Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.01.2014 № 2 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бюджеттен несиелеу Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2006 жылғы 29 маусымдағы N 167 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1643 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 тамыздағы N 133-135 "Ақ жол" және N 128 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) осы қаулының кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" N 110 қаулысына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" N 225 қаулысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін облыстық бюджеттік несиелеу Ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша ""Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына" деген сөздер ""Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 тармақта "бюджеттiк кредит мерзiмi өтеуге дейiнгі мерзiммен тең" деген сөздер "бюджеттiк кредит мерзiмiне сәйкес келетiн айналыс мерзiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5. Қарыз алушы банк белгiлеген түпкi қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшерi осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес белгiленген екi еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиiс".
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімінің
міндетін атқарушы А. Савченко