"Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 215 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 474 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5086 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.05.2015 № 321 бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексі  350-бабының 8-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарының берешекті және өсімпұлды өтеу бойынша жұмысын жетілдіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы  N 215  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 7 шілдеде N 4284 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 18 тамызда N 151 (1131) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген, берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанында:
      бірінші абзацта:
      "Кеден кодексінің" деген сөздерден кейін "350" деген сан "24-баптың 9-тармақшасына, 348" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тексеру актісі" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацта "мөлшерінде" деген сөздердің алдында "2,5 есе" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші абзацта "350-бабына" деген сөздер "350-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      тоғызыншы абзац "Берешек пен өсімпұлды өндіріп алу туралы кеден органының ескертуіне шағым он күн ішінде берілуі тиіс." деген сөйлеммен толықтырылсын;
      оныншы абзацта "орындау мерзімі" деген сөздердің алдында "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 350-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
      мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Ескертуге шағым жасалған жағдайда, ескертуде қамтылған талаптарды орындау мерзімін есептеу шағым түскен күнінен бастап шағым бойынша шығарылған шешім заңды күшіне енген күнін қоса алған уақытқа дейін тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте, шағым өсімпұлдың есептелуін тоқтатпайды.";
      он екінші абзацта "ашып жазу" деген сөздерден кейін "________ бетте" деген сөздермен толықтырылсын.

       2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан  республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады