Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі N 246/47-11»"Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 30 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 475 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.09.22  N 387/51-IV Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидаларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
 

      1. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидалары туралы" шешіміне (Астана қаласы әділет басқармасымен 2003 жылғы 30 шілдеде 283 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 06 тамызда N 106 "Астана ақшамы" газетінде жарияланды), Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі N 246/47-ІІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 ақпандағы N 119/16-ІІІ шешіміне (Астана қаласы әділет департаментімен 2005 жылғы 14 наурызда 379 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурызда N 40-41 "Астана хабары", 2005 жылғы 29 наурызда N 46 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер және
толықтырулар енгізілсін:
 

      "Осы шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидаларындағы :
      Шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949, "Қазақстан Республикасында тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулыларына сәйкес әзірленген.";
 

      1-тармақта "20" саны "10" санымен ауыстырылсын;
 

      1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
      "5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайда осы Қағиданың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй өтемін алуға құқылы тұлғалар мен отбасылар жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу шығындарының бөлігінде жәрдемақы алуға құқығы бар.";
 

      6-тармақта "Астана қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті" деген сөздер "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішке мынадай құжаттар тіркелді (түпнұсқалар мен көшірмелер):
      1) тұрғын үйдің меншік иесімен (жалдаушы) бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын құжаттары;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің "Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген меншігіндегі тұрғын үй (пәтер, үй) бірліктерінің саны туралы N 1 ақпараттық анықтама;
      3) тұрғын үйге құқық беретін құжат (жекешелендіру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік;
      6) отбасы кірістері туралы мәлімет;
      7) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      8) АХАЖ органынан (жалғыз басты аналар үшін) N 4 нысандағы анықтама;
      9) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға хабарласқан алдындағы айға тұрғын үйді ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің, ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері төлемдер туралы мәлімет.".
 

      2 тарау мынадай мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын:
      "8-1. Жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу шығындарының бөлігінде тұрғын үй өтеміне құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Қағиданың 8-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа мыналарды:
      1) жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу жүргізуге мақсатты алымды төлеу жөніндегі түбіртегі;
      2) жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар мен тұрғын үй иесінің кооперативімен тұрғын үй иесі арасындағы жасалған жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу жүргізуге шарттың көшірмесін;
      3) жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады.".
 

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрайымы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады