәлігін алу келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 107 бөлме.

      17. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)ден бас тартуға келесі жағдайлар негіз болады:
      құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларды қарастыру барысында анықталған жетіспеушіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы немесе аударым және нотариалды растау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ заңнамалық актілері қарастыратын басқа да негіздемелер бойынша мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі үзіледі;
      заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ табыстау актісін немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мұрагерлігі туралы ережелердің болмауы, сонымен қатар құрылтайшы әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылуы және (немесе) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы әрекет етпейтін заңды тұлғалардың басшысы болуы, немесе оның әрекет етуге қабілетсіз не шектеулі түрде қабілетсіз, іс-түзсіз жоғалған немесе өлген деп жариялануы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192, 216, 217 баптары бойынша қылмыстары үшін сотталған деп танылуы, және жеке тұлғаны куәландыратын жоғалған құжаттардың ұсынылуы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартқан немесе тіркеу мерзімін үзген жағдайларда, тіркеуші орган нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғанына сілтемесі бар бұйрық шығарады. Бас тартылған жағдайда, өтініш, заңдарға қайшылығы бар құжаттар және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін төленген алым қайтарылуға жатпайды.

  3. Жұмыс қағидалары

      18. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
      1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
      2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
      3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
      4) ізетті әрі әдепті болуы;
      5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.

      20. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажетті ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 105 бөлме, байланыс телефоны: (727)2449500 (ішкі нөмір 1136).

      22. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 104 бөлме, байланыс телефоны: (727)244 95 00 (ішкі нөмір 1131).

      23. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымының қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмірі көрсетілген) беріледі.

  6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі 181, телефондар: (727)244 95 00 (ішкі нөмірлер 1136, 1133), немесе Агенттік веб-сайты www.rfca.gov.kz.

"Алматы қаласының өңірлік қаржы  
орталығының қатысушылары - заңды 
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  
(қайта тіркеу)" мемлекеттік   
қызметін көрсету стандартына  
Қосымша             

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік  мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жыл-
дағы ағымда-
ғы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну оқиғаларының
% (үлесі)

95% 

80%

75%

1.2. қызмет алуды
кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күт-
кен тұтынушылардың
% (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұты-
нушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды
лауазымды тұлға
дұрыс ресімдеген
жағдайдың (жүргі-
зілген төлемдер,
есеп айырысулар және
т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапа-
ға және ақпаратқа
қанағаттанған тұты-
нушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2.тұтынушы құжат-
тарды дұрыс толтыр-
ған және бірінші
реттен тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

80%

45%

30%

3.3. Интернет арқылы
қол жетімді қызмет-
терінің ақпараты % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтыну-
шылардың жалпы саны-
на негізделген ша-
ғымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттанды-
рылған негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәрті-
біне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мер-
зіміне қанағаттан-
ған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайлық

5.1. қызметкерлердің
сыпайылығына қана-
ғаттанған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

90%

70%

60%

      Ескертпе: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі

Қазақстан Республикасы      
Алматы қаласының өңірлік қаржы  
орталығының қызметін реттеу   
агенттігі Төрағасының      
2007 жылғы 26 қарашадағы     
N 02-02/290 бұйрығымен      
бекітілген           
     (2-Қосымша)       

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет
істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына
      келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ
тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат"
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) өтініш берушілердің тиісті уәкілетті органға виза беру, визаның жарамдылық мерзімін ұзарту, виза санатын өзгерту туралы қолдаухат беруге деген өтініштерін қарастыруды және өтініш берушілерге олардың заңдық маңызы бар әрекет етулері үшін тиісті жазбаша қолдаухат беруді қамтиды.

      2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет) автоматтандырылмаған.

      3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 2 тармағының 2) тармақшасының негізінде көрсетіледі.

      4. Қызметті Агенттік көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181; веб-сайт: www.rfca.gov.kz.

      5. Қызметтің аяқталу формасы Агенттіктің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру, аталған тұлғалардың визаларының мерзімін ұлғайту және виза санатын өзгерту туралы жазбаша қолдаухат болып табылады.

      6. Қызмет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына олар шақырушы тарап болған жағдайда, көрсетіледі.

      7. Қызмет қажетті құжаттар тіркелген өтінішті ұсыну күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      8. Қызмет ақысыз болып табылады.

      9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында (www.rfca.gov.kz.) және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.

      11. Қызмет өтініш берушінің Агенттік кеңсесіне құжаттарын тапсыруы арқылы көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қызметті пайдалану үшін өтініш беруші Агенттікте Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат алуға арналған тиісті формадағы өтінішті ұсынады, өтініш келесі ақпаратты қамтиды:
      1) әр шет ел азаматының және (немесе) азаматтығы жоқ тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда);
      2) туылған күні және орны;
      3) азаматтығы (шет ел азаматтары үшін);
      4) резиденттік еліндегі қызметі және лауазымы;
      4-1) білімі туралы мәлімет;
      5) резиденттік еліндегі мекен-жайы;
      6) Қазақстан Республикасындағы мекен-жайы;
      7) келу мерзімі;
      8) виза еселігі;
      9) паспорт мәліметтері немесе азаматтығы жоқ тұлға құжатының мәліметтері;
      10) виза алу орны;
      11) Қазақстан Республикасы территориясына келу және Қазақстан Республикасы территориясынан кету көлігінің түрі;
      12) өтініш берушінің қолы (өтініш Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы арқылы берілген жағдайда, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы мен заңды тұлғаның мөрі).
      Өтінішке осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1) және 9) тармақшаларында ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі.
       Ескерту: 12 тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

             13. Өтініш формасы Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында www.rfca.gov.kz. орналастырылады.

      14. Құжаттар қолма-қол және келесі пошталық мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 106 бөлме, байланыс телефондары (7272)449-500.

      15. Агенттік кеңсесіне құжат тапсыру кезінде, өтініш берушіге құжат қабылдаушы тұлғаның аты-жөні, қабылдау уақыты, күні жазылған талон беріледі.

      16. Виза беру туралы, виза мерзімін ұлғайту туралы, немесе виза санатын өзгерту туралы қолдаухат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 181, N 106 бөлме немесе поштамен өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша.

      17. Қолдаухат алуға қажетті ақпараттың болмауы және тиісті растайтын құжаттардың болмауы жағдайында, Қызмет көрсетілмейді.

  3. Жұмыс қағидалары

      18. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
      1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
      2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
      3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
      4) ізетті әрі әдепті болуы;
      5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.

      20. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажет ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 105 бөлме, байланыс телефоны: (727)244-95-00 (ішкі нөмір 1136).

      22. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 104 бөлме, байланыс телефоны: (727)244-95-00 (ішкі нөмір 1131).

      23. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымның қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмірі көрсетілген) беріледі.

  5. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі 181, телефондар: (727)244 95 00 (ішкі нөмірлер 1136, 1133) немесе Агенттік веб-сайты www.rfca.gov.kz. 

"Алматы қаласының өңірлік қаржы    
орталығында қызмет істеу үшін     
Қазақстан Республикасы территориясына 
келетін шет ел азаматтары мен     
азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру  
туралы қолдаухат" мемлекеттік     
қызметін көрсету стандартына      
Қосымша                 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылда-
ғы нысаналы
мәні

Көрсеткіштің
есепті жылда-
ғы ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тап-
сырған сәттен бастап
белгіленген мерзім-
де қызметті ұсыну
оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылар-
дың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұты-
нушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргі-
зілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапа-
ға және ақпаратқа
қанағаттанған тұты-
нушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжат-
тарды дұрыс толтыр-
ған және бірінші
реттен тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

80%

45%

30%

3.3. Интернет
арқылы қол жетімді
қызметтерінің ақпа-
рат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтыну-
шылардың жалпы саны-
на негізделген ша-
ғымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттанды-
рылған негізделген шағымдардың %(үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәрті-
біне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мер-
зіміне қанағаттан-
ған тұтынушылардың
% (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлер-
дің сыпайылығына қанағаттанған тұты-
нушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 ж. 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі

Қазақстан Республикасы      
Алматы қаласының өңірлік қаржы  
орталығының қызметін реттеу   
агенттігі Төрағасының      
2007 жылғы 26 қарашадағы     
N 02-02/290 бұйрығымен      
бекітілген            
   (3-Қосымша)            

       Ескерту: 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін, қаржы орталығының органдарынан басқа, ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты 1. Жалпы ереже

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының органдарынан басқа, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) арыз берушілердің арнауларын қарастыру мен оларға кейінгі аударма қызметін ұсынудан құралады.

      2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының органдарынан басқа" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет көрсету) автоматтандырылмаған.

      3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының негізінде көрсетіледі.

      4. Қызметті Агенттік көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, веб-сайты: www.rfca.gov.kz.

      5. Қызмет көрсетудің аяқтау нысаны тұтынушы ұсынған аудармаларды оларға қағаз жүзінде және электронды түрде құжаттарды тапсыру болып табылады.

      6. Қызмет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына көрсетіледі.

      7. Қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды қосымшасымен бірге өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.

      8. Қызмет көрсету тегін түрде жүзеге асырылады.

      9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында (www.rfca.gov.kz.), және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.

      11. Қызмет тұтынушының Агенттік кеңсесіне құжаттарды тапсыруы арқылы көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Тұтынушы белгіленген нысана бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін, Агенттікке қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару арнауы, қаржы орталығының органдарынан басқа, келесілерден тұруы шарт:
      1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысының атауы, орналасқан мекен-жайы және байланыс телефондары;
      2) тіл (мемлекеттік және/немесе орыс), ағылшын тілінде ұсынылған құжаттар қандай аударманы қажет етеді;
      3) қосымшадағы беттер саны;
      4) өңірлік қаржы орталығы қатысушысының бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының қолы;
      5) өңірлік қаржы орталығы қатысушысының - заңды тұлғаның мөрі.
      Өтінішке қоса аударуға ұсынылған құжаттар (қағаз жүзінде және электронды түрде) беріледі.
      Аударуға ұсынылған құжаттар келесі параметрлерге сай болуы қажет:
      тіл - ағылшын;
      әріп - Times New Roman;
      әріп мөлшері - 14.

      13. Өтініш формасы Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында (www.rfca.gov.kz.) орналастырылады.

      14. Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 400 кабинет, байланыс телефондары (727) 2449-500 ішкі 1163.

      15. Агенттіктің кеңсесіне құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға кеңсе қызметкерімен қабылданған күн мен уақыт, тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

      16. Тұтынушы аударылған мәтіндерді (қағаз жүзінде және электронды түрде) алу үшін келесі мекен-жай бойынша хабарласуы қажет: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, N 400 кабинет, немесе тұтынушының көрсетілген мекен-жайы арқылы алуға болады.

      17. Қызмет тұтынушымен аударуға арналған қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда ғана көрсетіледі.

  3. Жұмыс қағидалары

      18. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
      1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
      2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
      3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
      4) ізетті әрі әдепті болуы;
      5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.

      20. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажет ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев к-сі 181, N 400 бөлме, байланыс телефоны: (727)2449-500 (ішкі нөмір 1163).

      22. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев к-сі 181, N 104 бөлме, байланыс телефоны: (727)2449-500 (ішкі нөмір 1163).

      23. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымының қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмірі көрсетілген) беріледі.

  6. Байланыстық ақпарат

      24. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі 181, телефондар: (727)2449-500 (ішкі нөмірлер 1163, 1180), немесе Агенттік веб-сайты: www.rfca.gov.kz.

"Алматы қаласының өңірлік қаржы    
орталығы қатысушыларының құжаттарын  
      мемлекеттік органдарға ұсыну үшін,  
қаржы орталығының органдарынан басқа,
ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс 
тілдеріне аудару" мемлекеттік қызметін
көрсету стандартына          
Қосымша                 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Сапа және қол
жетімділік көрсеткіштері 

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні

Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгілен-
ген мерзімде қыз-
метті ұсыну оқи-
ғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алу-
ды кезекте 40 ми-
нуттан аспайтын уақыт күткен тұ-
тынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің
сапасына қанағат-
танған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дүрыс ресімдеген жағдайдың (жүргі-
зілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі ту-
ралы сапаға және
ақпаратқа қана-
ғаттанған тұтыну-
шылардың %
(үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиға-
лардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. Интернет ар-
қылы қол жетімді қызметтерінің
ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетіл-
ген тұтынушылар-
дың жалпы санына негізделген ша-
ғымдардың %
(үлесі)

0,1%

0,3%

0,3%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған
және қанағаттан-
дырылған негіз-
делген шағымдар-
дың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәр-
тібіне қанағат-
танған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне қана-
ғаттанған тұтыну-
шылардың %
(үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкер-
лердің сыпайылы-
ғына қанағаттан-
ған тұтынушылар-
дың % (үлесі)

90%

70%

60%

      Ескертпе: көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі.

                                          Қазақстан Республикасы      
Алматы қаласының өңірлік қаржы  
орталығының қызметін реттеу   
агенттігі Төрағасының      
2008 жылғы 26 қарашадағы     
N 02-02/290 бұйрығына      
4-қосымша             

       Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008.07.17 N 04.2-09/159  Бұйрығымен .

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары
эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу"
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты   1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) кейінгі аудитке жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш берушілердің ұсынылған өтініштерін қарастыруын қамтиды.

      2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет) автоматтандырылмаған.

      3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 2) тармақшасының және "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 523  қаулысы негізінде көрсетіледі.

      4. Қызметті Агенттік көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181; веб-сайт: www.rfca.gov.kz.

      5. Қызмет көрсетудің аяқталу формасы Агенттіктің бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен қол қойылған, ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жазбаша шешімі болып табылады.

      6. Қызмет бұрын қаржы есептілік аудитін жүргізбеген және қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына орналастыруды жүзеге асырған, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттеріне көрсетіледі.

      7. Қызмет қажетті құжаттардың толық пакеті ұсыну күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      8. Қызмет ақысыз болып табылады.

      9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында (www.rfca.gov.kz) және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылытын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.

      11. Қызмет өтініш берушінің Агенттік кеңсесіне құжаттарын тапсыруы арқылы көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Өтініш беруші Қызметті алу үшін Агенттікке бекітілген формадағы өтінішпен қатар келесі құжаттарды ұсынады:

      1) қаржы есептілігі аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;

      2) аудитке жұмсалған шығыстардың төленгендігі фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (құжат көшірмесінің шынайылығы тексерілгеннен кейін түпнұсқа эмитентке қайтарылады);

      3) аудиторлық ұйымның қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын жіберу үшін уәкілетті орган белгілеген аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      4) эмитенттің қаржы құралдары эмиссиясы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ олар болған кезде шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;

      5) аудиторлық ұйымның эмитентпен аффиллирленбегені туралы, бұдан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйым үшін аудиторлық ұйымда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықтарын шектеулердің жоқтығы туралы жазбаша растама;

      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған қаржы есептілігі аудиторлық есебінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      7) биржалық куәліктердің көшірмесі;

      8) орталық депозитарийдің жазбаша растамасы;

      9) мөрмен куәландырылған, эмитент атынан құжаттарды ұсыну мен алу құқығына эмитенттің өкіліне заңды тұлғаның бірінші басшысының атынан берілген сенімхат.

      13. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген санамаланған бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленген, тігілген және лауазымды адамдардың қолдарымен және соңғы парағының артқы жағында тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіс түйініне жапсырылған құлақшаның үстінен жартылай эмитенттің мөрімен куәландырылған күйде ұсынылады.

      14. Өтініштің нысаны Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында www.rfca.gov.kz орналастырылады.

      15. Құжаттар қолма-қол және келесі пошталық мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, N 103 бөлме, байланыс телефондары (727) 2449-500 (ішкі 1177).

      16. Агенттік кеңсесіне құжат тапсыру кезінде, өтініш берушіге құжат қабылдаушы тұлғаның аты-жөні, қабылдау уақыты, күні жазылған талон беріледі.

      17. Агенттіктің жазбаша шешімі өтініш берушіге мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, N 107 бөлме немесе поштамен өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша.

      18. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі жоқ болған жағдайда қызмет көрсетілуден бас тартылады.

  3. Жұмыс қағидалары

      19. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:

      1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;

      2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;

      3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;

      4) ізетті әрі әдепті болуы;

      5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.

  4. Жұмыс нәтижелері

      20. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.

      21. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.

  5. Шағымдану тәртібі

      22. Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажет ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі, 181, N 107-бөлме, байланыс телефоны: (727) 2449-500 (ішкі нөмір 1136).

      23. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі, 181, N 103-бөлме, байланыс телефоны: (727) 2449-500 (ішкі нөмір 1177).

      24. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымның қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмері көрсетілген) беріледі.

  6. Байланыстық ақпарат

      25. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, телефондар: (727) 2449-500 (ішкі нөмір 1178, 1136) немесе Агенттік веб-сайты www.rfca.gov.kz.

                                    Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                    орталығының арнайы сауда алаңына
                                      жіберілген қаржы құралдары
                                   эмитенттерінің аудитіне жұмсалған
                                      шығындарды өтеу мемлекеттік
                                      қызметін көрсету стандартына
                                                 қосымша

     Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік
                          көрсеткіштері

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні

Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

  80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте
40 минуттан аспайтын уақыт
күткен тұтынушылардың
% (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

  70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс рәсімдеген
жағдайдың (жүргізілген
төлемдер, есеп айрысулар
және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және
ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған
оқиғалардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. интернет арқылы қол
жетімді қызметтерінің
ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы
санына негізделген
шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде
қаралған қанағаттандырыл-
ған негізделген шағымдар-
дың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолда-
ныстағы тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады