Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Целиноград аудандары және Біржан сал ауданы бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қазандағы № А-10/325 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 3 қазандағы № 4С-2-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 24 қазанда № 3236 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.03.2018 № А-3/127 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-19-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N А-3/96 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 наурыздағы N С-40-3 шешімі, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/159, 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/160, 2007 жылғы 28 мамырдағы N№а-5/161, 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/162, 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/163 қаулылары мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/5, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/6, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/7, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/8, 2007 жылғы 28 мамырдағы № С-41/9 шешімдері, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № А-201 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 42/1 шешімі, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N а-3/8 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы N С-42/8 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 58 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N 235/36-3 шешімі негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 25 маусымдағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақкөл ауданы бойынша:

      1) Приозерный ауылдық округі мен Приозерное ауылы Жалғызқарағай ауылдық округі мен Жалғызқарағай ауылына;

      2) Приозерный ауылдық округінің Лидиевка ауылы Тастыадыр ауылына;

      3) Приозерный ауылдық округінің Қызылту ауылы Қайнар ауылына;

      4) Ивановское ауылы Азат ауылына өзгертілсін.

      2. Ерейментау ауданы бойынша:

      1) Ақмырза ауылдық округінің Тимофеевка ауылы Ақмырза ауылына;

      2) Бестоғай ауылдық округінің Ильинка ауылы Бестоғай ауылына;

      3) Звенигородка ауылдық округі мен Звенигородка ауылына сәйкес Тайбай ауылдық округі мен Тайбай ауылына;

      4) Күншалған ауылдық округінің Ленинское ауылы Күншалған ауылына;

      5) Торғай ауылдық округінің Стаханово ауылы Қарағайлы ауылына өзгертілсін.

      3. Аршалы ауданы бойынша:

      Александров ауылдық округі мен Александровка ауылына сәйкес Жібек жолы ауылдық округі мен Жібек жолы ауылына өзгертілсін.

      4. Біржан сал ауданы бойынша:

      Үлгі ауылдық округінің Казгородок ауылы Үлгі ауылына өзгертілсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.03.2018 № А-3/127 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-19-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Целиноград ауданы бойынша:

      Воздвиженка ауылдық округінің Новостройка ауылы Жаңа Жайнақ ауылына өзгертілсін.

      6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Есенбаев
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Тайшытаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қамзебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады