Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қаңтардағы N А-1/1 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 қаңтарда N 3240 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № А-2/80 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.02.26 № А-2/80 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әділет департаментімен 2007 жылғы 21 желтоқсанда N 3238 болып тіркелген, Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 4С-3-4 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығыстарын 2008 жылға өтеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен ай сайын 2,5 айлық көрсеткіштің мөлшерінде қосымша шара белгіленсін.
      2. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті" мемлекеттік мекемесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бөлінген сомалар шегінде коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің уақытылы игерілуін қамтамасыз етсін.
      3. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері әр айдың 30-шы күнінен кешіктірмей "Ақмола облысының еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті" мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын есеп берсін.
      4. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті" мемлекеттік мекемесі "Ақмола облысының қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей есеп берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
      6. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі N А-7/277 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3234 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 тамызда "Арқа ажары" әне 2007 жылғы 28 тамызда "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      8. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Ақмола облысының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады