Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 121 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1661 болып тіркелген, 2007 жылдың 30 маусымында "Ақ жол" N 107-109 және "Знамя труда" N 73 газеттерінде жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-ші қосымшаның:
3-ші жолында:
"80" деген сан "105" деген санына ауыстырылсын;
"65" деген сан "90" деген санына ауыстырылсын;
14-ші жолында:
"125" деген сан "150" деген санына ауыстырылсын;
"100" деген сан "125" деген санына ауыстырылсын;
25-ші жолында:
"50" деген сан "75" деген санына ауыстырылсын;
"25" деген сан "50" деген санына ауыстырылсын;
төмендегі мазмұндағы 38-ші жолмен толықтырылсын:
38 |
3306002 |
Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, күту және жөндеу |
25 |
25 |
"Жиынтығы" жолында:
"1411" деген сан "1511" деген санына ауыстырылсын;
"1151" деген сан "1251" деген санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.І. Ақсақаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б. Жексембин