Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 316 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 14 қарашада № 3228 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 65, 122-баптарына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 68, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қорытындысына, Ақтөбе облысының ерекше табиғи кешендерін сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 27.02.2017 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында, егер мемлекеттік табиғи қорық объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың кез - келген қызметіне жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу енгізу, сонымен қатар:

      жануарлар дүниесін ұдайы өндіру және пайдалану күзет аймағындағы өкілетті органның аумақтық басқармасының рұқсатымен қасқырларды аулаудан басқа әуесқойлық пен кәсіпшілік аңшылыққа;

      жануарлар мен өсімдіктердің басқа түрлерін жерсіндіруге;

      жабайы жануарлардың ұяларын, індерін, апандарын және басқа мекендейтін жерлерлерін бұзуға, жұмыртқа жинауға, жануарлардың жойылуына соқтыратын басқа да әрекеттерге;

      өсімдіктерді өртеуге;

      Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығының рұқсатынсыз қамыс шабуға, шөп шабуға және мал жаюға;

      Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығының рұқсатынсыз механикаландырылған көліктердің жолсыз жүруіне;

      қорықтың су айдындарының жағдайын нашарлататын гидротехникалық құрылыстарын салуға;

      жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне уытты улы химикаттарды, тыңайтқыштар мен шөпжойғыштарды сақтауға және пайдалануға;

      1 мамырдан 1 тамыз аралығында шопандардың иттерін байлаусыз қоюға;

      экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін технологияларды енгізуге, жаңа объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және іске қосуға.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.03.2019 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" ММ (Ж.И.Иманқұлов), Ырғыз ауданының әкімі (М. Дуанбеков) Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында:

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық белгілеу жөнінде;

      барлық жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне салынған шектеулермен таныстыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жерге орналастыру құжаттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 109 қаулысына сәйкес ретке келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы ол ресми түрде бірінші жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ.Өмірзақовқа жүктелсін.

      Облыс әкімінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады