Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 261 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың" Ережесінің 2 тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар ескеріліп қоса беріліп отырған:
1) Ақылы қоғамдык жұмыстар жүргізілетін ұйымдардын тізбесі:
2) жұмыстардын түрлері, көлемі мен жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бөліген қаражат шегінде қамтамасыз ету "Аудандық экономика және бюджет жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
3. Аудандағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыстармен қамтамасыз етуді және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарттар жасау жұмыстары "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламадар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қаниевке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнннен бастап қолданысқа 10 күннен кейін енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шаңғұтов