Қарағанды облысы Шет ауданының әкімшілік - аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 27/06 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының IІI сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 49 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 14 қаңтарда N 1838 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі мен мәслихаты ұсынған бірлескен қаулы мен шешімді қарастырып, Қарағанды облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысының Шет ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Жоғарғы Қайрақты кенті және Ақбұлақ ауылдық (селолық) округі әкімшілік-аумақтық бірліктері таратылсын және есепті деректерден шығарылсын;

      2) Таратылған Ақбұлақ ауылдық (селолық) округі Ақжал мен Мойынты кенттерінің бағынысына берілсін және олардың шекараларына өзгерістер енгізілсін.

      3) Төменгі Қайрақты кенті Тағылы ауылдық (селолық) округінің әкімшілік бағынысынан шығарылсын және шекарасына өзгеріс енгізілсін;

      4) Жоғарғы Қайрақты және Төменгі Қайрақты кенттері елді мекендер санатына жатқызылып, оларға ауыл (село) мәртебесі берілсін;

      5) Жоғарғы Қайрақты және Төменгі Қайрақты кенттерінің негізінде Төменгі Қайрақты ауылдық (селолық) округі құрылсын, әкімшілік орталығы болып Төменгі Қайрақты ауылы (селосы) белгіленсін, есепті деректерге енгізілсін және тіркелсін;

      6) Мойынты кентінің әкімшілік бағынысынан Киікті кенті, Арқарлы және Ақшағыл елді мекендері шығарылсын және шекарасына өзгеріс енгізілсін;

      7) Шет ауданы Киікті ауылдық (селолық) округі құрылсын және оның әкімшілік бағынысына Арқарлы мен Ақшағыл елді мекендері енгізілсін, әкімшілік орталығы болып Киікті ауылы (селосы) белгіленсін, есепті деректерге енгізілсін және тіркелсін.

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Х. Мұсатаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.М. Әдекеновке жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Қарағанды облысының әкімі


Сессия төрағасы,


облыстық мәслихаттың хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады