Қарағанды облысының кейбір ауылдық елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 5 қарашадағы N 23/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының IІI сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 50 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 14 қаңтарда N 1840 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Жезқазған қаласы мен Шет ауданының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдерін ескере келе Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысының келесі ауылдық елді мекендері:

      Жезқазған қаласы бойынша:

      "Промышленный" бөлімшесі Қорғанбай ауылы болып;

      2) Шет ауданы бойынша:

      Қызылтау ауылдық округі Кәрім Мыңбаев ауылдық округі болып қайта аталсын.

      2. Осы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Е. Базарбаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. Әдекенов).

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Қарағанды облысының әкімі


Сессия төрағасы,


облыстық мәслихатының хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады