РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қазандағы № А-10/325 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 3 қазандағы № 4С-2-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қазанда "Арқа ажары" газетінде, 2007 жылғы 1 қарашада "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Целиноград аудандары және Біржан сал ауданы бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы";
4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Біржан сал ауданы бойынша:
Үлгі ауылдық округінің Казгородок ауылы Үлгі ауылына өзгертілсін."
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
М.Мырзалин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А.Ерденова |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |