Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.12.19 N 115 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен және "Даңқ" орденінің І және ІІ дәрежесімен марапатталған азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша 26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
2. Уәкілетті орган болып табылатын "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім):
1) Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен және "Даңқ" орденінің І және ІІ дәрежесімен марапатталған азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша біржолғы материалдық көмектің, уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
2) біржолғы материалдық көмекті алуға құқығы бар тұлғалар белгіленген тәртіп бойынша тұлғаның белгілі бір санатқа жататындығын растайтын құжатқа сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш тапсырады;
3) біржолғы материалдық көмек сомасы банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы есеп-шоттарға аударылады;
4) материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Майра Мәжікенқызы Оспанова).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ІІІ шақырылған қалалық
мәслихаттың кезекті XLV
сессиясының төрайымы М. Оспанова
Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов