Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін облыстық бюджеттен несиелеу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық Әкімиятының 2006 жылғы 29 маусымындағы N 167 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 08 тамызда N 1643 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.01.2014 № 2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 172 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" N 225 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 205 қаулысымен.

      1. Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бюджеттен несиелеу үшін қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
      
      Облыс Әкімі                                Б. Жексембин

Жамбыл облысы әкімиятының
2006 жылғы 29 маусымдағы
N 167 қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін облыстық
бюджеттік несиелеу Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже ауыл шаруашылығы жобаларын облыстық бюджеттен бюджеттік несиелеу тәртібін  белгілейді.
      2. Облыстық бюджеттен берілетін қаржы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламалармен анықталған мақсаттарға және сомалар шегінде орта мерзімді кредиттер түрінде бөлінеді.
      3. Ауыл шаруашылығы жобаларын бюджеттік несиелеудің негізгі шарты, кредит алушының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, кредиттік қауіп-қатердің туындауын барынша азайту сондай-ақ кредиттерді осы Ережеде қарастырылған мақсаттарға бағыттау болып табылады.
      4. Бюджеттік кредит бойынша сыйақылар ставкасы бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін айналыс мерзіммен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа өлшемдік ставкасымен тең болып белгіленеді.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 205 қаулысымен.

      5. Қарыз алушы банк белгілеген түпкі қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшері осы Ереженің 4-тармағына сәйкес белгіленген екі еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалды - Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 205 қаулысымен.

      6. Қарыз алушы - банктерді іріктеуді "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес конкурстық комиссия жүзеге асырады.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 205 қаулысымен.

2. Бюджеттік кредиттің бағыттары

      7. Жергілікті кіші және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету шаралары шеңберінде кредит ресурстары негізгі және айналым қорларын толықтыруға, ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіруге және оларды сатуға бөлінеді.
      8. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалар - резиденттер болып табылатын соңғы несие алушылардың ауыл шаруашылық жобалары мынадай өлшемдері басшылыққа алына отырып, кредит беруге қабылданады:
      1) жобаның импортты алмастырушы бағыты;
      2) жобаның тиімділігі.

3. Жобаларды қарау реті

      9. Кредит ресурстарын алуға талапкерлер болатын, ауыл шаруашылығының жобаларын облыс әкімиятымен белгіленген уәкілетті атқарушы органына - бюджеттік бағдарламаның Әкімшісіне ұсынады.
      Бюджеттік бағдарламаның Әкімшісі шаруашылық субъектілерінің ұсынған жобаларын қарағаннан кейін, жобаны кредит беруші банктерге жолдайды.
      10. Жобаны кешенді сараптауды қарыз алушы - банк жүзеге асырады.
      Қарыз алушы банктер өздерінің тағайындалған бюджеттік бағдарламасына және ішкі несие беру саясатына сәйкес соңғы несие алушылардың ұсыныстарын төмендегі жолдар арқылы сараптап іріктейді: соңғы несие алушылардың төлем мүмкіндіктері мен бюджет несиелерін өтемеу тәуекелдерінің дәрежесін талдау, техника-экономикалық және жобаның қаржылық көрсеткіштерін талдау, кредиттерді өтеудің көздері мен қамтамасыз етілуін тексеру.
      11. Тапсырылған жобаларға жүргізілген сараптаулардың нәтижелері бойынша, қарыз алушы - банк бюджеттік бағдарламаның Әкімшісіне ауыл шаруашылығының жобаларын кредиттеу немесе кері қайтару туралы мәліметтерін  жолдайды.

4. Бюджет кредиттерін өтеу тәртібі және қызмет көрсету

      12. Бюджеттік кредиттерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сай жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 205 қаулысымен.

5. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау

      13. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сай жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 205 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады