Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 254 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5076 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы сақтандыру рыногындағы актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі  N 120 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1532 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1532 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы  N 38 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2753 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 жылғы маусым, 104-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы  N 320 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3306 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 жылғы маусым, 110-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 153 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3725 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлық қызметті жүзеге асыру, актуарийлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12  тамыздағы  N 154 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4384 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 29 қыркүйекте N 174 (1154) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі  N 119 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4733 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережеде:

      9-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында:
      "жарты жылдықта" деген сөздерден кейін "есепті жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын," деген сөздермен толықтырылсын;
      "есепті жылда" деген сөздерден кейін "1 қаңтардағы жағдай бойынша есептіден кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға ұсынып," деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақтың үшінші абзацында "қолданылып" деген сөздің алдынан "электрондық жеткізушідегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацында "есептi" деген сөздің алдынан "электрондық жеткізушідегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақта:
      2) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес Актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасына қатысты курстар бойынша 80%-дан кем емес рейтингі бар "Актуарий" мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің дипломы бар жеке тұлға.";

      19-тармақта:
      9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) "Актуарий" мамандығы бойынша дипломға қосымшаны ұсыну арқылы іскерлік басқару магистрі дипломының көшірмесі (осы Ереженің 18-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін).";

      Ереженің 5-қосымшасында "2008 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен және цифрларды "2009 жылғы 1 қаңтардан бастап"" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан актуарийлер қоғамы" қоғамдық бірлестіктерге, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады