Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.09.29 № 304 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27 бабы 1-тармағы 21-3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 1 бабының 4 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының" 4 тарауының 8 тармағын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Жамбыл облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Жексембин
Жамбыл облысы әкімиятының
2007 жылғы 30 мамырдағы
N 123 қаулысымен бекітілген
Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту Ережесі
Осы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережесі (бұдан әрі-Ереже) басқа да елді мекендердегі алаңдарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, қысқа көшелерге, саябақтарға, шағынгүлбақтарға, көпірлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру талаптарын анықтауды бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
1-бөлім. Осы Ережеде пайдаланылатын түсініктер
1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
мекен-жай - елді мекендердің белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, иеліктің, ғимараттың, орын-жайдың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы;
саяжол - негізгі және қосарлас жаяу жүргіншілер көшесі немесе еңбек орындарымен, қызмет көрсету мекемелерімен және кәсіпорындарымен жаяу жүргіншілер байланысын қамтамасыз ететін, оның ішінде қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық көліктік аялдама пункттері шегіндегі жол;
желекжол - жергілікті маңызы бар көше немесе жол, орман-саябақ желектерімен, жаяу жүргіншілер жолдарымен бөлінген кездесу көліктік ағындары;
ғимарат - функционалдык мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үрдістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және т.б. орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
орам - магистральды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстық құрылымдық бөлшегі;
шағын аудан - қаланы қалыптастыратын, магистральды көшелермен бөлінбеген, белгіленген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
атау - аудандарға, шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдар мен елді мекендердің өзге де құрылымдық элементтеріне берілген, оларды бөлу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
өту жолы - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ететін аудандық, шағын аудандық, орамдық қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
алаң - атау берілген жоспарлау элементі болып табылатын, тұйықталған шекаралары бар қала құрылысының объектісі;
объектінің реттік нөмірі - объект мекен-жайының құрылымдық элементі: әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін цифрлар тізбегінен тұратын, қандай да бір құрылымдық бөлшекке тән белгісінің негізінде объектіге, құрылыс салынған аумақтағы атауы бар қала құрылысы объектісіне (көшеге, шағын ауданға және т.б.) берілетін объектінің қарапайым бөлшегі;
жапсарлас объектілер - ғимаратқа және орын-жайға жапсаржай салу жолымен ғимараттарда, құрылыстарда ұйымдастырылған объектілер, бүл жағдайда, тәртіп дербес функционалдык мақсатта пайдаланылады;
даңғыл - жалпы қалалық магистральды жолдар немесе магистральды көшелер;
шағынгүлбақ - қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде үш гектар халықтық бүқаралык демалуына тағайындалған жалпы қолданыстағы қалалық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған;
орын-жай - табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үрдістерді орындауға, сондай-ақ материалдык құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уакытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және/немесе жер асты, су асты) объект. Құрылыс көркемдік-әстетикалык, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
тұйық - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы көліктік байланысты құрайтын аудандық, шағын аудандық, орамдық қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
көше - аудандық маңызы бар магистральды көше, жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
қаланың бөлігі - қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, желекжолдар, көшелер, қысқа көшелер, саябақтар, шағынгүлбақтар, көпірлер мен қаланың басқа да құрамдас бөліктері. Осы Ережеде қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және т.б.) айтылуы мүмкін.
2-бөлім. Елді мекендердің аудандарына, шағын аудандарына, көшелеріне, даңғылдарына және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау) тәртібі
2. Елді мекендердің бөліктерінің атаулары оларды бөлуге және оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
3. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдары тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атын өзгерту туралы мәселелердi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес шешедi.
4. Поселке, село әкiмi тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атын өзгерту мәселелерiн жоғарыда аталған Заңға сәйкес шешедi.
5. Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атын өзгерту мәселелерi ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шешіледі.
6. Елді мекендердің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа, мұндай жағдайларда елді мекендердің бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді.
7. Қала құрылысының бір санаттағы бірнеше бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.
8. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар т.б.) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.
9. Қала аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге бөлуге жол беріледі.
3-бөлім. Елді мекендердің жер учаскелеріне, ғимараттарына және орын-жайларына реттік нөмір беру
10. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, облыс аумақтарында қалыптастыру үшін шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да объектілердің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі тағайындалған.
11. Облыс аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен орын-жайлардың өздерінің бірегей мекен-жайы болуы керек.
12. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік объектілері:
жер учаскелері (игерілген және құрылыс салынған);
ғимараттар;
орын-жайлар болып табылады.
4-бөлім. Реттік нөмірлер беру талаптары
13. Ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, орын-жайлардың жер учаскелерінің реттік нөмірлері-цифрлардың ретімен жасалатын әріптер немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы белгіленетін объектілер мекен-жайларының деректемелері.
14. Әріптер ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, орын-жайлардың реттік нөмірлеріне, егер бір жер учаскесіне екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімі бар немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, орын-жайлар орналасқан (бар болса) болса, әріптер қосылады.
15. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе ғимарат орамның ішінде орналасып, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың бірде бір қасбеті қалалық магистральға шықпаса, онда ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандармен толықтырылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі қабылданады.
16. Ғимараттардың, орын-жайлардың және өзге де жасанды құрылымдардың мекен-жайларына мынадай міндетті деректемелерді: көше атауларын, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, орын-жайлардың реттік нөмірлері кіреді.
17. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелерді: көше атауы, жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекен-жай беріледі.
18. Объект мекен-жайының құрылымы объектінің түрі мен ғимараттың, орын-жайдың, жер учаскесінің орналасқан жерінің географиялық жағдайын анықтайды.
19. Реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері объектінің мекен-жайына қосылуы мүмкін.
20. Шағын аудандар, өндірістік аумақтар, табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғатты қорғау кешенінің белгіленген шекараларындағы объект орналасқан жағдайда объектінің мекен-жайына қосылатын болады.
21. Даңңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектінің нөмірленуі елді мекендерінің көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол тәсімі элементтерінің оңтайлы ұсынуына сәйкес қысқа жолдардың, көшелердің және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекен-жай тәсіміне сәйкес қабылданады.
22. Елді мекендердің көшелері атауларының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және даңғылдардың, көшелерінің, қысқа көшелерінің, алаңдардың атаулары және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай тәсімі электронды түрде құрылады және елді мекендер аумағындағы қала құрылысы объектілерінің және элементтерінің атау, қайта атау туралы, сонымен бірге мұрағат материалдарын пайдалана отырып, мемлекеттік қалақұрылысы тізімдеме негізінде сәулет органдарымен жүргізіледі.
23. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі сәулет органымен алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер учаскесін бөлу туралы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
24. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірін сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланық бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мімкін.
25. Оңтүстіктен солтұстікке қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
26. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
27. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
28. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі қасбеті шығатын болса елді мекен орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі.
29. Елді мекендердің аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Ереженің 36, 37-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.
30. Жер учаскесінің аумағында негізгі ғимарат анықталады, оған сәйкес осы аумақта орналасқан ғимараттар, орын-жайлар нөмірленеді. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген топталымын ескеріп, жүзеге асырылады.
31. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, орын- жайларға, негізгі ғимараттың нөмірі және Ережеге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "Корпус" немесе "құрылым" көрсеткіштері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдаланылуын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
32. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіреберісінен басталады.
33. Жеке және заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілер салған жағдайда әр объектіге корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса сол реттік нөмір беріледі.
34. Тізбектегі нөмірмен нөмірленген екі ғимараттың, құрылымдардың арасында орналасқан ғимараттарды нөмірлеуді осы Ережеге сәйкес тиісті объектінің төменгі нөмірін әріп немесе бөлшек қосып жүргізілуі керек.
35. Дербес объектілердің (ғимараттар, орын-жайлар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір беріледі.
36. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, орын-жайлардың (негізгі ғимарат болмаған жағдайда) реттік нөмірі "құр" көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.
37. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимаратға, орын-жайға нөмір беріледі.
38. Бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, орын-жайлар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, орын-жайдың нөмірі беріледі.
39. Игерілмеген жер учаскесіне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы кажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар және т.б.) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.
40. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, орын-жай салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.
41. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен орын-жайлар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.
42. Осы Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.