« "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі
Заңына
, "Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N№817
қаулысына
сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N№А-2/22
қаулысына
(Мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде 2007 жылы 7 наурызда N 3217 болып тіркелген, газеттерде: "Арқа Ажары" 2007 жылы 20 наурызда, "Акмолинская правда" 2007 жылы 10 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілейтін Ережелерінде:
1-тарауда "Жалпы ережелер":
"орман қоры жерлері;" сөздері "орман қоры жерлері;" сөздерімен ауыстырылсын;
"Щучье қаласының жерлері;" сөздері алынып тасталсын;
2-тарауда "Ұлттық парк қорғалу аймағының режимі":
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте қорғалу аймағында шаруашылықпен айналысатын табиғатты пайдаланушыларға қатысты Ұлттық парк аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бақылау құқықтары таралады." сөздері алынып тасталсын;
3-тарауда "Ұлттық парктің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану тәртібі":
"Ұлттық парктің қорғалу аймағында орналасқан елді мекендердің даму жобалары (шекаралары мен бас жоспарлары)
Ұлттық парк дирекциясының келісімі болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қаралады және бекітіледі, атап айтқанда:
нысандар құрылысына арналған жер учаскелерін таңдау;
елді мекендерді кеңейту және жаңаларын құру;
нысандардың құрылысын жүргізу, орналастыру, жобалау және пайдалану;
жаңа технологияларды енгізу;
зияндылығы жоғары класты өнеркәсіп объектілерінің құрылысын салу және пайдалану."
"Ұлттық парктің қорғалу аймағының шекарасында"» сөздерінен кейінгі "Ұлттық парк дирекциясының келісімі бойынша" сөздері алынып тасталсын;
"әуесқойлық (спорттық) және кәсіби аң, балық аулау (парк дирекциясының ақылы негізде беретін жолдамалары мен лицензиялары бойынша);" сөздері "кәсіптік және әуесқой (спорттық) балық шаруашылығы;"»сөздерімен ауыстырылсын;
"мал бағу" сөздерінен кейінгі "(бағу нормаларына сәйкес)" сөздері алынып тасталсын;
"; қорғалу аймағы көлдерінің бальнеологиялық ресурстарын пайдаланудың ерекше тәртібі" сөздері алынып тасталсын.