Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 02-02/290 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2008 жылғы 17 шілдедегі N 04.2-09/159 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5279 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 04.2-40/44 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010.02.23 N 04.2-40/44 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 02-02/290 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 5060 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 18 қаңтарында N 8 (1408) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығына келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      3) тармақшадағы "." деген тыныс белгі ";" деген тыныс белгіге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу (4-қосымша)";

      жоғарыда аталған бұйрыққа "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты" 1-қосымшасындағы, "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты" 2-қосымшасындағы, "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының органдарынан басқа мемлекеттік органдарға Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылармен құжаттарды ұсыну үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне құжаттарды аудару" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты" 3-қосымшасындағы "www.rfca.kz" деген сөздер "www.rfca.gov.kz" деген сөздеріне ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған бұйрыққа "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты" 1-қосымшасында:

      12-тармақта:
      жиырма сегізінші абзацынан кейін мына мазмұндағы абзацымен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғаны өзгерту кезінде Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғаның уәкілетті органның өзгерту туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
      заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      өзгертуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат табыс етілуі тиіс.
      Акционерлік қоғамды өзгерткен кезде тіркеуші органға қосымша акционерлік қоғам акциялардың барлық эмиссияларының күшін жою туралы куәлік ұсынылады.
      Заңды тұлғаларды қосу барысында Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғалардың уәкілетті органдары қосылу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
      заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      қосылуға жататын заңды тұлғалардың мөрлерінің жойылғаны туралы құжат ұсынылуы тиіс.
      Заңды тұлғаны бөлу кезінде Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғаның уәкілетті органның бөлу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен бөлу балансы;
      заңды тұлға уәкілетті органдарының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      бөлінуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат ұсынылуы тиіс.
      Бөлініп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан бір және бірнеше заңды тұлғалар бөлініп шығып, Агенттікке ұсынылады:
      заңды тұлғаның уәкілетті органның бөлініп шығару туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен бөлу балансы;
      заңды тұлға уәкілетті органдарының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      қайта құрылған заңды тұлға туралы несие берушілерді жазбаша хабарлағанын растайтын құжат;
      қайта құрылған заңды тұлға құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері;
      бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты.
      Қайта құру (өзгерту, қосу, бөлу, бөліп шығару) нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қайта құрылған заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Егер заңды тұлғаның бірінші басшысы ауысқан жағдайда, Агенттік Реестрге және біртұтас мемлекеттік заңды тұлғалардың Тіркеліміне заңды тұлғаға хабарлама және басшының өзгергендігі туралы құжаттың (шешім, бұйрық) көшірмесі негізінде өзгертулер енгізеді. Хабарламада азаматтың аты-жөні, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, бірінші басшының салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы толық мәлімет болуы тиіс.";

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты" 2-қосымшасында:
      12-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4-1) білімі туралы мәлімет;";
      12) тармақшаның екінші абзацы "4)" деген саннан кейін ", 4-1)" деген санмен толықтырылсын;

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Тіркеу Департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бұйрықты мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және оның Агенттік веб-сайтында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Агенттіктің әкімшілік - қаржы департаменті осы бұйрықтың Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Д.Қ. Нұрпейісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Арыстанов

Қазақстан Республикасы    
Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу  
агенттігі Төрағасының     
2008 жылғы 17 шілдедегі    
N 04.2-09/159 бұйрығына    
қосымша            

Қазақстан Республикасы     
Алматы қаласының өңірлік қаржы 
орталығының қызметін реттеу  
агенттігі Төрағасының     
2008 жылғы 26 қарашадағы    
N 02-02/290 бұйрығына     
4-қосымша            

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) кейінгі аудитке жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш берушілердің ұсынылған өтініштерін қарастыруын қамтиды.
      2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет) автоматтандырылмаған.
      3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасының және "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 523 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Қызметті Агенттік көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181; веб-сайт: www.rfca.gov.kz.
      5. Қызмет көрсетудің аяқталу формасы Агенттіктің бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен қол қойылған, ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жазбаша шешімі болып табылады.
      6. Қызмет бұрын қаржы есептілік аудитін жүргізбеген және қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына орналастыруды жүзеге асырған, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттеріне көрсетіледі.
      7. Қызмет қажетті құжаттардың толық пакеті ұсыну күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      8. Қызмет ақысыз болып табылады.
      9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында (www.rfca.gov.kz) және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылытын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.
      11. Қызмет өтініш берушінің Агенттік кеңсесіне құжаттарын тапсыруы арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Өтініш беруші Қызметті алу үшін Агенттікке бекітілген формадағы өтінішпен қатар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) қаржы есептілігі аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      2) аудитке жұмсалған шығыстардың төленгендігі фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (құжат көшірмесінің шынайылығы тексерілгеннен кейін түпнұсқа эмитентке қайтарылады);
      3) аудиторлық ұйымның қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын жіберу үшін уәкілетті орган белгілеген аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      4) эмитенттің қаржы құралдары эмиссиясы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ олар болған кезде шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
      5) аудиторлық ұйымның эмитентпен аффиллирленбегені туралы, бұдан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйым үшін аудиторлық ұйымда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықтарын шектеулердің жоқтығы туралы жазбаша растама;
      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған қаржы есептілігі аудиторлық есебінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) биржалық куәліктердің көшірмесі;
      8) орталық депозитарийдің жазбаша растамасы;
      9) мөрмен куәландырылған, эмитент атынан құжаттарды ұсыну мен алу құқығына эмитенттің өкіліне заңды тұлғаның бірінші басшысының атынан берілген сенімхат.
      13. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген санамаланған бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленген, тігілген және лауазымды адамдардың қолдарымен және соңғы парағының артқы жағында тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіс түйініне жапсырылған құлақшаның үстінен жартылай эмитенттің мөрімен куәландырылған күйде ұсынылады.
      14. Өтініштің нысаны Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында www.rfca.gov.kz орналастырылады.
      15. Құжаттар қолма-қол және келесі пошталық мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, N 103 бөлме, байланыс телефондары (727) 2449-500 (ішкі 1177).
      16. Агенттік кеңсесіне құжат тапсыру кезінде, өтініш берушіге құжат қабылдаушы тұлғаның аты-жөні, қабылдау уақыты, күні жазылған талон беріледі.
      17. Агенттіктің жазбаша шешімі өтініш берушіге мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, N 107 бөлме немесе поштамен өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша.
      18. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі жоқ болған жағдайда қызмет көрсетілуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидалары

      19. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
      1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
      2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
      3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
      4) ізетті әрі әдепті болуы;
      5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.

4. Жұмыс нәтижелері

      20. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.
      21. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      22. Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажет ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі, 181, N 107-бөлме, байланыс телефоны: (727) 2449-500 (ішкі нөмір 1136).
      23. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі, 181, N 103-бөлме, байланыс телефоны: (727) 2449-500 (ішкі нөмір 1177).
      24. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымның қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмері көрсетілген) беріледі.

6. Байланыстық ақпарат

      25. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, телефондар: (727) 2449-500 (ішкі нөмір 1178, 1136) немесе Агенттік веб-сайты www.rfca.gov.kz.

                                    Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                    орталығының арнайы сауда алаңына
                                      жіберілген қаржы құралдары
                                   эмитенттерінің аудитіне жұмсалған
                                      шығындарды өтеу мемлекеттік
                                      қызметін көрсету стандартына
                                                 қосымша

   Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік
                          көрсеткіштері

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні

Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

  80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте
40 минуттан аспайтын уақыт
күткен тұтынушылардың
% (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

  70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс рәсімдеген
жағдайдың (жүргізілген
төлемдер, есеп айрысулар
және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және
ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған
оқиғалардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. интернет арқылы қол
жетімді қызметтерінің
ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы
санына негізделген
шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде
қаралған қанағаттандырыл-
ған негізделген шағымдар-
дың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолда-
ныстағы тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады