Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі N А-7/277 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 16 тамызда N 3234 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қаңтардағы N А-1/1 қаулысымен

        Ескерту: Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қаңтардағы N А-1/1 қаулысымен
      « "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 18 шілдеде N 3229 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі "Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 3С-24-3 "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 3С-28-4 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен ай сайын 1686 теңге, жылу беру кезеңінде 2730 теңге көлемінде қосымша шара белгіленсін.

      2. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті" мемлекеттік мекемесі аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлінген сома көлемінде уақытылы игерілуін қамтамасыз етсін.

      3. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті"» мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын есеп берсін.

      4. "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті"» мемлекеттік мекемесі есептік айдан кейінгі айдың 30-ынан кешіктірмей "Ақмола облысының қаржы департаменті"» мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын есеп берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.

      7. Осы қаулы "Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады